Тілден асқан байлық жоқ
Тәуелсіздік - Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған 4 белгі – рәміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі - Әнұран, үшіншісі – Көкбайрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.
Н.Ә.Назарбаев
Ұлттың ұлы байлығы, басты тұлғасы – тіл. Тіл – халықтың замандар бойы жинаған асыл қазынасы, бай тарихы, әр халықтың өз ана тілі өзі үшін үлкен мақтаныш.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Еліміздің Ата Заңында ашып жазылғандай республиканың әр азаматының – Білім алуға құқығы бар десек, сол білімнің бастауы – туған тілді меңгеруден, мәйегін бойға сіңіруден басталары ақиқат деп білеміз.
Туған тілінің мәйегін ембеген адам – туған халқының шежіресі мен ән-жырын былай қойғанда, ұлттық салт-санасынан, әдет-ғұрпынан тысқары қалады десек, бұл пікірге ешкім де дау айта қоймас.
Көрнекті сөз зергері Ғ.Мүсіреповтың; « Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді», - деген.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7 – бабында атап көрсетілгендей; « Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі». Бұл қағида мұнан әрі еліміздің Негізгі Заңының 19 – бабында былайша көрініс тапқан; « Әркімнің ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар».
1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні « Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»Заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл мәртебе Қазақстан Республикасының жаңа Конституцясында тұрақталып, бекітілді.
1997 жылы Тіл Заңы Парламентте қайтадан талқыланып, ол Қазақстан Республиксы Президентінің Жарлығымен бекітілді.Бұл жарлық қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін сақтады.
1997 жылы шілденің 7-сі күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептелді.
1995 жылы 30 тамызында Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды.
Конститутцияның 7 – бабында былай делінеді;
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және өзін -өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
« Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 1 шілдедегі Заңында да мемлекеттік тілдің маңыздылығына баса көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, міне, осы мәселелерді темірқазықтай алға ұстайды.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Тіл туралы Заң; 27 бап, 6 тараудан тұрады.
Тіл – ұлттың жаны. Сол жанның ендігі тағдыры бүгінгі ұрпақтың осынау ұлы мұраға деген қатынасына, көзқарасына, тарих және келешек алдындағы өз міндетіне байланысты.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Жамбыл облысы бойынша
ҚР ӘдМ ҚАЖК
оқу орталығының мұғалімі
әділет аға прапорщигі
Арыстан Тойшыбеков



