Сұрақтар:
Құрметті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің жан-жақты объективтік, салихалы саясатыңызды еліміздің көптеген азаматтары, Қазақстан өңірінде жасап жатқан басқа ұлттардың да өкілдері жоғары бағалайды да құрметтейді десем,артық айтқан болмаспын. Өзіңіздің 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстан халқына Жолдауыңызды жүзеге асыру мақсатында еліміздің көп аймақтарында Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылып, оның мақсаты - халықпен өкілетті органдар ортасындағы қанша жылдар бойы қалыптасып қалған бюрократиялық тосқауылдарды жойып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы "сіңіп қалған" тынысын құрыту, әкімшілік кедергілерді жойып, халыққа ақпараттық қызмет көрсетіп, халыққа барынша қолайлы жағдай тудыру еді. Міне, Аллаға шүкір, 3 жылдан бері осы Орталықтар ашылып, оның қызметкерлері көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Айтып кету керек, халықтың бұл орайда алғысы шексіз, дегенмен, кей-кездерде халық тарапынан түсініспеушілктер де кездесіп тұрады (онсыз да болмайды). Мен Павлодар облысы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының филиалында инспектор қызметінде істеймін. Біз өз Орталығымызда 50-ден көп қызмет түрін халыққа көрсетеміз. Жасыратыны жоқ, жұмыс өте көп. Жұмысқа енгізілетін өзгерістер және оған жараса талаптар өте көп. Өз ұжымымның атынан Сізге сұрақ қойғым келеді: бұл мәселе, әрине, біздің басқа жерлердегі әріптестеріміздің де көкейінде маза бермей жүргеніне көзіміз жетеді. Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету Орталығының инспекторының айлық жалақысы 20 700 тенгені құрайды. Көрсетілетін қызмет түрлерінің тағы да қосылатынын білеміз. Сіздің ойыңызша осы мөлшердегі жалақы бізге жанұямызды толық қамтамасыз етуге жетеме? Халыққа көрсетілетін қызмет көбейіуде, ал жалақымыз оған жараса емес деп ойлаймын. Лайықты жаубыңызды күтеміз. Сізге рақмет. Орталықтың 3 жылдық мерейтойына арнаған ұжымымздың өлеңі бар. ("Жан досым" өлеңінің мотиві). Таңғы шуақ таңырқатып атқанда, Қызметке біз жиналамыз асыға. Қызметті көрсету бұл халыққа Киелі бір дүние екен, Жаратқан. Қайырмасы: Орталық, үстем болсын мерейің. Әрқашан жемісіңді көрейін! Тойың тойға ұлассын. Биіктерге самға сен! Елбасының аманаты Орталық, Оған алғыс айтып жүрғой бар халық. Ақтауға біз тырысамыз сенімін, Қызмет ету барысында күш салып. Бүгін сенің мерейтойың , Орталық, Құтты болсын тәй-тәй басқан қадамың! Ал Сіз бен біз берекесін асырып, Елбасының аманатын ақталық!