"Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 30 желтоқсан, N 422-425 (25394)
РҚАО-ның ескертпесi!
Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 81-баптан қараңыз.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң бәсекелестiктi қорғау, монополистiк
қызметтi шектеу және тұтынушылардың заңды құқықтарын қорғау саласындағы
қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңның нысанасы мен мақсаты
1. Осы Заң нарық субъектiлерi мен
тұтынушылардың құқықтарын осы Заңда шектелген монополистiк қызметтен,
мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiнен және
жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негiздерiн айқындайды. Заң
Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестiктi
қолдауға және оған қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
2. Осы Заңның мақсаты бәсекелестiктi
қорғау, тауар нарықтарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау,
экономикалық кеңiстiктiң бiртұтастығын, тауарлардың еркiн қозғалысын
және Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызметтiң еркiндiгiн
қамтамасыз ету болып табылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше
ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның Қазақстан Республикасының
аумағында күшi болады және нарық субъектiлерi, тұтынушылар, сондай-ақ
мемлекеттiк органдар қатысатын Қазақстан Республикасының тауар
нарықтарындағы бәсекелестiкке ықпал ететiн немесе ықпал етуi мүмкiн
қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның ережелерi, егер Қазақстан
Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде нарық субъектiсi жасаған
iс-әрекеттер нәтижесiнде мынадай шарттардың бiрi орындалса:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы
негiзгi құралдар және (немесе) материалдық емес активтер, не нарық
субъектiлерiнiң акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестерi),
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына қатысты мүлiктiк немесе
мүлiктiк емес құқықтар тiкелей немесе жанама қозғалса;
3) Қазақстан Республикасында бәсекелестiк шектелсе, мұндай iс-әрекеттерге де қолданылады.
4-бап. Бәсекелестiк принциптерi
Бәсекелестiктiң негiзгi принциптерi:
1) жарыспалылық
2) адалдық
3) заңдылық
4) тұтынушылардың құқықтарын сақтау болып табылады.
5-бап. Бәсекелестiк саласындағы мемлекеттiк саясат
1. Бәсекелестiк саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi
әзiрлейдi және монополияға қарсы орган iске асырады.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы
органдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық
актiлерiнде айқындалған өз құзыретi шегiнде бәсекелестiк саласындағы
мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады.
3. Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде
бәсекелестiктiң дамуына жәрдемдесуге және бәсекелестiкке терiс ықпал
ететiн iс-әрекеттердi жасамауға мiндеттi.
6-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) акцияларының (үлестерiнiң) елу
проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың аффилиирленген
тұлғалары - акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке
тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен
астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар. Жанама
тиесiлiлiк әрбiр келесi аффилиирленген тұлғаға өзге заңды тұлғаның
акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы тиесiлi болатынын
бiлдiредi;
2) бәсекелестiк - дербес жасаған
iс-әрекеттерi тиiстi тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы
жағдайына олардың әрқайсысының бiржақты ықпал ету мүмкiндiгiн тиiмдi
шектейтiн нарық субъектiлерiнiң жарыспалылығы;
3) бiрiн-бiрi алмастыратын тауарлар -
тұтынушы оларды тұтыну (өндiру) процесiнде бiрiн-бiрiмен алмастыра
алатындай, өзiнiң функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және
техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлерi
бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы;
4) монополиялық жағдай - табиғи монополия,
мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң, сондай-ақ тиiстi тауар нарығында
жүз процент үлеске ие нарық субъектiлерiнiң жағдайы;
5) монополиялық табыс - нарық субъектiсiнiң
осы Заңда шектелген монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде
алған табысы;
6) монополистiк қызмет - жағдайы тиiстi
тауар нарығын бақылауға, оның iшiнде тиiстi тауар нарығындағы тауар
айналысының жалпы шарттарына елеулi ықпал етуге мүмкiндiк беретiн нарық
субъектiлерiнiң қызметi;
7) монополияға қарсы орган - бәсекелестiктi
қорғау және монополистiк қызметтi шектеу саласындағы басшылықты жүзеге
асыратын мемлекеттiк орган;
8) нарық субъектiсi - кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды
тұлғасы, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен өкiлдiгi);
9) реттелетiн нарықтар - Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес бағаларға мемлекеттiк реттеу
енгiзiлген тауар нарықтары;
10) реттеушi орган - реттелетiн нарықтарда бағаларды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
11) тауар - азаматтық айналым объектiсi болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет;
12) тауар нарығы - тұтынушының тауарды
сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкiндiгi
негiзге алынып айқындалатын, тауардың немесе бiрiн-бiрi алмастыратын
тауарлардың айналым аясы;
13) сатушы (өнiм берушi) - тауар өткiзушi (берушi) жеке немесе заңды тұлға;
14) тергеу - монополияға қарсы органның осы
Заңның бұзылуын растайтын фактiлердi анықтауға, оларды тiркеуге және
тиiстi шешiм қабылдауға бағытталған iс-шаралары;
15) тұтынушы - тауарды өз мұқтажы үшiн сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
16) Үстем немесе монополиялық жағдайға ие
нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - тiзiлiм) -
табиғи немесе мемлекеттiк монополия жай-күйiндегi нарықтарды
қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға
ие нарық субъектiлерiнiң тiзбесi.
7-бап. Тұлғалар тобы
1. Өздерiне қатысты мынадай шарттардың бiрi орындалса:
1) тұлғаның заңды тұлғаның жарғылық
капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (қатысу үлестерiнiң, пайлардың)
жиырма бес проценттен астамына тiкелей немесе жанама түрде (үшiншi
тұлғалар арқылы) билiк етуге құқығы болса;
2) заңды тұлғаның немесе бiрнеше
аффилиирленген заңды тұлғалардың басқа тұлға қабылдайтын шешiмдердi
айқындауға, оның iшiнде осы тұлғаның кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуiнiң
шарттарын айқындауға не басқару органының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға
мүмкiндiгi болса;
3) жеке тұлғаның, оның жұбайының
(зайыбының), жақын туыстарының басқа тұлға қабылдайтын шешiмдердi
айқындауға, оның iшiнде осы тұлғаның кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзуiнiң
шарттарын айқындауға не басқару органы өкiлеттiгiн жүзеге асыруға
мүмкiндiгi болса;
4) тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың 1)-3)
тармақшаларында көрсетiлген қандай да бiр негiз бойынша белгiлi бiр
тұлғамен топқа кiрсе, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың
әрқайсысымен осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген қандай да
бiр негiз бойынша бiр топқа кiрсе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың
жиынтығы тұлғалар тобы болып табылады.
2. Тұлғалар тобы нарықтың бiртұтас
субъектiсi ретiнде қарастырылады. Осы Заңның нарық субъектiлерiне
қатысты ережелерi тұлғалар тобына қолданылады.
2-БӨЛIМ. МОНОПОЛИСТIК ҚЫЗМЕТ. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТIК
2-тарау. МОНОПОЛИСТIК ҚЫЗМЕТ
8-бап. Монополистiк қызметтiң түрлерi
Осы Заңда шектелген монополистiк қызметке:
1) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерi;
2) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiлген iс-әрекеттерi;
3) үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдалану жатады.
9-бап. Бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер мен келiсiлген
iс-әрекеттердiң түрлерi
1. Бiр тауар нарығында бәсекелестер не
әлеуеттi бәсекелестер болып табылатын нарық субъектiлерi арасындағы
бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер мен келiсiлген iс-әрекеттер деңгейлес
болып табылады.
2. Бiрi тауарды сатып алатын немесе оның
әлеуеттi сатып алушысы болып табылатын, ал екiншiсi тауарды ұсынатын
немесе оның әлеуеттi сатушысы (өнiм берушiсi) болып табылатын бәсекелес
емес нарық субъектiлерi арасындағы бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер
сатылас болып табылады.
10-бап. Бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер
1. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез
келген нысанда қол жеткiзiлген, нәтижесiнде бәсекелестiктi шектейтiн не
шектеуi мүмкiн бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге, оның iшiнде:
1) тауарларды сатып алудың немесе өткiзудiң
келiсiлген бағаларын не басқа жағдайларын белгiлеуге және (немесе)
ұстап тұруға;
2) сауда-саттықтың, аукциондар мен
конкурстардың қорытындыларын оларды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн
бұзу, оның iшiнде бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру, сондай-ақ
лоттар бойынша бөлу жолымен бұзу нәтижесiнде бұрмалауға;
3) тауар нарықтарын аумақтық белгiсi,
тауарлардың ассортиментi, оларды өткiзiлу немесе сатып алыну көлемi
бойынша, сатушылар (өнiм берушiлер) немесе сатып алушылар тобы бойынша
не басқа белгiлер бойынша бөлуге;
4) тауарларды өндiрудi не өткiзудi негiзсiз шектеуге;
5) белгiлi бiр сатушылармен (өнiм берушiлермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негiзсiз бас тартуға не жалтаруға;
6) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi
бiр тауарларды сатушылар (өнiм берушiлер) немесе олардың сатып
алушылары ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе оларды нарықтан
ығыстырып шығаруға;
7) басқа нарық субъектiлерiмен маңызы бiрдей шарттарға кемсiтетiн талаптар қолдануға;
8) келiсiмшарт жасаушы агенттердiң өзiнiң
мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы шарттардың
нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржы қаражатын және өзге
де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз
талап ету) қабылдауы кезiнде шарттар жасасуға қатысты бәсекелестiкке
қарсы келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз
деп танылады.
2. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық
қызметiн жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында
тiзбеленген салдарларға әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыра алатындай
үйлестiруiне тыйым салынады.
3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы келiсiмдерге, егер олар тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасамаған және:
1) олардың тауар нарығындағы жиынтық үлесi он бес проценттен аспаған;
2) озық және (немесе) ресурс үнемдеушi технологияларды енгiзу жолымен өндiрiстi жетiлдiруге бағытталған;
3) шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған;
4) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге және қолдануға бағытталған жағдайда жол берiледi.
4. Осы бапта көзделген шектеулер:
1) лицензиялық шарттар;
2) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) шарттары;
3) технологияларды беруге байланысты шарттар;
4) ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарындағы кооперация туралы шарттар;
5) зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтарды беруге байланысты өзге де шарттар;
6) бiр тұлғалар тобы iшiндегi шарттар мен iс-әрекеттер;
7) ұзақ мерзiмдi инвестициялық немесе концессиялық шарт бойынша келiсiмдерге қолданылмайды.
11-бап. Нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы
келiсiлген iс-әрекеттерi
1. Нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiктi шектеуге бағытталған, оның iшiнде:
1) тауарларды сатып алу немесе өткiзу бағаларын не басқа жағдайларын белгiлеуге және (немесе) ұстап тұруға;
2) тауарларды өндiрудi не өткiзудi негiзсiз шектеуге;
3) белгiлi бiр сатушылармен (өнiм берушiлермен) не сатып алушылармен шарттар жасасудан негiзсiз бас тартуға;
4) басқа субъектiлермен маңызы бiрдей
шарттарға кемсiтетiн талаптар қолдануға қатысты келiсiлген
iс-әрекеттерiне тыйым салынады.
2. Нарық субъектiлерiнiң осы баптың 1-тармағында аталған iс-әрекеттерi, егер жиынтығында олар мынадай:
1) нарық субъектiлерiнiң үш ай мерзiм
iшiнде қатар жасалған iс-әрекеттерi және нәтижесiнде нарық
субъектiлерiнiң әрқайсысы келiсiлген iс-әрекеттердiң болмауы салдарынан
көзделмеген пайда алған;
2) нарық субъектiлерiнiң iс-әрекеттерi олардың әрқайсысына алдын ала белгiлi болған;
3) аталған нарық субъектiлерiнiң
әрқайсысының iс-әрекеттерi осы нарық субъектiлерiне тең дәрежеде ықпал
ететiн мән-жайлардың салдары болып табылмаған талаптарды
қанағаттандырса, келiсiлген iс-әрекеттер деп танылуы мүмкiн.
3. Нарық субъектiлерiнiң осы баптың
1-тармағында аталған iс-әрекеттерi жазбаша келiсiмнiң болуына
қарамастан, келiсiлген iс-әрекеттер болып танылады.
4. Егер келiсiлген iс-әрекеттердi бiр
тұлғалар тобына кiретiн немесе тауар нарығындағы жиынтық үлесi он бес
проценттен аспайтын нарық субъектiлерi жасаса және тұтынушылардың заңды
құқықтарына қысым жасамаса және олар:
1) озық технологияларды енгiзу жолымен өндiрiстi жетiлдiруге;
2) шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға;
3) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге және қолдануға бағытталса, ондай iс-әрекеттерге жол берiледi.
12-бап. Үстем немесе монополиялық жағдай
1. Тиiстi тауар нарығындағы нарық
субъектiсiнiң немесе бiрнеше нарық субъектiсiнiң нарық субъектiсiне
немесе бiрнеше нарық субъектiсiне тиiстi тауар нарығын бақылауға, оның
iшiнде тауар айналысының жалпы жағдайына елеулi ықпал етуге мүмкiндiк
беретiн жағдайы үстем немесе монополиялық жағдай болып танылады.
2. Тиiстi тауар нарығындағы үлесi отыз бес
және одан да көп проценттi құрайтын нарық субъектiсiнiң жағдайы үстем
жағдай болып танылады.
3. Егер:
1) тиiстi тауар нарығында неғұрлым көп үлес
тиесiлi болатын, үшеуден аспайтын нарық субъектiсiнiң жиынтық үлесi елу
және одан көп проценттi құраса;
2) тиiстi тауар нарығында неғұрлым көп үлес
тиесiлi болатын, төртеуден аспайтын нарық субъектiсiнiң жиынтық үлесi
жетпiс және одан көп проценттi құраса, бiрнеше нарық субъектiсiнiң
әрқайсысының жағдайы үстем жағдай болып танылады.
4. Егер:
1) тиiстi қаржы қызметтерiн көрсету
нарығында неғұрлым көп үлес тиесiлi болатын, екеуден аспайтын қаржылық
ұйымның жиынтық үлесi елу және одан көп проценттi құраса;
2) тиiстi қаржы қызметтерiн көрсету
нарығында неғұрлым көп үлес тиесiлi болатын, үшеуден аспайтын қаржылық
ұйымның жиынтық үлесi жетпiс және одан көп проценттi құраса, қаржылық
ұйымдардың жағдайы үстем жағдай болып танылады.
5. Тиiстi тауар нарығындағы, оның iшiнде
қаржы қызметтерiн көрсету нарығындағы үлесi он бес проценттен аспайтын
нарық субъектiсiнiң жағдайы осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес
үстем жағдай болып таныла алмайды.
6. Табиғи монополия, мемлекеттiк монополия
субъектiлерiнiң, сондай-ақ тиiстi тауар нарығында жүз процент үстем
үлеске ие нарық субъектiлерiнiң жағдайы монополиялық жағдай болып
танылады.
13-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдалану
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық
субъектiлерiнiң тиiстi тауар нарығына кiрудi шектеуге, бәсекелестiктi
болдырмауға, шектеуге және жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн
және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерiне қысым жасайтын
iс-әрекеттерiне немесе әрекетсiздiктерiне, оның iшiнде:
1) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды белгiлеу, ұстап тұру;
2) нарық субъектiлерiмен жасалған маңызы
бiрдей келiсiмдерге объективтi түрде өзiн-өзi ақтамайтын себептермен
әртүрлi бағалар қолдану не әртүрлi талаптар қою;
3) өзiнен сатып алынған тауарларды қайта
сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу талаптары,
сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгiлеу;
4) нарық субъектiсiне өз мазмұны бойынша
немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай осы келiсiмдердiң мәнiне қатысы
жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату жолымен келiсiмдер жасасуға шарт
қою не оны күштеп таңу;
5) тиiстi тауарды өндiру немесе өткiзу
мүмкiндiгi бола тұрып, жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан
негiзсiз бас тарту не осындай шарт жасасуға бiр айдан асып кететiн
мерзiмде жауап ұсынбаудан көрiнген жалтару;
6) тауарлар беруге бәсекелестер өндiретiн не өткiзетiн тауарларды сатып алу кезiнде шектеулер қолдану шартын қою;
7) тұтынушылардың сұраныстары немесе
тапсырыстары бар тауарларды өндiру немесе беру мүмкiндiгi бола тұрып,
өндiру және (немесе) беру көлемiн негiзсiз қысқарту немесе өндiрудi
және (немесе) берудi тоқтату сияқты iс-әрекеттерiне тыйым салынады.
14-бап. Тауардың монополиялық жоғары және монополиялық
төмен бағасы
1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген баға, егер:
1) осы баға нақ сол тауар нарығында
бәсекелестiк жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектiсiмен бiр
тұлғалар тобына кiрмейтiн нарық субъектiсi белгiлейтiн ең жоғары
бағадан асып кетсе;
2) осы баға осындай тауарды өндiру және
өткiзу үшiн қажет шығыстар мен пайда сомасынан асып кетсе, тауардың
монополиялық жоғары бағасы болып табылады.
2. Салыстырмалы тауар нарығы деп тауарды
сатып алу немесе сату мақсаттарын негiзге ала отырып айқындалатын
сатылатын тауар көлемi, тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (өнiм
берушiлер) құрамы және тауар нарығына кiру талаптары бойынша
салыстырылатын басқа тауар нарығы түсiнiледi.
Нақ сол тауар нарығындағы бағаны салыстыру
мүмкiн болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның iшiнде
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi салыстырмалы тауар
нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргiзiледi.
3. Реттеушi органның нарық субъектiсiне
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес белгiлеген тауар
бағасы монополиялық жоғары баға болып танылмайды.
4. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген баға, егер:
1) осы баға нақ сол тауар нарығында үстем
жағдайға ие нарық субъектiсiмен бiр тұлғалар тобына кiрмейтiн нарық
субъектiсi белгiлейтiн бағадан төмен болса;
2) осы баға осындай тауарды өндiру мен
өткiзудiң нақты шығыстары сомасынан төмен болса, тауардың монополиялық
төмен бағасы болып табылады.
5. Егер, тауардың бағасы осы баптың
4-тармағында аталған критерийлердiң бiреуiне де сәйкес келмесе, ол
монополиялық төмен баға болып танылмайды. Реттеушi органның нарық
субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес
белгiлеген тауар бағасы монополиялық төмен баға болып танылмайды.
15-бап. Монопсониялық жағдай және монопсониялық төмен баға
1. Сатып алушы ретiнде үстем немесе
монополиялық жағдайға ие, тиiстi тауар нарығындағы үлесi жетпiс және
одан көп проценттi құрайтын нарық субъектiсiнiң жағдайы монопсониялық
жағдай болып танылады.
2. Монопсониялық жағдайға ие нарық субъектiсiнiң тауарды сатып алатын тауар бағасы, егер:
1) осы баға монопсониялық жағдайға ие нарық
субъектiсiне тауар өткiзетiн нарық субъектiлерi есебiнен өндiру және
(немесе) өткiзу шығындарын төмендету жолымен оған қосымша табыс алуға
мүмкiндiк берсе;
2) осы баға тауар өткiзушi нарық
субъектiсiне осындай тауарды өндiру мен өткiзуiне қажеттi шығыстар мен
пайда сомасынан төмен болса, монопсониялық төмен баға болып табылады.
3. Егер тауардың бағасы осы баптың
2-тармағында аталған критерийлердiң бiреуiне де сәйкес келмесе, ол
монопсониялық төмен баға болып танылмайды.
3-тарау. ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТIК
16-бап. Жосықсыз бәсекелестiк
1. Құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол
жеткiзуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың
заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестiктегi кез келген iс-әрекеттер
жосықсыз бәсекелестiк болып табылады. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
2. Жосықсыз бәсекелестiкке мынадай iс-әрекеттер жатады:
1) тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану;
2) басқа өндiрушiнiң тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
3) бұйымның сыртқы түрiн көшiрiп алу;
4) нарық субъектiсiнiң беделiн түсiру;
5) көрiнеу жалған, жосықсыз және дәйексiз жарнама;
6) мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу;
7) сатушыға (өнiм берушiге) бойкот жасауға шақыру;
8) сатып алушының (өнiм берушiнiң) беделiн түсiруге шақыру;
9) нарық субъектiсiн бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
10) сатушының (өнiм берушiнiң) қызметкерiн сатып алушылық
11) сатып алушының қызметкерiн сатып алушылық
12) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану.
17-бап. Тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз
пайдалану
Бөгде тауар таңбасын, қызмет көрсету
таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердiң атауын немесе
бiртектi тауарлар үшiн олармен ұқсас белгiлердi заңсыз пайдалану немесе
құқық иеленушiнiң немесе оған уәкiлеттi тұлғаның рұқсатынсыз әдеби,
көркем шығармалардың, мерзiмдi басылымдардың атауын пайдалану немесе
буманы тұтынушыны тауардың сипатына, өндiрiлу тәсiлi мен орнына,
тұтынушылық қасиеттерiне, сапасы мен санына қатысты немесе оны
өндiрушiлерге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкiн болатындай етiп
пайдалану тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану болып
табылады.
18-бап. Басқа өндiрушiнiң тауарын құқыққа сыйымсыз
пайдалану
Құқық иеленушiнiң немесе оған уәкiлеттi
тұлғаның рұқсатынсыз өндiрушiнiң белгiлерiн өзгерту не алып тастау
жолымен басқа өндiрушiнiң тауарын өз белгiсiмен шаруашылық айналымына
енгiзу басқа өндiрушiнiң тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану болып
табылады.
19-бап. Бұйымның сыртқы түрiн көшiрiп алу
1. Нарықтың басқа субъектiсi бұйымының
сыртқы түрiн қайта жасап шығару және оны тұтынушыны тауар өндiрушiге
қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкiн болатындай етiп шаруашылық
айналымға енгiзу бұйымның сыртқы түрiн көшiрiп алу болып табылады.
2. Егер мұндай көшiрiп алу олардың
функционалдық қолданылуына ғана байланысты болса, бұйымның сыртқы түрiн
немесе оның бөлiктерiн көшiрiп алу құқыққа сыйымсыз болып танылмайды.
20-бап. Нарық субъектiсiнiң беделiн түсiру
Нарық субъектiсiнiң қызметiне байланысты
көрiнеу жалған, дәйексiз мәлiметтердi кез келген нысанда тарату нарық
субъектiсiнiң беделiн түсiру болып табылады.
21-бап. Көрiнеу жалған, жосықсыз және дәйексiз жарнама
Жосықсыз, дәйексiз және көрiнеу жалған жарнамалардың белгiлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-бап. Мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу
Сатушының (өнiм берушiнiң) тауарды өткiзу
кезiнде тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша
немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ
қосымша талаптар немесе шарттар белгiлеу жөнiндегi кез келген
iс-әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу болып табылады.
23-бап. Сатушыға (өнiм берушiге) бойкот жасауға шақыру
Бәсекелестiң тiкелей өзi немесе делдал
арқылы ұйымдастырған, сатып алушылардың сатушымен (өнiм берушiмен)
шарттық қатынастарды орнатудан немесе оның тауарларын сатып алудан бас
тартуға бағытталған iс-әрекеттерi сатушыға (өнiм берушiге) немесе оның
тауарына бойкот жасауға шақыру болып табылады.
24-бап. Сатып алушыны (өнiм берушiнi) кемсiтуге шақыру
Сатып алушы (өнiм берушi) бәсекелесiнiң
тiкелей өзi немесе делдал арқылы өнiм берушiнi (сатып алушыны) шарт
жасасудан бас тартуға немесе маңызы бiрдей шарттар бойынша өзге де
сатып алушыларға (өнiм берушiлерге) кемсiтетiн талаптар қолдануға
мәжбүрлеуге бағытталған iс-әрекеттерi сатып алушыны (өнiм берушiнi)
кемсiтуге шақыру болып табылады.
25-бап. Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру
Нарық субъектiсiнiң тiкелей өзi немесе
делдал арқылы материалдық сыйақы, басқа да артықшылықтар беру немесе
ұсыну не нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi
келтiру арқылы бәсекелеспен шартқа қатысушының - нарықтың өзге
субъектiсiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына немесе тиiсiнше
орындамауына бағытталған iс-әрекеттерi бәсекелеспен шартты бұзуға
шақыру болып табылады.
26-бап. Сатушының (өнiм берушiнiң) қызметкерiн сатып
алушылық
Сатып алушы бәсекелесiнiң тiкелей өзi
немесе делдал арқылы сатушы (өнiм берушi) қызметкерiнiң қызметтiк
мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн мүлiктiк
және мүлiктiк емес игiлiктердi беруi, бұл сатып алушы бәсекелесiнiң
сатып алушы алдында белгiлi бiр артықшылықтар алуына және (немесе)
сатып алушының шығын шегуiне әкеп соқса немесе әкеп соғу мүмкiн болса,
сатушының (өнiм берушiнiң) қызметкерiн сатып алушылық болып табылады.
27-бап. Сатып алушының қызметкерiн сатып алушылық
Сатушы (өнiм берушi) бәсекелесiнiң тiкелей
өзi немесе делдал арқылы сатып алушы қызметкерiнiң қызметтiк
мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн оған
мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктердi беруi, бұл сатушы (өнiм берушi)
бәсекелесiнiң сатушы (өнiм берушi) алдында белгiлi бiр артықшылықтар
алуына және (немесе) сатушының (өнiм берушiнiң) шығын шегуiне әкеп
соқса немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, қызметкердi сатып алушылық болып
табылады.
28-бап. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты
құқыққа сыйымсыз пайдалану
Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия болып
табылатын мәлiметтердi құқық иесiнiң рұқсатынсыз пайдалану коммерциялық
құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану болып
табылады.
