Жолдауға қолдау
Алматы облысының Қарасай, Ақсу, Жамбыл, Райымбек, Алакөл аудандық және Қапшағай қалалық Әділет басқармалары 2009 жылғы 21 сәуір айында «Дағдарыстан дамуға», «Елбасы жолдауына қолдау», «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы» тақырыптарында жергілікті жердегі «НұрОтан» ХДП филиалының, Әкімшіліктің және Халыққа қызмет көрсету орталығы филиалы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Аталған дөңгелек үстелде, жолдаудың басым бағыттарын талқылап, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы «Дағдарыстан дамуға» атты Жолдауын халыққа кеңінен насихаттап және құқықтық түсіндіру жұмыстарын әрі қарай (БАҚ, семинар, дөңгелек үстел, дәріс) жандандыру арқылы жүргізу керектігін шешті.




