ҚР ӘМ ҚАЖК баспасөз-қызметі ақпараты

13-04-2009

Ұлт мұраты - өсу

Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.
                                               (Қазақстан Республикасының Президенті
 
16-03-2009

ҚАЖ Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасына қарасты КА-168/3 мекемесінде тәрбиеленушілер арасында Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлескен «Менің құқығым- міндетім» атты дөңгелек үстел өткізілді.

   ҚАЖ Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасына қарасты КА-168/3 мекемесінде 2009 жылдың 26 ақпан күні «Тәрбиеленушілердің міндеттері мен құқықтары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Ондағы мақсатымыз мекеме тәрбиеленушілерінің міндеттері мен құқықтары жөніндегі білімдерін кеңейтіп, толықтыру еді.
 
10-03-2009

Ерлігімен танылған азамат Ауған жері талай азаматтың өмірін алды

   Ауғанстандағы әскери қимылдарға қатысқан жас жігіттердің интернационалдық парызын өтегеніне биыл 20 жыл толыпты. Ауған жеріндегі ұрыс қимылдарынан бірі қайтса бірі қайтпады. 1989 жылдың 15 ақпаны – Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні. Әкелеріміздің, достарымыздың, жас жігіттеріміздің өмірін қиып кеткен соғыстағы бұл ерекше күн болды.
 
10-03-2009

Өндіріс өнімдері өтімді болса

   Жақында Степногорск қаласында ҚАЖ комитеті Ақмола облысы бойынша басқармасына бағынысты ЕЦ-166/18 мекемесінің аумағында орналасқан «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Астана» филиалы жұмысының ұйымдастырылуын зерделеу мақсатында Республикалық семинар-кеңес өткізілді.
 
09-02-2009

Елмен етене араласып атқарған іс нәтижелі

   Қоғамды алға дамыту үшін адам баласы өз қажетін күнделікті өмірде жүзеге асырып, оның пайдалы жағын атқарар қызметіне жаратып жатады. Ол құба-құп дүние. Ал тағдыр тауқыметімен қиындыққа ұрынған жандардың оның ішінде сот үкімімен белгілі бір жазаға тартылған азаматтарға ақыл-кеңес беріп,тәрбиелеп, олардың өмірден өз орнын табуына қол үшін беру әр қызметкердің міндеті. Осы бағытта Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының Индер аудандық қылмыстық атқару инспекциясы өзіне тиесілі жұмыстарды атқарып келеді.
 
09-02-2009

Екі мақсатты ұштастырып келеміз

   Қоғам болғандықтан, оны құрайтын қарапайым халықтың арасынан аяғын шалыс басып, түзу жолдан таятын адамдар кездесетіні түсінікті жай. Осы адамдарды тәрбиелеп, түзу жолға түсіру – барлық түзеу мекемелерінің басты мақсаты. Біздің ЕЦ-166/11 түзеу мекемесі - жазасын өтеушілерді тәрбиелеп қана қоймай, туберкулез дертінен айықтыратын мекеме. Жалпы аталмыш мекеме 1975 жылы қатаң режімдегі жазасын өтеушілерге арналған мекеме болып ашылса, 1995 жылдан бері туберкулезге қарсы ЕЦ-166/11 мекемесі деп аталып келеді.
 
19-01-2009

Петропавл қаласының тұрғынынан есірткі тәркіленді

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасына қарасты ЕС-164/3 (Заречный ауылы, жалпы режім) түзеу мекемесінің қысқа мерзімді кездесу бөлмесінде осы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанға кездесуге келген Петропавл қаласының тұрғыны, азаматша Р. ұсталды. Аталған азаматшаны тінту тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ішкі киімінен жылтыр қапқа салынған жасыл түсті және ақ түсті ұнтақ табылды. Оқиға болған жерге Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері шақырылып жедел-із кесушілік жұмыстары жасалды. Сараптама қорытындысы бойынша белгісіз ұнтақтардың бірі салмағы 14гр асатын гашиш және 2 грамға жуық героин екені анықталды. Осы сәлемдеме арналған сотталған 1985 жылы туылған, СҚО тұрғыны, 2002 жылы 11 жылға бас бостандығынан айырылған.
Болған жағдай бойынша барлық материалдар жинақталып Ішкі істер басқармасының қарауына өткізілді. Қызметтік тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 
 

 
29-12-2008

Жаңа жыл қарсаңында өткізіліп отырған мерекелік бағдарлама

Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару жүйесін қалыптастыру кезеңінде көптеген мәселелерді шешу көзделген, олардың ішінде  маңызды болып табылатын мәселенің бірі – сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Сотталғандарды қоғам қатарына қосудың бір тәсәлі – тәрбие. Өмірде қателеспейтін жан болмайды. Сондықтан, олардың қайта қылмыс жасамаулары үшін профилактикалық тәрбие жұмыстарын жандандыру өте маңызды.

 
29-10-2008

Республикасы күні Қостанайда.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасында 25 қазан Қазақстан Республикасы күні мемлекетттік мерекесін атап өтуіне орай  мерекелік концерт өткізілді.  Аталған  мерекелік жиында бірқатар қызметкерлер басқарма бастығының бұйрығымен жұмыста көрсеткен жетістіктері, қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін марапатталды. Сонымен қатар, тек қана жеке құрам арасында мерекелік жиындар өткізіліп қана қоймай, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында мерекелік концерттер өткізілді.