Мақалалар

16-03-2009

«Қазақтың қазақтылығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі» айлығының қорытындысы туралы ақпарат

  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде 2009 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 наурызға дейінгі аралықта «Қазақтың қазақтылығының басты белгісі – қазақша сөйлеуі» атты айлық өткізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 14/39-109 нұсқауына сәйкес 2009 жылдың 23 қаңтарында Академияда өткізілетін айлықтың іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді.
  Айлық жоспарында 17 тармақтан тұратын нақты шаралар белгіленді.
 
21-01-2009

Ақпарат

2008 жылы мемлекеттік тіркеуді жүргізуде халықтың шығармашылық қатарында және зияткерлік меншік объектілерін қолданатын субъектілерінде заңдық хабардарлығы және құқықтық сауаттылықтың артуы байқалады. Оны Комитетке авторлық құқықтарды және лицензиялық шарттарды тіркеу үшін келіп түсетін азаматтар өтініштерінің өсуі куәландырады.
Мемлекеттік тіркеу куәлігін берумен туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға 1401 лицензиялық шарт тіркелді,  бұл 2007 жылға (2007 жылы – 744) қарағанда  47% көп,  зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы 581 куәлік берілді (2007 жылы - 590)

 
23-12-2008

«Өз ісінің маманы» атағы үшін сайыс өткізілді.

Шығыс – Қазақстан облысының түзеу мекемелеріне жұмыс істейтін кәсіптік мектептерде оқитын сотталғандар арасында «Өз ісінің маманы» атағы үшін сайыс өткізілді.
ШҚО бойынша ҚАЖ комитеті басқармасы комисиясымен сайыскерлер келесі өлшемдер бойынша бағаланды:

 

 
22-12-2008

АХАЖ бөлімдері: атқарылған жұмыс есебі

Республика бойынша АХАЖ бөлімдерімен ағымдағы жылдың 9 айында: 270300 бала туылғаны, 97549 неке қию, 26208 некені бұзу, 115659 қайтыс болғандар, 39388 әке тану,  2986 балаларды асырап алу, 6158 тегі, аты, әкелерінің аттарын өзгерту жөнінде актілері тіркеліп  және 163844738 тенге мемлекеттік баж өндірілді. 

 
15-12-2008

Баспасөз релизі

2008 жылғы 27-28 қарашада Брюссель қаласында өткен «Үстемдікті нығайту жөніндегі  Еуропалық Одақ Бастамасын жүзеге асыру ісіндегі басымдықтар. Құқықтың үстемдігі – дамудың басты негізі» тақырыбындағы  ЕО мен ОА әділет министрлері кеңесінің шеңберінде Германия Әділет министрі Б.Циприс ханыммен уағдаластыққа қол жеткізілді. Осындай уағдаластыққа Чехия, Румыния және Болгария Әділет министрлерімен де қол жеткізілді. 27 қарашада тиісті келісім Қазақстан Республикасының Әділет министрі мен Франция Әділет министрімен жасалды.

 
21-11-2008

АХАЖ саласында атқарылған жұмыстар

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек комитетінде (бұдан әрі - Комитет) өткізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты, екі бөлімнің қосылу нәтижесінде құрылған Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу жұмысын ұйымдастыру басқармасының негізгі міндеттері аумақтақ әділет органдарының азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

 
03-11-2008

Жаңа замандық жаңа төлқұжат

Жаңа технологияларды дамыту, оны халық игілігіне жарату - әлем елдерінің алға қойған бірден-бір мақсаты. Осыған орай біздер қазір электрондандырылған жүйелерге жайлап қол жеткізіп келеміз. Соның бірі – жеке басты куәландыратын төлқұжаттың электронды түрі. Осыған байланысты Қызылорда облысының әділет департаменті «Биометрлік төлқұжаттар» бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Жаңа төлқұжаттың қыр-сырымен таныстарған департаменттің азаматтарды құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бастығы Еркін Аяпов: бұл құжат Еуропалық жаңа стильге жатады, - деді.

 
20-03-2008

Баспасөз хабарламасы

2008 жылғы 6 ақпанда Әділет министрі З.Балиеваның төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 13 отырысы өтті.

 
22-01-2008

Әділет министрлігінің ҚАЖ Комитетінде 2007 жылғы қызметтің қорытындылары шығарылды

Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде пенитенциарлық жүйенің өткен жылдағы қызметінің қорытындылары шығарылды. 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылғы тәртіптік тәжірибенің талдауы сотталғандардың арасында 1000 адамға есептегенде бұзушылықтар деңгейінің төмендегендігін көрсетті. Қашқан және жазаны өтеуден жалтарған соталғандарды іздестіру 11% көбейді. Колонияларға тыйым салынған заттарды жеткізу талпыныстарының алдын алуға бағытталған жұмыс белсендендірілді. Осы мақсаттарда «Допинг», «Қадағалау» және т.б. сияқты бір қатар жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.