3-БӨЛIМ. БӘСЕКЕЛЕСТIК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ
4-тарау. КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАТЫСУ
29-бап. Мемлекеттiң кәсiпкерлiк қызметке қатысу
принциптерi
1. Мемлекеттiң кәсiпкерлiк қызметке қатысу принциптерi:
1) заңдылық
2) негiздiлiк;
3) шектеулiлiк;
4) жарысқа қатыспаушылық болып табылады.
30-бап. Мемлекеттiң кәсiпкерлiк қызметке қатысуы
Мемлекеттiң кәсiпкерлiк қызметке қатысуы:
1) мемлекеттiк кәсiпорындар құру;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен жүзеге асырылады.
31-бап. Мемлекеттiң кәсiпкерлiк қызметке қатысуының
негiздерi
1. Мемлекет мынадай:
1) мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн,
қорғаныс қабiлетiн немесе қоғам мүддесiн қорғауды қамтамасыз етудiң
өзге мүмкiндiгi болмаған;
2) мемлекеттiк меншiктегi стратегиялық объектiлер пайдаланылған;
3) қоғамдық өндiрiстiң бәсекелестiк жоқ
немесе бәсекелестiк жеткiлiктi дамымаған салаларындағы тауарлар
өндiрiсiне қоғамдық қажеттiлiк болған жағдайларда қоғам мен мемлекеттiң
қажеттiлiктерiне қарай айқындалатын әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi
шешу мақсатында кәсiпкерлiк қызметке қатысады.
2. Мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының
(үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды
және өз қызметтерiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құру, мұндай құру Қазақстан
Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда,
монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген
жағдайда мемлекеттiк кәсiпорынды, акцияларының (үлестерiнiң) елу
проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және өз қызметтерiн
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен
аффилиирленген тұлғаларды құру туралы шешiм қабылдайтын орган
монополияға қарсы органға негiзделген материалдарды монополияға қарсы
орган белгiлеген нысан бойынша бере отырып, мұндай құру туралы
өтiнiшхат бередi.
Монополияға қарсы орган өтiнiшхат табыс
еткен тұлғаға келiсiм беру туралы немесе мұндай келiсiм беруден бас
тарту туралы негiзделген шешiмдi өтiнiшхат келiп түскен кезден бастап
күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде жiберуге мiндеттi.
Монополияға қарсы орган өтiнiшхатты қарау
барысында шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Қосымша ақпарат беру кезеңiнде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла
тұрады, монополияға қарсы орган бұл туралы өтiнiшхат берген тұлғаны
жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
4. Монополияға қарсы орган, егер мұндай
құру бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын болса, мемлекеттiк
кәсiпорынды, акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы
мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және өз қызметтерiн Қазақстан
Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген
тұлғаларды құруға келiсiм беруден бас тартады.
5. Монополияға қарсы органның мемлекеттiк
кәсiпорынды, акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы
мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және өз қызметтерiн Қазақстан
Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген
тұлғаларды құруға келiсiм беру туралы шешiмi өтiнiшхат берген тұлғаның
мұндай құрудың бәсекелестiкке терiс әсерiн жоятын немесе бәсеңдететiн
белгiлi талаптар мен мiндеттемелердi орындауымен байланыстырылуы мүмкiн.
6. Мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының
(үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар
және өз қызметтерiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге
асыратын, олармен аффилиирленген тұлғалар монополияға қарсы органның
алдын ала келiсiмiнсiз құрылған жағдайда монополияға қарсы орган
аталған iс-әрекеттерге сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.
7. Осы баптың 2-6-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайға ғана қолданылады.
32-бап. Мемлекеттiк монополия
1. Мемлекет тауарларды бәсекелес нарықта
өткiзу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауiпсiздiктiң, қоғамдық
тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың
денсаулығын сақтаудың жай-күйiне терiс ықпал етуi мүмкiн қызмет
салаларында тауарды өндiруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе
оларды пайдалануға мемлекеттiң айрықша құқығын Заңмен бекiту жолымен
бәсекелестiктi шектеуге құқылы.
2. Айрықша құқықты iске асыру мемлекеттiк
монополия субъектiсiн құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған мемлекеттiк кәсiпорын
ғана мемлекеттiк монополия субъектiсi бола алады.
3. Мемлекеттiк монополия субъектiсiне:
1) тауарларды өндiрумен технологиялық
тұрғыдан байланысты қызметтi қоспағанда, мемлекеттiк монополия саласына
жатпайтын тауарлар өндiруге;
2) заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық
капиталға қатысу үлестерiн) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметiне
өзгеше түрде қатысуға;
3) мемлекеттiк монополияға байланысты құқықтарды басқаға қайтадан беруге тыйым салынады.
4. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң
қызметiн мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттiк монополияны енгiзген кезде мынадай талаптар сақталады:
1) нарық субъектiлерi осы шешiм туралы ол қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде алты ай бұрын хабардар етiлуге тиiс;
2) мемлекеттiк монополия күшiне
енгiзiлгеннен кейiн осы тауарды алты ай мерзiм бойы өндiрумен, сатумен
айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектiлерi, орындалу мерзiмi
жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен асатын мәмiлелер жасауды қоспағанда, осы
тауарды өткiзудi жүзеге асыруға құқылы;
3) нарық субъектiлерiне мемлекеттiк
монополия енгiзу салдарынан келтiрiлген залалдар Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледi.
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТIККЕ
ҚАРСЫ IС-ӘРЕКЕТТЕРI
33-бап. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiкке қарсы
iс-әрекеттерi
1. Мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi
шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым
жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер,
жазбаша немесе ауызша нұсқаулар қабылдаудан, келiсiмдер жасасудан
немесе өзге де iс-әрекеттер жасаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы
iс-әрекеттерiне, мұндай iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толықтай
немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
2. Мемлекеттiк органдардың:
1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;
2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;
3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты
тыйым салуды белгiлеу немесе шектеулер енгiзу, нарық субъектiлерiнiң
тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулер енгiзу;
4) нарық субъектiсiне тауарларды сатып
алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн бiрiншi кезекте беру, не тауарларды
белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алу
туралы немесе басымдық тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар;
5) тауарларды сатып алушылардың осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;
6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер;
7) тауар нарығын аумақтық принцип,
тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың
ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып
алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған iс-әрекеттер;
8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, тауар нарығынан шығуын шектеу немесе оларды одан ығыстырып шығару;
9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды
бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе
басқа да басымдықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметте
қолайсыз немесе кемсiтушiлiк жағдайлар жасау;
10) нарық субъектiлерiн тауарларды
тұтынушылардың белгiлi бiр тобы үшiн бiрiншi кезекте беруге не
тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте
сатып алуға шарттарды басымдық тәртiбiмен жасасуға тiкелей немесе
жанама мәжбүрлеу iс-әрекеттерi де бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттер
болып танылады.
34-бап. Мемлекеттiк көмек
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
органдарының нарық субъектiлерiне осы Заңда көзделген мақсаттарда басқа
нарық субъектiлерiмен салыстырғанда нарықтың жекелеген субъектiлерiне
тиiстi тауар нарығында кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi
талаптарын қамтамасыз ететiн мүлiк және (немесе) ақша беруi мемлекеттiк
көмек болып табылады.
Мемлекеттiк көмек:
1) iргелi немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;
2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру;
3) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мақсаттарында берiледi.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы заңдарының, оның
iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған бюджет туралы заңның ережесiне
сәйкес нарық субъектiсiне артықшылықтар беру;
2) өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру;
3) мемлекеттiк мүлiктi нарық субъектiлерiне
шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында бекiтiп беру
мемлекеттiк көмек болып табылмайды.
35-бап. Мемлекеттiк көмек берудiң тәртiбi
1. Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк
көмек беруi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлген
iрiктеу нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
2. Нарық субъектiсiне iрiктеу нәтижелерi
бойынша мемлекеттiк көмек берудi жоспарлауға мемлекеттiк органдар
мұндай көмектi беруге келiсiм берiлуi туралы өтiнiшхатты монополияға
қарсы органға жiбередi. Өтiнiшхатқа:
1) мұндай көмектi берудiң мақсаты мен
мөлшерi көрсетiле отырып, мемлекеттiк көмек беру көзделетiн дәлелдi
қорытындысы бар шешiмнiң жобасы;
2) өзiне қатысты мемлекеттiк көмек беру
жоспарланатын нарық субъектiсiнiң өтiнiшхат берiлген жыл алдындағы
қаржы жылындағы, сондай-ақ уақыт кезеңiн көрсете отырып, жыл басынан
бергi ағымдағы кезеңдегi қызметi түрлерiнiң тiзбесi, өндiрген және
(немесе) өткiзген өнiм түрлерiнiң атаулары, өнiм көлемi;
3) өзiне қатысты мемлекеттiк көмек берiлу
ниетi бар нарық субъектiсiнiң өтiнiшхат берiлген күн алдындағы соңғы
есептi күнгi жағдай бойынша бухгалтерлiк балансы не, егер нарық
субъектiсi салық органдарына бухгалтерлiк балансты табыс етпейтiн
болса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де
құжаттама;
4) өзiне қатысты мемлекеттiк көмек берiлу
ниетi бар нарық субъектiсiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн тұлғалардың
тiзбесi қоса берiледi.
