Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жауапты хатшысының «Қазақстан Республикасы әділет органдары қызметкерлерінің корпоративтік тәртібі кодексін бекіту туралы» 2008 жылғы 19 қарашадағы № 761 бұйрығын басшылыққа және жұмыста қолдануға қабылдап алынды. «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде ұжымның жиналыстары өткізіліп, оларда аталған кодекстің негізгі ережелері мен тұжырымдары қызу мақұлданды. Күнделікті қызметте әділет органдары қызметкерлерінің корпоративтік тәртібі кодексінде келтірілген басты ережелер мен ұсыныстарды ұстанып отыруға, әділет органдарының беделін арттырып, қызметкерлердің ар-ожданы мен қадір-қасиетін биік ұстауға, олардың өзара және азаматтармен қарым-қатынасына қойылатын талапты күшейте түсуге және жалпы жұрт қабылдаған моральдік-этикалық нормаларды қатаң сақтап отыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
Кадрлық қамтамасыз ету
және жеке қауіпсіздік
басқармасының бас сарапшысы Қ. Баймаханов