Басқа сұрақтар

Вопрос 50944

 

Сұрақ: 1970 жылдан бүрын салынған, 1994 жылы 30 тамызда 3556 теңге 25 тиын деп бағаланған жатақхананы, 2009 жылы жаңадан салынған үйлердің бағасымен қайта бағалауы дұрыс па?
1994 жылғы «Жатақханалар жекелендірілсін» деген Сіздің бұйрығыңызға сәйкес жекешелендірілген, тұрғындардың өз күшімен қалпына келтірілген жатақханамызды бастапқы бағасымен шығаруға септігіңізді тигізуіңізді өтінеміз.
Сұрақ беруші: Тұрмыс жағдайы төмен 90 жанұя.
Мекен жайымыз: Қаскелең қаласы, Зауыт көшесі, 1а үй (бұрыңғы           «Культпросвет» жатақханасы)
 
Автор:Дина
 
Жауап:
Құрметті Дина!
 
Сіздің өтінішіңіздегі мекенжай бойынша «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК-ның мамандары осы мәселе бойынша тексеру жүргізіп, сізге жауап беру үшін жіберілді.   
Сіздің өтінішіңіз бойынша жауапты болып «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК-ның маманы Төлеутаева Күмісжан Төлеутайқызы белгіленген. Байланыс тел. 8 (7272) 98-37-91.
«Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК-ның берген жауабына қанағаттанбаған жағдайда Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз.