, автор – Ерлан Ахмеди
Ассалаумағалейкүм,Құрметті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ!Мен Көкшетау Университетінің 2 курс студентімін.Аты-жөнім Ерлан Ахмеди.Құрметті Елбасы мырза менде Сізге бірнеше көкейімде жүрген сұрағым бар еді,олар мынадай:-Сіз 2012 жылы болатын президенттік сайлауға қатысасыз ба?
-Сіз қалай ойлайсыз,егер біз мемлекеттің атауын Қазақстаннан Қазақияға ауыстырып,барлық тұрғындарымызды қазақ деп атасақ,дұрыс бола ма?Сіз колдайсыз ба? (мен өз жеке басым қолдаймын).
-Кезінде Түрк Ұлы Ұлттық Мәжілісі Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемелге,АТАТҮРК деген ат берген болатын,ал менің бір ұсынысымды,сізді ҰЛЫ НҰРСҰЛТАН АТА немесе НҰРСҰЛТАН АТА деп атауға қолдайсыз ба?Өйткені сіз біздер жастар үшін Үлкен Атасыз!
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!Сізге зор денсаулық,ұзақ өмір тілеймін!Алла жазса сіздің жасаған Ұлы еңбектеріңіз ақталсын, Қазақ мемлекеті Ұлы Державаға айналсын!Сізге мың да бір Рахмет!