 
09-01-2008

Заңнамалар негізінде сынақ өткізілді

Әділет департаментінде тоқсан сайын арнайы жасақталған жоспарға сәйкес департаменттің қызмет бағытына қатысты және өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын талқылау мақсатында департамент, қалалық, аудандық әділет басқармалары қызметкерлерімен семинар-кеңес, аппараттық оқулар тұрақты өткізіліп тұрады. Өткізілген сабақтар нәтижесі негізінде қызметкерлер арасында сынақтар ұйымдастырып тұру да тәжірибеге енгізілуде.

 
24-12-2007

16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты атқарылған іс-шаралар

Қызылорда облысының Әділет департаменті 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті.
Жоспарға сай, 08 желтоқсан күні «Тәуелсіздігің – тұғырың, егемендігің - елдігің» атты тақырыпта салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынға Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар, ұлттық-мәдени орталықтардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және әділет органдарының ардагерлері шақырылып, тәуелсіздікке және желтоқсан оқиғасына байланысты әдебиеттер мен баспасөздерден жинақталған көрме ұйымдастырылды.

 
08-08-2007

2007 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының кесімдер мониторингінің нәтижелері туралы ақпарат

2007 жылғы 1 жартыжылдығының нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілеріне жүргізілген мониторингінің нәтижелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының берген ақпаратына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі талдау жасады.
Талдау көрсеткені, әкім, әкімдік және мәслихаттардың нормативтік құқықтық актілерінің тізіліміне қазіргі уақытта (өзгерту мен толықтыру енгізуді ескермеген жағдайда) мониторинг жүргізуіне қатысты жергілікті мемлекеттік органдардың 5816 актілері енгізілген.

 
08-08-2007

Орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық нормативтік құқықтық актілеріне қатысты жүргізілген мониторинг туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысымен бекітілген, Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге мониторинг жүргiзу ережесiнің талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы мемлекеттік органдар жолдаған ақпараттарына талдау жүргізді.
Бұрын анықталған сәйкестендіруді талап еткен нормативтік құқықтық актілерге (осы жылдың 15 қаңтарына) қатысты келесі жұмыс атқарылды.
ККМ – 1 тиімсіз іске асырылатын НҚА (өзерістер мен толықтырулар енгізілді;

 
03-08-2007

Заңға тәуелді актілерге 2007 жылғы бірінші жартыжылдықта жүргізілген мониторингтің нәтижесі туралы ақпарат

ҚР Әділет министрлігі 2007 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Үкімет актілеріне жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратқа талдау жүргізді.
Ұсынылған ақпараттың талдауында жүргізілген мониторингке қатысты Үкімет актілерінің тізілімінде осы уақытқа дейін мемлекеттік органдардан 2098 Үкімет қаулысы енгізілгені (өзгерістер мен толықтырулар енгізуді есептемегенде) көрсетті.
Мониторингті жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар заңнамаға қайшы келетін тиімсіз іске асырылған не ескірген Үкімет қаулысының 134 анықталды.

 
27-07-2007

Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің құқық түсіндіру бөлімінің жұмысы туралы

Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру Комитетінің басты мақсаттарының бірі – Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен 2005-2007 жылдардағы азаматтар арасында құқықтық оқыту жұмыс бағдарламасын іске асыру.

 
20-07-2007

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы

Жамбыл облысының Әділет департаментінде және аудандық (қалалық) Әділет басқармаларында азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, арыз - шағымдарын қарау Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 27 қарашасындағы «Әкімшілік рәсімдеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы 2007 жылдың 12 қантардағы №221 «Жеке жэне заңды түлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына жэне басқа да нормативтік қүқықтық актілерге қатаң сәйкестендіріліп жүргізілуде.

 
16-07-2007

Әділет министрлігінің 2007 жылдың 1-жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауы туралы ақпарат

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Әділет министрінің тоқсан сайынғы бекітілген азаматтарды қабылдау туралы кестесіне байланысты есептік кезеңде Әділет министрімен айына 1 рет, Әділет вице-министрлерімен айына 2 рет азаматтар қабылданады.
Азаматтарды қабылдау туралы бекітілген күндер мен сағаттар, азаматтардың назарына республикалық «Юридическая газета» және «Заң» басылымдары арқылы және Министрліктің веб-сайты арқылы жеткізіледі.

 
21-06-2007

Ақтоғайдағы жағымды жаналық

Елбасының биылғы Жолдауы өзінің жаңа бастамашылығымен ерекшеленуде. Жолдауда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды орнату үшін негізгі он міндет сараланған. Жолдаудың екінші бөлімінде Жаңа Қазақстанды орнату жолында ұсынылған осы міндеттен туындаған, ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты айқындалған. Он үшінші бағытта айтылған «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Ақтоғай ауданында елеулі жұмыстар атқарылып отыр.