Заңсыз өнімдердің жолын кесуде күш-жігерді біріктірмек
Ақмола облысы әділет департаментінің басшылық етуімен құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі өткізілді.
Аталған мәжіліске Ақмола облысының ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер, экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес және кедендік бақылау департаменттерінің, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы мен облыстық әкімшілік сотының және Әділет департаменті қызметкерлері қатысты.
Үйлестіру кеңесінің отырысында «2009 жыл мен 2010 жылдың 1-ші тоқсанына арналған зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйі туралы» мәселе қаралды.
Отырыс барысында құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарға контрабандалы және контрафактілі өнімдерді жеткізу мен таратудың жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын тұрақты жүргізуге тапсырма берілді.
Сонымен қатар контрафактілік белгісі бар зияткерлік меншік объектілерін әкелудің алдын алу бойынша өзара шұғыл ақпарат алмасуды жандандыру ұсынылды.
Ақмола облысы
Әділет департаменті
зияткерлік меншік
құқықтарын қорғау
бөлімі



