СҰРАҚ: Менің әкем Нурсейтов Бажей, оның әкесі Нурсейтов Құдайберген 1941-1945ж Ұлы Отан соғысында болып, 1945ж Берлинде жеңіс туын тігіп, аман-есен Оралған еді. Халық шаршалығының әртүрлі салаларында жұмыс істеп абырайлы қарттар болған еді.
Міне Жеңістің 65 жылдығы жақындап келе жатыр. Соған байланысты, менің 2006ж 4 жылға сотталған ұлым Жунісов Мақсат Шаяхметұлын (01.05.1978) түрмеден босатып беруге көмек жасауыңызды сураймын. Ұлым қазір Өскемен қаласы ОВ 153/3 түзеу мекемесінде 3 жыл 4 ай отыр.
Өзім ауырамын, давление, жүрек ауруымен. Ұлымның босауына жәбірленуші жақтың кешірім керек дейді, соттатқан адам кешірім береме? Кризиске байланысты 5 жылға дейін сотталғандарды босату туралы қаулы бар делінген еді. Сізден өтініп сұрайтыным осы баламды босатып беруге көмек жасауыңызды сұраймын.