Заңнама

14-12-2009

33135(1)

Предлагаю на памятниках расстрелянным в 37-38 годах указывать их фамилии. Такие памятники есть в Астане, Алматы, Актобе. Мой отец тоже был расстрелян. Актулеу Ильясов, Алматы

 
14-12-2009

34749

Шатақ діндердің етек алуы, пайдақорлық, парақорлық бүкіл дүние жүзілік адамзаттың алдында шешуін таппай жатқан мәселелердің бәрінің түп тамыры осы жүрек тазалығының жоқтығында. Оны білмеу де ар ғылымының жоқтығында. Сондықтан әр кәсіпорындарында, мемлекет мекемелерінде, ЖШС терде ар жүректіктің, арлы ақылдың, адал еңбектің идеологиясын игеріліп енгізілуі ауадай қажет. Осы идеологияның бастауы ауылдық аймақтардың гүлденуі мен өркендеуі, бұлақ көздерін ашып, бау бақша жеміс жидектер отырғызылып, отармашылық жандандыру іске асады.
Неше түрлі келеңсіз жағдайлармен негізінде сауатты, іскері, адал азаматтарымыз бағаланбай, арамдықтық, айлакестіктің құрбаны болып, ар намысын сақтау үшін жұмыссыздықта өте үлкен жағдайларда қалып қоюда.
Осы жағдайлар мұқият қаралып, негізінде іс жүзінде мүмкіндігінше жұмысқа мамандығына сай орналасу мәселесі қаралып, сіз қолдасаңыз, нұр үстіне нұр жауар еді.
Қателессем, артық кетсем кешірерсіз.

 
14-12-2009

26350

Құрметті Президент мырза !!!
 Біз, тәжік – ауған соғысы ардагерлері, 1993 – 2000 жылдары аралығында ТМД арасындағы келісім - шартқа байланысты үкіметтің бұйрығымен тәжік – ауған шекарасына ҚР бітімгершілік күштерінің қатарында болып, өздерімізге жүктелген әскери міндеттер мен парызымызды атқарып қайттық. Тәжік – ауған шекарасындағы қақтығыстарда, Қазақстан батальонының құрамында болған бірнеше жауынгер қаза тапты. Атап айтар болсақ, 1995 жылы сәуір айының 7-ші жұлдызында Пшихавр шатқалында тосыннан болған ұрыста 17 боздақ қаза болды, 35 сарбаз туған жеріне мүгедек болып оралды. Қаза болған 17 боздақтың 5-уі Жамбыл облысынан.
 Біз 2006 жылы мамыр айында Жамбыл облысындағы тәжік – ауған шекарасындағы болған жігіттердің басын қосып, Жамбыл облысы тәжік – ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы құрылды.
Ұйынның басты мақсаты: қаза болған боздақтардың жанұясына мүмкіндігінше көңіл бөліп, көмек көрсету, боздақтардың есімін мәнгі өшірмеу мақсатында ескерткіш орнату, саябақтар мен көшелерге боздақтардың есімін беру, жас ұрпақтарға патриоттық сезімін ояту негізінде, жоғарғы және орта білім беру, әскери мекемелерінде кездесулер өткізу, ақпарат жүйесі арқылы жастарды нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы түсіндіру - үгіттеу жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасының өркендету, даму мақсатындағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласу.
Ұйынның атқарған жұмыстары:
- Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қараой ауылында туып, тәжік – ауған шекарасында өз борышын өтеу кезінде ерлікпен қайтыс болған, Қазақстан Республикасының «Жауынгерлік ерлігі үшін» және Тәжікстан Республикасың Президенті Эмомали Рахмоновтың «За отличие в воинской службе» медалімен марапатталған Раимжанов Тахирге арнап, өзі оқыған Айтиев атындағы орта мектепке тақтайша орнатылды.
- Жамбыл облысы Байзақ ауданының Суханбай ауылында туып, тәжік – ауған шекарасында өз борышын өтеу кезінде ерлікпен қайтыс болған, Қазақстан Республикасының «Жауынгерлік ерлігі үшін» және Тәжікстан Республикасың Президенті Эмомали Рахмоновтың «За отличие в воинской службе» медалімен марапатталған Нұрметов Дастанға арнап, өзі оқыған мектепке тақтайша орнатылып, көшенің аты берілді.
- Жамбыл облысы Шу ауданының Төлеби ауылында туып, тәжік – ауған шекарасында өз борышын өтеу кезінде ерлікпен қайтыс болған, Қазақстан Республикасының «Жауынгерлік ерлігі үшін» және Тәжікстан Республикасың Президенті Эмомали Рахмоновтың «За отличие в воинской службе» медалімен марапатталған Байбағысов Ержанға арнап, өзі оқыған мектепке тақтайша орнатылды.
- Жамбыл облысы Талас ауданының Кеңес ауылында туып, тәжік – ауған шекарасында өз борышын өтеу кезінде ерлікпен қайтыс болған, Қазақстан Республикасының «Жауынгерлік ерлігі үшін» және Тәжікстан Республикасың Президенті Эмомали Рахмоновтың «За отличие в воинской службе» медалімен марапатталған Далабаев Бауыржанның есімі Кеңес ауылындағы орталық саябаққа берілді.
- жыл сайын сәуір мамыр айларында Жамбыл облысы бойынша орта мектептер арасында әскери ән және саптық жарыстар, далалық жаттығу алаңында әскери қарулардан атыс тәсілдерін үйрету сабақтарын өткіземіз.
Бірақ біздің бұл ұйым еш жерде заңды түрде тіркелмеген.
 Жамбыл облысының тәжік – ауған соғысы ардагерлерінің атынан Сізге қояр сұрағымыз.
 1. Қазір бізге үкімет тарапынан ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Осыған байланысты қандай ұсыныс айтар едіңіз?
 2. Тәжік – ауған шекарасында болған қақтығыста жарақат алғандарды Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне теңестірген, бірақ бұл жеңілдіктер неге барлығына бірдей қолданылмайды?
3. Тәжік – ауған шекарасында қызметтерін атқарған кезде жарақат алғандардың біразы әлі күнге дейін жеңілдіктер ала алмай жүр. Осыған байланысты қандай ұсыныс айтар едіңіз?
4. Біз Қазақстан батальонының құрамында бардық, бізге жеңілдіктер  беруіңізді сұранамыз, жеңілдік берген жағдайда, бізге қандай жеңілдіктер қарастырылады және кімдерге теңестірілеміз?
5. Ұйымды заңды түрде тіркеу үшін қандай құжаттар қажет және бұған заң орындары рұқсат береме?
 Сізге көрсеткен көмегіңіз үшін алдын ала үлкен рахметімізді айта отырып, осы хатымыз жауапсыз қалмас деп сенеміз.
 
Жамбыл облысының тәжік – ауған соғысы ардагерлерінің тізімі:
1. Сунгибаев Баграт
2. Есенков Александр
3. Вахитов Владислав
4. Чечин Сергей
5. Гильд Юра

 
14-12-2009

10159

Біздің бабаларымыз қазақ руларын жеті атадан бастап бөлетін, қазір рулар тіпті жиырма төрт атаға дейін барды. Мұсылмандық заң бойынша қазақ халқы жетінші руға дейін құдаласпайтын. Халықтың санын көбейту үшін руларға бөліну мәселесін қолға алып, қайтадан қарастырса? Сол үшін Ақсақалдар алқасын құрса?

 
14-12-2009

49673

Парламент босқындар жөнінде заң қабылдап тастады ертен елді босқындар басып қазақ ұлтты жоғалып кетпейме? Неге Парламенттегілер халыкпен ақылдаспайды осы жағдайға аландаймыз осы жағдайды өзініз шешерсіз. Енбегініз жемісті болсын.

 
14-12-2009

64911

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы !
 
