Қадірлі де қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
Алла сізге жар болсын! Сізге денсаулық тілеймін!
Мен Қарағанды қаласының тұрғынымын. 5 баланың анасымын. Жолдасым 1996 жылдан бері ( Қарқаралыдан көшіп келгеннен бері, бұрын совхоз жүргізушісі болған) орман шаруашылығында орманшы болып жұмыс істейді. Еңбек ақысы 21000 теңгені құрайды. Өзім мектепте бастауыш сынып мұғалімімін. Мектепте жұмыс істегеніме 25 жыл. Табысым 35000 теңге. Қолымызда тыл ардагері 86 жастағы қарт анамыз бар. Балаларымыздың үлкені Ресейде оқиды. Екінші ұлымыз ҚарМУ-дің экономика факультетінің 3 курс студенті. Екеуі облыстық Н.Нұрмақов атындағы дарынды балалар мектебінде оқиды. Өзіміз орманшыларға арналған « служебный кардонда» тұрамыз. Осы кардонда тіркеуде (яғни, пропискада) едік. Елдің бәрі жаңа документ алғаннан бері біз документсіз қалдық. Себебі бұл кардон ешқай жерде тіркеуде жоқ болып шықты. Бармаған жеріміз қалмады. Ешкімнің қолынан ештеңе келмеді. Қазір біз ешқай жерде тіркеуде жоқпыз. 17 жасар қызыма жеке куәлік алып бере алмай қойдым, оның үстіне фамилиясының соңында тегі деген сөз үшін айлап жүруге тура келіп, әлі жүрміз. Бәріне қол сілтеп, пәтер сатып алуға қаражатымыз жетпейді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша да алайын деп едім «табыс көзіңіз аз» деп сұранысымды қанағаттандырмады. Көпбалалы ана ретінде жоғарғы орындарға да барып едім үмітім ақталмады. Жерге кезекке жазылып едім, кезекке қоямыз дегеніне де 4-5 жылдың жүзі болды. Ал екінші ұлымның жағдайына келетін болсақ 2-курста бір-ақ 4 пен аяқтады. Бөлінген грантқа өтініш жазғызғанға беріп қала ма деп үміттеніп едік, ол да болмай қалды. Документтің жоқтығынан кредит те ала алмай отырмын. Қажымай, талмай жүгіре беруге денсаулығым да келмейді. 2000 жылы күрделі операция жасатып едім. Соның салқыны кетер емес. Менің сізден, жағдайдың бәрін ескере отырып, баспана, не жер, не тұрып жатқан үйімізге документ алуға ықпал жасауыңызды сұраймын.