Өтеулиева Шарипа .
Құрметті Президент мырза! Біздің жанұядан 12 адам болып Өзбекстан Республикасынан 2002 жылы көшіп келіп, бос қалып кеткен орыс азаматының 1 үйін сатып алып, екіншісін неміс азаматынан сенім хатпен алдық, себебі, бізде өзбек паспорты еді. Қазір Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Мичинко көшесі, 2 үй, 13 пәтерде тұрып жатырмын.
Менің мәселем, Қарағанды обл.Теміртау қаласынан сенім хатпен Жанғожинова Ғалия Оралбекқызынан 2007 жылы 12 желтоксанда Бейбітшілік көш.,112\1, 25 п. 30 000 доллармен сатып алдым. 2004 жылы маусымда Теміртау қаласына, сату\сатып алу шартын жасайын деп нотариусқа бардым. ХҚКОнан анықтама алудың өзі қиынға соқты, нотариус жазып жатқанда, әріптен қате кеткен екен, мен мынаны жаза алмаймын деді, Нығметов деген нотариуспен хабарласып еді, келсін өзім қатесін түзеймін деді. Енді түстен кейін келсем, нотариус бұл үйді рәсімдеуге болмайды, тоқталсын деп, сол күні таңертең бұрынғы иесі жазып кетіпті. Енді үйдің иесі айнып отыр, тілхат алмадым, ақша алмадым, дәлел жоқ деп отыр. Бүгінгі күні жоғарғы соттада, жергілікті соттың шешімін қайта берді. Ғалия УЖКХ- ның бас маманы болып істейді екен.Жангозина өз жұмысындағы былықтарымен қазан, қарашадан бері өз мекемесімен соттасып жатыр екен. Мен бірден сату\сатып алу шартын жасайын деп едім, тез арада ақша керек, ХҚКО-нан анықтама алу үшін 3 күн керек деді, мен сеніп ақшаны бергенде, куәлердің алдында бердім. Енді жоққа шығарып отыр. Президент мырза алдындағы екі үйді де сенім хатпен алғанда мұндай қиындықсыз, үш жылда рәсімдеп етіп едік, осы жолыда солай болар деп, сеніп қалдым, менің түсінгенім, УЖКХ-ның бас маманы Жанғожинова Ғалия Оралбекқызы,нотариус Нығметов Е., және ХҚКО (ЦОН), БТИ мамандары бір бірімен байланысты екен. Қалалық қаржы полициясынан, прокуратурадан шағымыма жауап ала алмадым. Президент мырза! Менің ісімді қайта тексеріп, әділеттілі шешім беруіңізді өтінемін.