     Елдегі тыныштық, тұрақтылық , шет мемлекттермен достық қатынаста болуымыз, елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайының жылдан жылға жақсарып келуі сіздің әуел бастан стратегиялық дұрыс саяси бағыт ұстана білгендігіңіздің арқасы деп түсінеміз. Сол себепті мен өзімнің және жанұямның атынан Сіздің жүргізіп отырған сясатыңызды қолдайтынымызды және еліміз үшін үлкен жауапкершілікті мойныңызға алып, бар күш жігеріңізді , біліміңізді жұмсап, азғантай уақытта мемлекетімізді көптеген жетістіктерге жеткізгеніңіз үшін Сізге үлкен ризашылығымызды білдіргім келеді.
 
      Соңғы кезде жиі көтеріліп жүрген сыбайласжемқорлыққа қарсы күрес, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселелеріде өз уақытында көтеріліп отыр. Өз уақытында дейтін себебім , тіл мәселесіне қатысты,   тәуелсіздік алған жылдары , әрине, тез шешуді қажет ететін бұданда көкейтесті мәселер тұрғанын, көрші Ресей мемлекетімен қатынасымызды, оның үстіне өз мемлектіміздің ішінде әр ұлттың өкілдері тұратынын , олар мен қосылып өз   қандастарымыздың , соның ішінде жас мемлекет үшін ауадай қажет жақсы деген мамандарымыздың дені қазақ тіліне қарағанда орыс тілін жақсы меңгергендіктерін ескеру қажеттігі болғандағын жақсы түсінемін.
      Өкінішке орай, Тіл туралы заңның қабылданғанына он екі жылдай уақыт өтседе,   тіл мәселесіне келгенде көптеген «орысша шенеуніктеріміздің» белсенділік таныта алмай, іс жүзінде ешқандай нәтиже шығара алмай, айтқандарының бәрі сөз жүзінде қалып , сөздің қадірін кетіріп, заңның беделін түсіріп, заңнын орындалуына келгенде оған халықты күдікпен қарайтындай халге жеткізіп отырғандары белгілі.
      Сол себепті, Сізден, тәжірибелі заңгер есебінде менің төмендегі қысқаша білдірген пікірімді ескерсеңіз деп сұраймын.
1. Конституцияға және Тіл туралы, Мемлекетік қызмет туралы т.б тілге қатысты   заңдарға   өзгерістер енгізу (яғни, Конституциямызда қарастырылған 7 бабтың 2 тармағын толықтай алып тастау т.б) жөнінде бастама көтеріп, Парламентте талқыға салуға   ұсыну. Бұл бастама депутаттар тарапынан қолдау табады ғой деп ойлаймын.
2. ҚР Бас прокурорына , тіл комитеті, т.б. құзырлы ұйымдар мен мекемелерге жаңадан қабылданған Тіл туралы заңның қатаң сақталуын қадағалауға тапсырма беру.
3. Заңның сақталмауына байланысты жауапкершілікті барынша күшейту.
4. Барлық мемлекттік ұйымдар, мекемелер, ведомстволарда кадр мәселесін шешуде, соның ішінде саяси қызметкерлергеде қатысты, депутаттық лауазымға үміткерлердің, кандидаттардың тіл туралы заңды сақтай алу мүмкіндіктеріне баса назар аудару.
 
