АХАЖ қызметі

03-04-2009

Азаматтық хал актілерін жазу органдарында баланың тууын тіркеу тәртібі

   Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар (одан әрі қарай – АХАЖ органдары) баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
   Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының немесе олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акті жазбасында баланың тууын тіркеген жер көрсетіледі.
 
14-03-2009

2009 жылы Тараз қаласында үш бірдей сәби дүниенің есігін ашты

Жамбыл облысының тұрғындары 2009 жаңа жыл мерекесін откізіп болған кезде , Жадеевтардың отбасыларына тағы бір қуанышты хабар келді.
2009 жылдың 15 қаңтарында О.Жадеева үш бірдей ұлды дүниеге әкелді. Бұндай қуанышты сәтте Жадеевтардың отбасыларын Жамбыл облысының Әділет департаментінің АХАТ бөлімінің бастығы К.А.Байхожа өзі барып құтықтады. 2009 жылдың 11 ақпанында Жадеев Руслан Андреевичтің, Игорь Андреевичтің, Олег Андреевичтің тіркеу рәсімі салтанатты түрде өтіп, өмірдегі алғашқы құжаттары   ата-анасына ұсынылды.

 
13-03-2009

АХАЖ жұмысы бойынша семинар – кеңес

Жамбыл облысы Әділет департаменті 2009 жылдың 12 ақпаныда Жамбыл облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу және табиғи қозғалысын толық және уақытылы қамтамасыз ету бойынша, аудандық /қалалық/ Әділет басқармаларының 2008 жылы атқарған АХАЖ қызметінің жұмыс туралы семинар - кеңес өткізді.

 
23-01-2009

Информация с ЗАГС

За 2008 год в целом по республике в органы юстиции поступилс 9543 заявления по вопросам апостилирования ( за аналогичный периос 2007 г.- 9341% на основании которых апостилировано 24443 документов (в 2007г.-23443\ в т.ч. выданных органами ЗАГС - 6603 (в 2007г.-7610) нотариусами - 17757 ( в 2007г. - 15741) и другими госорганами - 83 {в 2007г.-92).
В сравнении с прошлым годом наблюдается увеличение количестве апостилированных документов по республике на 4% или 1000 документов .

 
18-12-2007

Енді ОҚО-да туу және неке қию туралы куәліктер компьютердің көмегімен рәсімделеді

Шымкентте Тәуелсіздік күні қарсаңында АХАЖ жүйесі қызметкерлері үшін облыстық семинар өтті. Қалалық және аудандық бөлімдердің қызметкерлері туу және неке қию туралы куәліктерді компьютердің көмегімен рәсімдеуді үйреніп жатыр.
Еліміздің әділет министрлігі тамыздан бастап балалардың туу туралы куәліктері мен неке қию куәліктерін электрондық рәсімдеуге өткен болатын. Сондықтан әділеттің облыстық департаменті АХАЖ-дың барлық бөлімдері қызметкерлерінің жаңа бағдарламаны игеруі жөнінде семинар өткізуде.