Заң шығару жұмысының сапасы

30-01-2008

"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы

Жоба
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы ғылыми білім – ғылым жетістіктеріне негізделген және сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті осы ғылым зерттеутін құбылыстардың заңдылығын көрсету, себептері мен өзара байланысын анықтау үшін пайдаланылатын арнайы білім;

 
30-01-2008

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Заң жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпан айындағы № 78 Қаулысымен бекітілген Үкіметтің 2007 жылға арналған заң жобалар жұмыстары жоспарына сәйкес және осыған байланысты шығарылған Әділет министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасындағы сот – сараптама қызметі туралы» Заң жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) жасау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылып, оның құрамдық тізімі бекітілген.