     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге қатысты пікірім.
 1.   Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін , мүмкіндік беретін барлық Заң актілерін қайта талқыға салып, оларға өзгерістер енгізу. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқ бұзушылық түрлері әсіресе құқық қорғау саласында , белгілі бір қызметпен айналысуға рұқсат, лицензия беретін, тендр өткізетін мемлекттік ұйымдармен мекемелерде, әсіресе жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік қызметке мамандар қабылдау үшін конкурстар өткізуде барлық мемлекеттік ұйымдармен   мекемелерде, медицина , білім беру т.б салаларында көбрек орын алып отыр.
Сол себепті, 2,   кез келген конкурс, тендр, барынша жариялы болса, интернет , ақпарат беттерінде онда қатысқан үміткерлер саны, үміткерлерге қойылған сұрақтар, олардың жауаптары, жасақталған протоколдар, конкурсқа табыс етілген құжаттардың тізімі, көшірмелері, мазмұны жария етілсе, ал мүмкіндігінше осының бәрін тікелей бақылай алу мүмкіндігін жасау.
3. Оларды өткізу барысында құрамы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Прокуратура, Қаржы полициясы, БАҚ өкілдерінен т.б. Қазақстанның әр өңірінің тәуелсіз мамандарынан құралған бақылаушылар қатыстыру және олардың құрамы ауыспалы, бір-бірін танымайтын, сондай-ақ конкурс немесе тендр өткізетін органға , мекемеге алдын-ала белгісіз болуы көптеген заң бұзушылықтың алдын аларма еді деген пікірім бар және бұндай тәжірибені, заңмен қарастырылған шектеулерді сақтай отырып сот мәжілістерінде, оқу орындарына түсу және ондағы сессия аралық емтихандар тапсыру барысында жетілдіруді қарастыру көбірек нәтиже бередіғой деп ойлаймын.
Сізге хат жолдауымның тағы бір себебі, өзіңіздің жалпы философиялық, дінге көзқарасыңызды қысқаша болсада білдірсеңіз немесе сіздің бұл бағыттағы көзқарасыңыз қай философтың , ойшылдың, дінтанушының көзқарасымен көбірек сәйкес келетінін білгім келгені еді.
     Соңғы халықпен тікелей эфирде жүздесуіңізде, бір көрерменнің «қандай кітаптар оқисыз, қалай таңдайсыз ? » деген сауалына: «маған көмекшілерім таңдап береді, қазір филосов, ойшыл Сенеканың еңбектерін оқып жатырмын, өте қызықты кітап» - деп жауап қайтарған болатынсыз. Сізден кейін Луций Анней Сенека жөнінде менде оқыған едім, мағанда өте ұнады. Алдағы уақыттада сіздің оқып жатырған кітаптарыңызды көмекшілеріңіз интернетте жариялап отырса деген тағы бір өтінішім бар.
 
Хат иесі
Астана қаласы,
Қабанбай батыр даңғылы 5\1 үй,   80 пәтер
тұрғыны   Исатай Конай
Ұялы тел. 8 701 767 34 34
Үй тел. 50-91-68
Электронды почта:    Isatai.Konai@gmail.com

 
14-12-2009

8702

, Ермек Кундаков

         Уважаемый Президент! Почему отменили государственный праздник - День Республики?
         По-моему, это было ошибочное решение, так как в истории любого государства Декларация принимается только один раз. По-моему, День Республики выше по значимости с Днем Независимости, так как 16 декабря 1991 года был принят только Конституционный Закон, лишь подтвердивший наш суверенитет.
Прошу Вас рассмотреть вопрос о пересмотре ошибочного решения, тем более принятого без широкого обсуждения с народом.

 
14-12-2009

7721

 автор – Жанна Бектай
2009 жылдан бастап елімізде Республика күні енді тойланбайды. Неге? Еліміздің егемендігін жария еткен күні жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық сезімін одан ары арттыруы үшін бұл мерекенің үлесі зор еді. Жастар арасында бұл өте маңызды мереке болған. Жарайды, Науырызды енді үш күн қатарынан тойлайтын боламыз, шілдеде Астана күнін мерекелейміз, дегенмен Республика күнді алып тастағаны өте өкінішті. Патриоттық рухын көтеретін мерекелер сәл-ақ, – Конституция күні мен Тәуелсіздік күні. Тағы бір патриоттық маңызы бар мереке артық болмайды деп ойлаймын. Республика Күнін мемлекеттің ресми мерекелер қатарына қайта еңгізуіңізді өтінемін.
Рахмет.Ізгі ниетппен, Жанна Бектай

 
14-12-2009

7561

автор – Рустам

Добрый день уважаемый Нурсултан Абишевич!
Хочу вам сказать, что все мы, казахстанцы, Вами очень гордимся! И мы очень рады, что именно Вам выпала доля все эти годы управлять нашей огромной страной!
Мне бы очень хотелось у Вас узнать, что у нас в стране делается для установления в нашей стране многопартийной власти. Мне лично хотелось бы в Парламенте как и Правительстве присутствовали разные мнения. Что бы учитывались голоса большинства!
И чтобы весь этот процесс регулировался Конституцией, Законом.
Так как мы светское, демократическое государство, я лично хотел иметь возможность выбора между двумя мощными партиями. Одна уже есть. Это Ваша партия, уважаемый Президент.
Благодарю за внимание!!

