55582

 

Курметтi призидент сiзге кояр сурагым мынандай арбiр перзентканага ауруханаларга намазхана ашсаныз Аллах разылыгы ушiн Маржан Караганды

Қазақстан Республикасының «Діни сенім және діни бірлестіктер» туралы Заңына сәйкес, егер азаматтардың өтінішіне сай, мекемеде намаз оқуға арнайы орын белгіленсе, бұл заңға қайшы емес. Бірақ заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң де өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға қақысы жоқ.
Сондықтан, қажетті жерлерде намазхана ашу мәселесі әр ұжымның немесе азаматтардың өтініш білдіруі арқылы және сол ұйымның, мекеменің басшылығының рұқсатымен, келісімімен жүзеге асырылады.