3. Монополияға қарсы орган табыс етiлген
өтiнiшхат пен құжаттарды қарайды және өтiнiшхат пен құжаттар алынған
күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде осындай өтiнiшхат бойынша
шешiм қабылдайды.
4. Монополияға қарсы орган өтiнiшхатты
қараған кезде мемлекеттiк органнан және өзiне мемлекеттiк көмек беру
жоспарланатын нарық субъектiсiнен өтiнiшхатты қарау үшiн қажеттi
қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Егер монополияға қарсы орган өтiнiшхатты
қарау барысында мемлекеттiк көмектiң бәсекелестiктiң дамуына ықпал ету
салдары туралы қосымша талдаудың қажеттiгi туралы қорытындыға келсе,
монополияға қарсы орган өтiнiшхатты қарау мерзiмiн ұзартады.
Өтiнiшхатты қарау мерзiмi екi айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
Монополияға қарсы орган мұндай шешiмнiң қабылданғаны туралы мемлекеттiк
органды және өзiне мемлекеттiк көмек беру жоспарланатын нарық
субъектiсiн үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.
5. Монополияға қарсы орган мемлекеттiк көмек беруге келiсiм беру туралы өтiнiшхатты қарау нәтижелерi бойынша мынадай:
1) егер ол бәсекелестiктi жоюға немесе
бәсекелестiкке жол бермеуге әкеп соқпайтын болса, мемлекеттiк көмек
беруге келiсiм беру туралы;
2) осы Заңның 34-бабының 1-тармағында
аталған мақсаттарға сәйкес келмейтiн немесе, егер оның берiлуi
бәсекелестiктi жоюға немесе шектеуге әкеп соғуы мүмкiн болса,
мемлекеттiк көмек беруге келiсiм беруден бас тарту туралы шешiмдердiң
бiрiн қабылдайды.
6. Монополияға қарсы органның мемлекеттiк
көмек беруге келiсiм беру туралы шешiмi мемлекеттiк көмек алатын нарық
субъектiсiнiң мемлекеттiк көмек беру нәтижесiнде туындайтын
бәсекелестiкке терiс ықпалды жоятын немесе бәсеңдететiн белгiлi бiр
шектеулердi орындауымен байланыстырылуы мүмкiн. Мыналар:
1) мемлекеттiк көмек берiлуi мүмкiн нарық субъектiлерiнiң тобы;
2) мемлекеттiк көмек берудiң нақты мақсаттары;
3) бәсекелестiктiң жай-күйiне ықпал етуi мүмкiн өзге де мән-жайлар шектеулер болып табылуы мүмкiн.
7. Егер монополияға қарсы орган өтiнiшхатты
қарау нәтижелерi бойынша осы баптың 6-тармағында көзделген шешiмдi
қабылдаса, өзiне мемлекеттiк көмек беру жоспарланатын нарық субъектiсi
мемлекеттiк көмек берiлген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде
монополияға қарсы органға шектеулердiң сақталуын растайтын құжаттарды
табыс етуге мiндеттi.
36-бап. Осы Заңның мемлекеттiк көмек беру және оны
пайдалану жөнiндегi талаптарын бұзудың салдарлары
1. Егер мемлекеттiк көмек монополияға қарсы
органның алдын ала келiсiмiнсiз берiлсе, оның берiлуi нәтижесiнде
бәсекелестiк шектелген немесе жойылған болса, сондай-ақ ол осы Заңның
34-бабының 1-тармағында аталған мақсаттарға сәйкес келмейтiн болса,
монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот мемлекеттiк көмек
беру туралы шешiмдi толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп тануы мүмкiн.
2. Егер нарық субъектiсi осы Заңның
35-бабының 6-тармағында көзделген мемлекеттiк көмек беруге шектеулердi
бұзуға бағытталған iс-әрекеттер жасаса және соның салдарынан
бәсекелестiк жойылса немесе шектелсе, мемлекеттiк көмектiң берiлуi
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жойылуы
мүмкiн.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген
жағдайларда нарық субъектiсi, егер сот шешiмiнде өзгеше көзделмесе,
алған мемлекеттiк көмектi бiр жыл iшiнде қайтаруға, сондай-ақ
мемлекеттiк органның мемлекеттiк көмектi беруiне байланысты шығындарын
өтеуге мiндеттi.
6-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН
37-бап. Монополияға қарсы органның жүйесi
1. Монополияға қарсы органның бiртұтас жүйесiн орталық мемлекеттiк орган және оған бағынысты аумақтық органдар құрайды.
2. Аумақтық органдар өзiнiң қызметiн
Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық мемлекеттiк орган
бекiткен ережелерде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.
38-бап. Монополияға қарсы органның мiндеттерi
Монополияға қарсы органның мiндеттерi:
1) адал бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасын құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және
тергеу, жолын кесу;
3) экономикалық шоғырлануға бақылау жасау;
4) бәсекелестiктi шектейтiн нарық субъектiлерiн монополиясыздандыру болып табылады.
39-бап. Монополияға қарсы органның құзыретi
Монополияға қарсы орган:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, бәсекелестiктi қорғау және монополистiк
қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк
қызметтi шектеу саласындағы мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарды
салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
3) монополияға қарсы орган құзыретiнiң мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi
шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актiлерiнiң, iс-әрекеттерiнiң
(әрекетсiздiгiнiң) жолын кеседi;
6) экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының табиғи
монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында көзделген
бұзушылықтарды қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе
монополиялық жағдайды терiс пайдаланудың алдын алады және оны жояды;
8) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке
қарсы келiсiмдерiн және келiсiлген iс-әрекеттерiн, жосықсыз
бәсекелестiктi болдырмайды және олардың жолын кеседi;
9) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
10) бәсекелестiктi дамыту, монополистiк
қызметтi шектеу және тауар нарықтарының жұмыс iстеуi салаларында
нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және келiседi;
11) тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйiн талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
12) тиiстi тауар нарығында үстем немесе
монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн талдауды және
оның мониторингiн жүзеге асырады;
13) тiзiлiмдi қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асырады;
14) тауарлардың өзара алмастырылу
критерийлерiн, оларды сатып алуға қолжетiмдiлiктi, сондай-ақ тауар
нарығының шекараларын қаржылық ұйымдарға қатысты - қаржы нарығы мен
қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органмен келiсiм бойынша айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес
ортаның жай-күйiне талдау және бағалау жүргiзу әдiстемесiн бекiтедi;
15) тауарларын реттелетiн нарықтарда
өткiзетiн нарық субъектiлерiн қоспағанда, үстем немесе монополиялық
жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен),
монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;
16) монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды айқындау жөнiндегi әдiстеменi бекiтедi;
17) нарық субъектiлерi мен мемлекеттiк
органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын
бұзушылық фактiлерi бойынша осы Заңда белгiленген тәртiппен тергеу
жүргiзедi;
18) осы Заңда көзделген өкiлеттiгiн жүзеге
асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен
мемлекеттiк органдардан, оның iшiнде статистика органдарынан, салық
және кеден органдарынан, нарық субъектiлерiнен, сондай-ақ лауазымды
және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, оның iшiнде
коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын
мәлiметтердi сұратады және алады;
19) нарық субъектiлерiне:
осы Заңды бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтiру;
осы Заңға қайшы келетiн шарттарды бұзу немесе өзгерту;
егер белгiлi бiр сатушылармен (өнiм
берушiлермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тарту не
жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектiсiмен шарт
жасасу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар шығарады;
20) мемлекеттiк органдарға өздерi
қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы,
бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздерi жасаған осы Заңға қайшы
келетiн келiсiмдердi бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға мiндеттi
нұсқамалар енгiзедi;
21) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазаларды қолданады;
22) сотқа талап қойып және өтiнiшпен
жүгiнедi, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты iстердi қараған кезде
процестерге қатысады;
23) реттеушi органдармен бiрлесiп,
Қазақстан Республикасының Үкiметiне тауар нарығын реттелетiн нарықтарға
жатқызу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
24) Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгiлерi бойынша
қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн құқық қорғау органдарына
материалдар жiбередi;
25) мемлекеттiк органдарға Қазақстан
Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестiктi қорғауға және
дамытуға бағытталған iс-шаралар өткiзу жөнiнде ұсынымдар бередi;
26) жекелеген тауар нарықтарындағы
бәсекелестiктiң жай-күйi және монополистiк қызметтi шектеу жөнiнде
қолданылатын шаралар туралы жылдық есептi жыл сайын Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының
Үкiметiне 1 маусымнан кешiктiрмей жiбередi.