 
14-12-2009

5632

Рох Тамара Михайловна
Я являюсь жительницей Балхаша. У меня все документы на руках, но юридически я не существую в Казахстане. Что мне делать? Где защита прав человека?

 
14-12-2009

4008

Талхамбаев Аскар
О выборах акимов городов и районов

 
14-12-2009

1173

автор – Қалдыбай Дисәлі
Қазақстан Республикасы деген мемлекетіміздің атауын Қазақ Республикасы немесе Қазақ Елі деп өзгертсе дұрыс болар еді. Осыған қалай қарайсыз

 
14-12-2009

177

, автор – Ерлан Ахмеди
Ассалаумағалейкүм,Құрметті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ!Мен Көкшетау Университетінің 2 курс студентімін.Аты-жөнім Ерлан Ахмеди.Құрметті Елбасы мырза менде Сізге бірнеше көкейімде жүрген сұрағым бар еді,олар мынадай:-Сіз 2012 жылы болатын президенттік сайлауға қатысасыз ба?
-Сіз қалай ойлайсыз,егер біз мемлекеттің атауын Қазақстаннан Қазақияға ауыстырып,барлық тұрғындарымызды қазақ деп атасақ,дұрыс бола ма?Сіз колдайсыз ба? (мен өз жеке басым қолдаймын).
-Кезінде Түрк Ұлы Ұлттық Мәжілісі Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемелге,АТАТҮРК деген ат берген болатын,ал менің бір ұсынысымды,сізді ҰЛЫ НҰРСҰЛТАН АТА немесе НҰРСҰЛТАН АТА деп атауға қолдайсыз ба?Өйткені сіз біздер жастар үшін Үлкен Атасыз!
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!Сізге зор денсаулық,ұзақ өмір тілеймін!Алла жазса сіздің жасаған Ұлы еңбектеріңіз ақталсын, Қазақ мемлекеті Ұлы Державаға айналсын!Сізге мың да бір Рахмет!

 
12-12-2009

52447

 

Ассаламағалейкум Нүрсүлтан Абішұлы! Босқындар туралы шығарған заңға қарсымын, өзінін отанынан қиыншылық заманда қашқандардын, келешекте біздін отанға көмегі тиеріне күмәнмен қараймын. Бүл заңға қолыңызды қоймауңызды сұраймын!
 
12-12-2009

45383

 

Жумабаева Диана, SMS
Мемлекет тәуелсiздiгiнiң мәнгi болуы неге байланысты деп ойлайсыз. Жумабаева Диана, 10-сынып оқушысы.
 
12-12-2009

45109

 

45109 автор – SMS
Ассалаумағлейкум Қазакстан Президенті Нурсултан Назарбаев Абишулы. Откенде теледидардан корген едим еркек пен айелдин кукугы тендесуи ушун жиналис болды. Курметти Президент сиз буган калай карайсиз?
 
12-12-2009

34071

 

Kyрметтi Нyреке! Сiзге сауал коимакшы едiм, бiз кай yақытта аyыл боламыз?
 
12-12-2009

26300

 

26300 автор - Сулейменов Бакыт
Мамырдың бірінші жексенбісін аналар куні, ал желтоксаннын бірінші жексенбісін әкелер күні деп белгілесек деген өтінішім бар.
 
12-12-2009

63861

 

 
63861, автор - Жақсылықова Айбала
Сәлеметсіз бе НҰРСҰЛТАН аға! Мен Шымкент облысы, Кентау қаласынан xабарласып тұрмын.Атым Жақсылықова Айбала. 14жастамын.
Сұрағым:
1) отбасына қатысты Қазакстанның демографиялық саясатының мәні неде?
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңының қандай маңызы бар?
3) мемлекеттік қызметкерлерге қандай азаматтар жатады?
4) Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын қызметі қандай?
 
12-12-2009

12005

 

Менің жасым он екіде. 25 қазан Республика күні неге тойланбай қалды?