Әділет министрлері

22-12-2008

Әділет министрлері

ОРАЗҒАЛИ БОРАЕВ

1898 жылдың 25 желтоқсанында Қазалы уезіндегі Заңғар болысының № 2 аулында дүниеге келген. Қазақтаға арналған орыс мектебін бітіріп, 1918 жылдың соңында Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын курсқа түседі. Мұндағы оқуын тамамдаған О. Бораев Қазалы қаласына оралып, мектепке мұғалімдікке орналасады. Кейін халық ағарту бөлімінде балалар коммунасының нұсқаушысы болып істейді.