Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖК басқармасы қызметкерлері және сотталған азаматтар жылы лебізбен бөбектер үйіне қайрымдылық көмек ретінде сыйлықтар тарту етті.

       Кеше Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті басқармасының басшылығы Ақтау қалалық Бүлдіршіндер үйіне (14 шағ ауд. орналасқан) барды.

Бұл шараның негізгі мақсаты үстіміздегі жылдың 21 қазанында болып өткен жазасын өтеуші сотталғандардың қолдарымен жасалған қол өнер бұйымдары мен картиналарының облыстық «Үміт-2009» конкурс-байқауында (бұдан соң- Байқау) көрмеге қойылған бұйымдарды қайырымдылық жолына жұмсау болатын.
Бүлдіршіндер үйіне сотталғандардың қолымен жасалған картиналар, тәпішкелер, қобдиша, қайық, сияқты басқа да көрнекі бұйымдар, содай-ақ  ГМ-172/1 мекемесінің саябағында сотталғандар қолымен өсірілген жеміс өнімдері де алап барылды.
Бұл ретте, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖКБ қызметкерлері де қайырымдылық жасаудан тыс қалмай, өз жалақылары есебінен бүлдіршіндерге күнделікті қажетті заттай сыйлықтар тарту етті.
Өткізілген жылы шара бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып, сотталғандардың құзырына жеткізілді.
Бұл шара ата-ана мейіріміне мұқтаж бүлдіршіндердің жүректерінде із қалдыратынына, ал жаза өтеуші азаматтардың тәрбие процессіне, атап айтқанда  қоршаған ортадағы шындыққа деген оңтайлы көз қарсының туындауына, қылмыстық-атқару жүйесі органы азаматтарына деген сенімділігін арттыруға көмегін тигізетініне кәміл сенеміз.
 
Маңғыстау облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі
Басқармасы