Мемлекеттік тіл – мәртебең

04-11-2009

Асқақтатам абыройын ана тілдің!

        Адамзат мәдениетінің негізі - тілде. Кез келген ұлттың ең басты ерекшелігі оның ана тілінде жатыр. Ұлттың жаны мен жүрегі, ары мен ұяты, қазына байлығы мен атақ абыройы да тілге байланысты екендігі баршаға аян. Тіл ұлттық, мәдениеттің басты белгісі деп танығанымызбен, оны  қорғауымыз қажеттілігін әлі күнге дейін түсініп болмаған сияқтымыз. 

 
19-10-2009

Байқау қорытындыланып жеңімпаз командалар ҚР Әділет министрінің алғыс хатымен марапатталды

 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1246 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 25-тармағын орындау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту мақсатында 2009 жылғы қырқүйек айында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда қызмет істейтін мамандар арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» республикалық байқауы өтті.

 
14-09-2009

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

      Әрбір жүрегі елім деп соққан адамның өзінің халқына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Ұлттық санасы ояу ғана адамның өз елінің шын жанашыры екені белгілі. Халқымыздың халықтығының басты белгісі – тілі болса, оның көркеюі үшін әлі де талай жұмыстар жасалуы қажет.   
 
16-04-2009

Қазақстанның болашағы –Қазақ тілінде.

Ал,екінші бағытым-тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім!
                             М.Мақатаев.