29 желтоқсанда Әділет департаментінде кезекті алқа отырысында, «Ф-1 арыздарыны бойынша Әділет департаментінің жұмыс жағдайы», «Құжаттандыру және халықты тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің іске асырылуы бойынша жұмыс жағдайы туралы», «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі туралы, сонымен қатар, «Қостанай облысы Әділет департаментінің веб-сайтына Әділет басқармалары жолдаған ақпараттардың тақырыбы мен саны және үкіметтік емес ұйымдармен бірге өткізілген іс-шаралар туралы» сұрақтар қарастырылды.
Бұдан басқа, алқа отырысында заңды тұлғалар үшін бизнес сәйкестендіру нөмірлерін иелендіруге аса назар аударылған еді. Атап айтатын болсақ, Әулиекөл, Амангелді, Қарабалық, Федоров және Мендіқара аудандарында БСН-нің берілу көрсеткіші төмен. Ал Қостанай, Алтынсарин және Ұзынкөл аудандары халық арасында жақсы құқықтүсіндірушілік жұмысты өткізген үшін, БСН көрсеткіші көбейген.
Құжаттандыру және халықты тіркеу бөлімінің бастығы С.Ш. Нұртазин атап өткендей, 2008 жылдың 11 айы аралығында ф-1 арыздарымен рәсімделіп - 15468 азамат төлқұжатпен (2007 жылдың 11 айы аралығында – 16830), 69490 – жеке куәліктермен (2007 жылдың 11 айы аралығында – 60407) қамтамасыздандырылған.
Ф-1 арыздарының қозғалысы бойынша жұмыс жағдайының талдауы көрсеткендей, 11 ай ішінде Қостанай облысы аудандық, қалалық Әділет басқармаларына - 90536 ф-1 арыз қайтарылған, қателерді жою және түзеу үшін – 2109 ф-1.
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бастығының м.а. Г.Т.Даутова «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі» туралы баяндама ұсынды. Аталмыш баяндамада, ұлттық идентификациялық тізімдердің енгізілуі, яғни бірегей ақпараттарды тіркеу жүйесіне көшу жайында айтылды. Азаматтың туған кезінде берілген нөмір, онымен өмір бойы болады. Осылай, 2008 жылдың басынан бастап, ЖСН құрастырылған 11,957 туу туралы куәліктер берілді. Жалпы айтқанда, азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде айтарлықтай қиындықтар тумайды.
«Қостанай облысы Әділет департаментінің веб-сайтына Әділет басқармалары жолдаған ақпараттардың тақырыбы мен саны және үкіметтік емес ұйымдармен бірге өткізілген іс-шаралар туралы» құқықтық жұмысын түсіндіру және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің бастығы С.Н. Жоламанова баяндады. Салтанат Жоламанова, әділет органдары үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық көмек көрсету жайында айтып, сонымен қатар, Әділет департаментінің веб-сайтына жиі ақпарат ұсынатын Сарыкөл, Қарабалық, Федоров, Ұзұнкөл, Таран аудандарының әділет басқармалары атап өтілді.
Негізінен, Әділет департаментінің алдында қойылған міндеттер орындалды.
Қостанай облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі.