Қылмыстық – атқару жүйесінің қызметкерлері сертификат иеленді

 

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93 – баптарын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің бұйрықтарын және нұсқауларын, талаптарын  орындау үшін, Қостанай облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі комитеті басқармасының мемлекеттік тілді дамыту тобымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмнің факторы ретінде мемлекеттік тілдің  рөлін  арттыру, тіл саясатын табысты жүзеге асыру мақсатында, «Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқытудың облыстық орталығы» МКҚК өзара тығыз қарым – қатынас жұмыстары жүргізіліп жатыр.
       Ағымдағы жылы Қылмыстық – атқару жүйесінің қызметкерлері Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқытудың облыстық орталығы» МКҚК мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйрету курсын толық оқығандығын куәландыратын сертификат иеленді. Қызметкерлеріміздің сертификат иеленуіне Тілдерді оқытудың облыстық орталығының директоры Қойшығара Әміржанұлы Оспан мырзаға және оның әдіскерлеріне басшылықтың атынан алғысымызды білдіреміз. Қостанай облысы бойынша ҚАЖКБ аппаратының және оған бағынысты түзеу мекемелерінің қызметкерлеріне сертификатты табыс ету салтанатты түрде жеке құрам алдында өткізілді. Сертификат иеленген  қызметкерлердің бір сәтте жүректері қуанышқа толы болды. Басқа да қызметкерлер оларға қарап, алдағы уақытта осындай сертификаттарды иеленуге үміттенді. Ал қазіргі таңда Қостанай облысы бойынша ҚАЖКБ және оған бағынысты түзеу мекемелерінде кеңсе арқылы барлық құжаттар мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда, осыған қарасты мемлекеттік тіліндегі іс - қағаздарының құжаттық айналымдары басым келеді. Қазақ тілі оқытушылары сабақ беру мақсатында қызметкерлерге қазақ тіліндегі сөздердің ауызша және жазбаша қолданылу ерекшеліктерін түсіндіреді, әр түрлі салаларда қолданылатын іс қағаздарының үлгілерін көрсетеді, сонымен қатар оқу жылының жоспарына сәйкес қызметкерлерге күнделікті сабақтарды викторина, сайыстар және сұрақ – жауап ретінде, оқытудың әр – түрлі әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретеді. Аппарат және түзеу мекемелерінің бастықтары бағынысындағы қызметкерлердің мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне, орысша мәтіндегі құжаттарды мемлекеттік тілге сапалы түрде аударуына, өзінің жыл барысында меңгерген білім деңгейін жетілдіруіне, сонымен қатар бүгінгі заман талабына сай қазақ тілі кабинеттерін материалдық – техникалық жабдықталуына қол ұшын беруде. Ол бүгінгі күні сертификат иеленген қызметкерлерімізден көруге болады. Сертификат иеленген қызметкерлеріміз жылдан – жылға көп болса, бұның өзі басшылықтың жығынан атқарып отырған жұмыстарының бір жемісі!
       Тәуке ханның кезінде «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаушылардың бірі болған ірі қоғам қайраткері, ұлы жүздің  Төле биі  айтқандай «Бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай» боп, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» осындай атқарылып жатқан ортақ ісіміз ілгерілеп, биіктерден көріне берейік ағайын!    
 
 
       ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ – АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМАСЫ