Қызылорда қалалық әділет басқармасы «Кітап білім бұлағы» атты тақырыпта мемлекеттік тілдегі әдебиеттерден жинақталған кітап көрмесін ұйымдастырды. Оған Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні тереңдетіліп оқытылатын топтағы оқушылар қатысты. Мемлекеттік тілге аса құрметпен қарайтын бұл топтағы оқушыларды әсіресе, жыр-дастандар мен ақындар айтысының жинақтары қызықтырды.
Кітаптың әрбір парағы қандай еңбекпен жазылатынын айтып, оқушылардың қызушылығын одан әрі арттырған басқарма бастығы Б.Оразалықызы ертегі-аңыздар жолдарынан үзінділер де оқып берді.
Сонымен бірге, жыр-дастандарды тек қазақтың ежелгі әдеби тілдерінен, сөздерінен қанық адамдар ғана жаза алатыны, қазақтың тілі бай әрі оның тамыры тереңде жатқаны баяндалды.
Мұндай шараларға қызыға қарайтын оқушылар бұл кітап көрмесінен өздерінің білім ауқымын кеңейтіп, авторлары белгісіз ежелгі әдебиеттер жайлы біраз мағлұматтар алғанын жеткізіп, бұл шараны ұйымдастырған басқарма ұжымына алғыстарын білдірді.