40-бап. Монополияға қарсы органның басқармасы
1. Монополияға қарсы органның басшысы болып
табылатын төраға басқаратын Басқарма монополияға қарсы органның алқалы
басқару органы болып табылады.
2. Басқарманың құзыретi Монополияға қарсы орган туралы ережеде белгiленедi.
3. Басқарма бес адамнан тұрады.
Басқарма құрамына монополияға қарсы
органның басшысы, оның орынбасарлары және Қазақстан Республикасының
Үкiметiнен екi өкiл кiредi.
Қазақстан Республикасының Үкiметiнен Басқарма мүшелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды және босатады.
41-бап. Монополияға қарсы орган басқармасының өкiлеттiгi
1. Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретiне:
1) бәсекелестiк саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;
2) монополияға қарсы органның құзыретiне жатқызылған әдiстемелердi бекiту;
3) экономикалық шоғырлануға келiсiм беру
немесе тыйым салу туралы шешiмдер шығару, осы шешiмдердi қайта қарау
немесе күшiн жою туралы шешiмдер қабылдау;
4) жекелеген тауар нарықтарындағы
бәсекелестiктiң жай-күйi және монополистiк қызметтi шектеу жөнiнде
қолданылатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есептi мақұлдау;
5) нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе
оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше
заңды тұлғаларды бөлiп шығару туралы талап қойып сотқа жүгiну туралы
шешiм қабылдау;
6) бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы қорытындыға жасалған шағымдарды қарау;
7) тергеу мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдау;
8) Монополияға қарсы орган басқармасының жұмыс регламентiн бекiту;
9) монополияға қарсы органның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдердi қарау және қабылдау мәселелерi кiредi.
2. Монополияға қарсы орган басқармасының
отырысы қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет оның
мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде өткiзiледi.
Монополияға қарсы орган басқармасының отырысын - Басқарма төрағасы, ал
ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам жүргiзедi.
3. Монополияға қарсы орган қызметiнiң
мәселелерiн талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырысын өткiзудi
Басқарманың төрағасы не Басқарма мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен
бiрi талап етуге құқылы.
4. Басқарма шешiмi Басқарма мүшелерiнiң
жалпы санының кемiнде үштен екiсi дауыс беруге қатысқан жағдайда
Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең
болған кезде Басқарма төрағасының дауысы шешушi болады.
5. Шешiм Басқарма төрағасы болмаған кезде
қабылданған жағдайда ол бiр апта мерзiмнен кешiктiрiлмей Басқармаға
шешiмiн өзiнiң қарсылықтарымен қоса қайта талқылау және дауыс беру үшiн
қайтаруға құқылы. Басқарма төрағасының қарсылықтары Басқарма мүшелерi
жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiлуi мүмкiн.
6. Басқарма өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
7. Басқарманың отырысында хаттама
жүргiзiледi. Төраға Басқарма хатшысының функциясын Басқарманың кез
келген мүшесiне немесе монополияға қарсы органның қызметкерiне жүктей
алады.
8. Басқарма отырысында қарауға арналған
құжаттар Басқарма отырысы басталардан күнтiзбелiк он күннен
кешiктiрiлмей енгiзiледi. Басқарма төрағасы материалдарды алдын ала
қараудың өзге де мерзiмдерiн белгiлеуге құқылы.
42-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерiнiң құқықтары
Монополияға қарсы орган қызметкерлерiнiң
қызметтiк мiндеттерiн атқарған, оның iшiнде Қазақстан Республикасының
монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы өтiнiштердi қараған,
монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы iстi тергеген, экономикалық
шоғырлануға бақылауды жүзеге асырған және бәсекелестiк деңгейiнiң
жай-күйiн айқындаған кезде өздерiне жүктелген өкiлеттiктерге сәйкес
қызметтiк куәлiктерiн және монополияға қарсы орган басшысының Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына тергеу
жүргiзу туралы шешiмiн көрсеткен кезде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтай отырып, мемлекеттiк органдар мен нарық
субъектiлерiнiң үй-жайлары мен аумақтарына кедергiсiз кiруге;
2) мемлекеттiк органдардан, нарық
субъектiлерiнен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды
тұлғалардан ақпарат, оның iшiнде Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының жол берiлген бұзушылық фактiлерi бойынша жазбаша
және (немесе) ауызша түсiнiктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
43-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерiнiң
коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын
өзге де құпияларды сақтау жөнiндегi мiндетi
1. Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өзiнiң
өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде алған коммерциялық, қызметтiк,
заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпарат жария
етiлуге жатпайды.
2. Монополияға қарсы органның қызметкерлерi
коммерциялық, қызметтiк, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып
табылатын ақпаратты жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
3. Монополияға қарсы органның не оның
лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтiк, заңмен қорғалатын өзге
де құпиялар болып табылатын ақпараттарды жария етуi нәтижесiнде жеке
немесе заңды тұлғаға келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
7-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ РЕТТЕУШI ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА IС-ҚИМЫЛЫ
44-бап. Монополияға қарсы және реттеушi органдардың
өзара iс-қимылы
1. Монополияға қарсы орган өз өкiлеттiгi шегiнде реттеушi органдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады:
1) тауар нарықтарын талдау нәтижелерi
бойынша реттеушi органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының
Үкiметiне тауар нарығын реттелетiн нарықтарға жатқызу жөнiнде, оның
iшiнде мемлекет реттейтiн бағаларды енгiзу орынды болатын өнiмдер,
тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар
енгiзедi;
2) тауар нарығын реттелетiн нарыққа
жатқызған кезде реттеушi органдарға және осы нарықта үстем немесе
монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне тiзiлiмнен үзiндi көшiрме
жiбередi;
3) реттеушi органдарға табиғи монополия
субъектiлерiнiң немесе қызметiн реттелетiн нарықтарда жүзеге асыратын
нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған
белгiлерi туралы хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды бередi;
4) реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық
субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және
реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнiнде
бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге қатыса алады.
2. Реттеушi органдар өз өкiлеттiгi шегiнде монополияға қарсы органмен өзара iс-қимылды жүзеге асырады:
1) монополияға қарсы органмен бiрлесiп,
Қазақстан Республикасының Үкiметiне тауар нарығын реттелетiн нарықтарға
жатқызу жөнiнде, оның iшiнде мемлекет реттейтiн бағалар енгiзу орынды
болатын өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы
бойынша ұсыныстар енгiзедi;
2) монополияға қарсы органға табиғи
монополиялар субъектiлерiнiң немесе қызметiн реттелетiн нарықтарда
жүзеге асыратын нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының
монополияға қарсы заңнамасын бұзуының анықталған белгiлерi туралы
хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды бередi;
3) монополияға қарсы органмен бiрлесiп,
нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнiнде бiрлескен iс-шаралар жүргiзуге
қатыса алады.
45-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының
өзара iс-қимылы
1. Монополияға қарсы орган өз өкiлеттiгi
шегiнде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен мынадай
нысандарда өзара iс-қимылды жүзеге асырады:
1) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактiлерi туралы хабарлайды;
2) тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерiн бередi;
3) құқық қорғау органдарының сауал салуы
бойынша өз құзыретi шегiнде зерттеулер, сараптамалар жүргiзедi және
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелерi
бойынша қорытындылар бередi;
4) құқық қорғау органдарының, олардың
аумақтық бөлiмшелерiнiң қаулылары мен сауал салуы бойынша өз
қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының
бұзылуын тергеу жөнiндегi iс жүргiзу әрекеттерi мен iс-шараларына
қатысуы үшiн сарапшылар ретiнде жiбередi.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау
органдары өз өкiлеттiгi шегiнде монополияға қарсы органмен мынадай
нысандарда өзара iс-қимылды жүзеге асырады:
1) монополияға қарсы органға Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласында анықталған құқық
бұзушылықтар туралы хабарлайды;
2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық органдарының сауал салуы мен өтiнiштерi бойынша:
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеу жөнiндегi бiрлескен iс-шараларды
жүргiзуге, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерiнiң қызметтiк
мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн құқыққа қайшы iс-әрекеттердiң
жолын кесу үшiн қызметкерлерiн жiбередi;
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген тәртiппен монополияға қарсы органның жазбаша сауал салуына
сәйкес Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын
бұзушылардың тұрған жерiн анықтау және оларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке
тарту үшiн монополияға қарсы органға жеткiзу жөнiнде шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының қылмыстық iс
жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен монополияға қарсы орган табыс
ететiн қылмыстық жаза қолданылатын белгiлерi бар бәсекелестiкке қарсы
iс-әрекеттердiң материалдары бойынша қылмыстық iс қозғау туралы шешiм
қабылдайды, ол туралы монополияға қарсы органға хабарлайды;
монополияға қарсы органға Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың
дәлелдемелерiн табуға және бекiтуге практикалық көмек көрсетедi.
4-БӨЛIМ. БӘСЕКЕЛЕСТIКТI ҚОРҒАУ
8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
46-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган:
1) тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйiне талдау;
2) экономикалық шоғырлануға бақылау;
3) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң
қызметтерiне мониторинг жүргiзедi.
47-бап. Тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйiн
талдау
1. Тауар нарықтарына талдау жүргiзудiң
мақсаты бәсекелестiктi қорғау мен дамытуға, монополистiк қызметтiң
алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенiн
әзiрлеу үшiн бәсекелестiк деңгейiн айқындау, үстем немесе монополиялық
жағдайға ие нарық субъектiлерiн анықтау болып табылады.
2. Тауар нарығын талдау мемлекеттiк
статистикалық есептiлiктiң деректерi және мемлекеттiк органдар, нарық
субъектiлерi мен олардың бiрлестiктерi табыс ететiн есептiлiктiң өзге
де нысандары негiзiнде жүргiзiледi.
3. Тауар нарығының шекаралары, егер тауарды
немесе өзара алмастырылатын тауарды осы аумақтың шегiнен тыс жерлерден
сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа себептер бойынша
орынсыз болса, тұтынушының оларды сатып алатын аумағын айқындайды.
4. Тауар нарықтарының шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетiмдiлiгi ескерiле отырып, мынадай:
1) осы аумақта тауар сатып алу мүмкiндiгiнiң
2) көлiк шығындарының тауар құнына қатысты алғанда негiздiлiгi мен өзiн-өзi ақтайтындығының
3) тауарды тасымалдау кезiнде оның сапасы, сенiмдiлiгi мен басқа да тұтынушылық қасиеттерi сақталуының
4) тауарларды сатып алуға-сатуға, әкелуге және әкетуге шектеулер (тыйым салу) болмауының
5) өз шегiнде тауарлардың сатылуы, берiлуi
жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестiкке тең жағдайлар болуының
критерийлерi бойынша айқындалады.
5. Тиiстi тауар нарықтарының шекараларын айқындауды монополияға қарсы орган:
1) тауарлар нарықтарына талдау жасау кезiнде;
2) тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу кезiнде;
3) жеке тұлғаның, нарық субъектiсiнiң және
(немесе) заңды тұлғалар бiрлестiктерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк
органның дәлелдi өтiнiшi болған жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактiлерi анықталған кезде жүзеге асырады.
6. Тауар нарығының көлемi тауардың немесе
өзара алмастырылатын тауарлардың әкелiну және әкетiлу көлемдерi
ескерiле отырып, нарық субъектiлерiнiң тауарды немесе өзара
алмастырылатын тауарларды нарықтың шекаралары шегiнде өткiзуiнiң заттай
көрсеткiштердегi немесе құн көрсеткiштерiндегi сомасы ретiнде
айқындалады.
Нарық субъектiсi өз өнiмiнiң бiр бөлiгiн өз
мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткiзу көлемiне тауар нарығындағы
өткiзу көлемi ғана қосылады.
7. Нарық субъектiсiнiң тиiстi тауар
нарығындағы үлесi нарық субъектiсiнiң тауарды немесе өзара
алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегiнде
өткiзу көлемiнiң тиiстi тауар нарығының жалпы көлемiне қатынасы ретiнде
айқындалады.
8. Нарық субъектiлерiнiң үлесiн айқындау
өнiм беру көлемiнiң үлесi өнiм берудiң жалпы көлемiнде сексен бес
проценттен асатын субъектiлердiң ақпараты болған кезде мүмкiн болады.
9. Монополияға қарсы орган тауарлардың
өзара алмастырылуының және оларды сатып алуға қолжетiмдiлiктiң, тауар
нарығы шекараларының, оны талдаудың және бәсекелес ортаның жай-күйiн
бағалаудың критерийлерiн айқындау әдiстемесiн тауардың ерекшелiгiн және
Қазақстан Республикасының экономиканың тиiстi саласын реттейтiн
заңнамасын ескере отырып, уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша, ал
қаржылық ұйымдар үшiн қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен
қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша
бекiтедi.
10. Нарық субъектiлерi, олардың
бiрлестiктерi мен басшылары, мемлекеттiк органдар, оның iшiнде
статистика органдары, салық және кеден органдары, олардың лауазымды
адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкiлеттiктердi
жүзеге асыру үшiн қажеттi дәйектi құжаттарды, жазбаша және ауызша
түсiндiрмелердi және өзге де ақпаратты, оның iшiнде коммерциялық құпия
болып табылатын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуi бойынша
беруге мiндеттi.
48-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық
субъектiлерi қызметiнiң мониторингi
1. Тиiстi тауар нарығында үстем немесе
монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметi мониторингiнiң
мақсаты, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн
нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, үстем
немесе монополиялық жағдайды терiс пайдаланумен байланысты
бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады.
2. Тiзiлiмге енгiзiлген нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк
есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес бiрiншi жарты
жылдықтың қорытындылары бойынша қаржылық есептiлiктi - ағымдағы жылдың
1 тамызына дейiн, екiншi жартыжылдықтың қорытындылары бойынша қаржылық
есептiлiктi - келесi жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде;
2) өзiнiң дауыс беретiн акцияларының
(қатысу үлестерiнiң, пайларының) он және одан да көп процентiн сату
немесе сенiмгерлiк басқаруға беру туралы тоқсан сайынғы ақпаратты -
есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-iне дейiнгi мерзiмде;
3) өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша
өндiру мен өткiзу көлемдерi, өткiзiлетiн монополиялық тауарлардың
босатылу бағалары мен табыстылық деңгейi туралы, монополияға қарсы
орган белгiлейтiн нысан бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты есептi
кезеңнен кейiнгi айдың 15-iне дейiнгi мерзiмде беруге мiндеттi.
49-бап. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттiк бақылау
1. Үстем не монополиялық жағдайдың пайда
болуын немесе күшеюiн және (немесе) бәсекелестiктi шектеудi болғызбау
мақсатында монополияға қарсы орган осы Заңның 50-бабында көзделген
мәмiлелердi (iс-әрекеттердi) жүзеге асыруға монополияға қарсы органның
алдын ала келiсiмiн алу түрiнде көрiнетiн экономикалық шоғырлануға
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
2. Экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға
ниеттенген нарық субъектiлерi экономикалық шоғырлануға келiсiм беру
туралы өтiнiшхатпен монополияға қарсы органға жүгiнедi.
3. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық
рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданыла отырып
жүргiзiлсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше
көзделмесе, өтiнiшхат конкурс рәсiмi басталғанға дейiн де, одан кейiн
де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап, отыз күннен кешiктiрiлмей
берiлуi мүмкiн.
4. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1), 3)
және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тiркеушi орган нарық
субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалған
мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға
қарсы органның келiсiмiмен жүзеге асырады.
5. Монополияға қарсы органның келiсiмiнсiз
жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының үстем немесе
монополиялық жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе)
бәсекелестiктi шектеуге әкеп соққан экономикалық шоғырлануды сот
монополияға қарсы
органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған
нарық субъектiсiн, жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалған
мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға
қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы
мүмкiн және олардың күшi жойылады.
50-бап. Экономикалық шоғырлану
1. Мыналар:
1) нарық субъектiсiн бiрiгу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық
субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларды (қатысу
үлестерiн, пайларды) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар
тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (қатысу
үлестерiне, пайларына) билiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң
жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (қатысу үлестерiнiң,
пайлардың) жиырма бес немесе одан да аз процентiне билiк етсе, мұндай
тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (қатысу үлестерiнiң,
пайлардың) жиырма бес проценттен астамына билiк етуге құқық алады;
3) егер мәмiленiң (өзара байланысты
мәмiлелердiң) нысанасы болып табылатын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi
иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi
өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерi баланстық
құнының он процентiнен асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар
тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк
құрал-жабдықтарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке
алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу
(беру) есебiнен меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;
4) нарық субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi
басқа нарық субъектiсi жүргiзген кезде олардың орындауына мiндеттi
нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға
мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт,
бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтар алуы;
5) белгiлi бiр жеке тұлғалардың екi және
одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар
кеңесiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына
аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлердiң кәсiпкерлiк қызметiн
жүргiзу жағдайларын айқындау шартымен қатысуы экономикалық шоғырлану
деп танылады.
2. Мыналар:
1) нарық субъектiсiнiң акцияларын (қатысу
үлестерiн, пайларын) қаржылық ұйымдардың сатып алуы, егер бұл сатып
алу, оларды кейiннен қайта сату мақсатында аталған ұйымның нарық
субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен
жүзеге асырылатын болса;
2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушыны, уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмшiнi) тағайындау;
3) осы баптың 1-тармағында аталған
мәмiлелердi жүзеге асыру, егер мұндай мәмiле бiр тұлғалар тобының
iшiнде жасалса, экономикалық шоғырлану болып танылмайды.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық
субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар
тобының), сондай-ақ өзiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беру
құқығындағы акциялары (қатысу үлестерi, пайлары) сатып алынатын нарық
субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы
қаржы жылында тауар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтiнiшхат берiлген күнi
қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң екi миллион еселенген
мөлшерiнен асып кеткен немесе мәмiлеге қатысушы тұлғалардың бiрi тиiстi
тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi
болып табылған жағдайларда осы баптың 1-тармағында аталған мәмiлелердi
жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келiсiмi талап етiледi.
Егер қаржылық ұйым активтерiнiң құны не өз
капиталының шамасы монополияға қарсы органның қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен
бiрлесiп белгiлеген мөлшерлерiнен асып кетсе, қаржылық ұйымдар
қатысатын экономикалық шоғырлануға келiсiм беру жүзеге асырылуы мүмкiн.
4. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар
нарықтарын талдау негiзiнде аталған нарықтар үшiн осы бапта көрсетiлген
мәмiлелердi жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келiсiмi қажет
болатын активтер құны мен тауарлар өткiзу көлемiнiң неғұрлым жоғары
мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
5. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы
баптың 3-тармағына сәйкес экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы
өтiнiшхат берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды
өткiзуден түскен_табыс (ақшалай түсiм) сомасы ретiнде қосылған құн
салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.
Нарық субъектiсi қызметiн бiр жылдан аз
жүзеге асырған жағдайда тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсi жұмыс
iстеген кезең үшiн айқындалады.
51-бап. Экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы
өтiнiшхат беретiн тұлғалар
1. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1)
тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға
өтiнiшхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiлерiнiң
құрылтайшылары бередi.
2. Осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2)-5)
тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру
туралы өтiнiшхатты монополияға қарсы органға акцияларды (қатысу
үлестерiн, пайларды), негiзгi өндiрiс құрал-жабдықтарын, материалдық
емес активтердi немесе тиiстi құқықтарды алатын тұлға бередi.
3. Егер осы Заңның 50-бабының 1-тармағында
аталған мәмiленiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда
өтiнiшхатты мәмiлеге басқа қатысушылардың атынан олардың бiреуi беруi
мүмкiн. Өтiнiшхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi
қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге
уәкiлеттi тұлға көрсетiледi.
52-бап. Өтiнiшхатты беру тәртiбi
1. Өтiнiшхат осы Заңның 53-бабында аталған
құжаттар мен мәлiметтер қоса тiркеле отырып, монополияға қарсы орган
белгiлеген нысан бойынша жазбаша түрде жасалады.
2. Өтiнiшхатта көрсетiлген мәлiметтер және
өтiнiшхатқа қоса тiркелген құжаттар дәйектi және толық болуға, түпнұсқа
немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен
расталған түпнұсқа көшiрмелерi түрiнде табыс етiлуге тиiс. Өтiнiшхатқа
қол қойған тұлға өтiнiшхатта және оған қосымшаларда берiлген мәлiметтер
мен құжаттардың дәйектiлiгi мен толықтығын жазбаша растауға тиiс.
3. Өтiнiшхат және оған қосымшалар тiгiлген түрде берiледi және өтiнiшхат берушi тұлғаның мөрiмен расталады.
Жеке тұлға табыс ететiн өтiнiшхат және оған
қосымшалар тiгiлген түрде берiледi және жеке тұлғаның нотариат
куәландырған қолымен расталады.
4. Табыс етiлетiн құжаттар мен мәлiметтер
нөмiрленедi және осы Заңның 53-бабының тармақтары мен тармақшаларының
нөмiрлерi көрсетiле отырып табыс етiледi. Тармақтың және тармақшаның
әрбiр сұрағына толық жауап берiледi.
Толық ақпарат табыс ету мүмкiндiгi болмаған
жағдайда, экономикалық шоғырлануға қатысушы бағалау немесе болжамдық
ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете
отырып бередi, сондай-ақ ақпараттың алынған көздерi мен пайдаланылған
бағалау мен болжам жасау әдiстерi көрсетiледi.
5. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат "коммерциялық құпия" деген мiндеттi белгiмен табыс етiледi.
6. Өтiнiшхатқа мәлiметтер мен құжаттар
өтiнiшхат берiлген жылдың алдындағы қаржы жылы үшiн, сондай-ақ уақыт
кезеңi көрсетiле отырып, жыл басынан бергi ағымдағы кезең үшiн табыс
етiледi.
Жыл басынан бергi ағымдағы кезең үшiн
жасалған мәлiметтер мен құжаттар болмаған жағдайда, мәлiметтер мен
құжаттар өтiнiшхат берiлген жылдың алдындағы қаржы жылы үшiн табыс
етiледi.
Егер нарық субъектiсi өтiнiшхат берiлгеннiң
алдындағы соңғы қаржы жылынан аз мерзiм iшiнде жұмыс iстеген жағдайда,
мәлiметтер мен құжаттар нарық субъектiсiнiң қызметтi жүзеге асыруы
басталғаннан бергi уақыт үшiн табыс етiледi.
7. Нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының)
Қазақстан Республикасында тауарлар өндiру көлемдерi туралы, өткiзу
туралы, тауарлар экспорты мен импортының көлемi туралы мәлiметтерi
өтiнiшхат берiлген жылдың алдындағы екi қаржы жылы үшiн, жыл басынан
бастап ағымдағы кезең үшiн табыс етiледi, сондай-ақ ағымдағы кезеңнен
кейiнгi үш жылға арналған болжам табыс етiледi.
Егер нарық субъектiсi қызметiн өтiнiшхат
берiлген кезге қарай екi жылдан аз уақытта жүзеге асырған жағдайда,
мәлiметтер мен құжаттар нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруы
басталғаннан бергi уақыт үшiн табыс етiледi.
8. Егер монополияға қарсы органның шешiмi
үшiншi тұлғалардың осы Заңмен қорғалатын құқықтарын елеулi түрде
қозғауы мүмкiн болса, олар экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы
өтiнiшхаттарды қарауға қатысуға құқылы.
Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру
туралы өтiнiшхаттарды қарауға үшiншi тұлғаларды тарту мәселесiн
монополияға қарсы орган шешедi, ол туралы өтiнiшхат берген тұлға
хабардар етiледi.
53-бап. Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы
өтiнiшхатқа қоса берiлетiн құжаттама
1. Монополияға қарсы органға осы Заңның
50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген экономикалық
шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты табыс ету үшiн қажеттi
құжаттама:
1) тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасын;
2) қызмет түрлерiндегi немесе олардың
iскерлiк операцияларының географиясындағы жоспарланып отырған
өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру
мақсатының негiздемесiн;
3) құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шартын немесе олардың жобаларын;
4) құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiктердi беру мәлiметтерi мен шарттарының тiзбесiн қамтиды;
5) қайта ұйымдастырылатын нарық
субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын
нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық
субъектiсi бойынша:
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзiндегi және iс жүзiндегi мекенжайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын
құжат деректерi, азаматтығы туралы мәлiметтер, сондай-ақ тұрғылықты
жерiнiң мекенжайы көрсетiледi;
6) басқа да нарық субъектiлерiнiң атқарушы
органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) мүшелерi болып
табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң)
лауазымы көрсетiлген мүшелерiнiң тiзiмiн;
7) қайта ұйымдастырылатын нарық
субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң,
тауарлардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемiн;
8) қайта ұйымдастырылатын нарық
субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi
өндiретiн немесе өткiзетiн сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын
тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына
экспорты мен импортының көлемiн;
9) белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын
тауарлардың осы мәмiленi жасау нәтижесiнде өндiрiлу және өткiзiлу
болжамын қамтиды.
2. Монополияға қарсы органға осы Заңның
50-бабы 1-тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген экономикалық
шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты беру үшiн қажеттi құжаттар
мен мәлiметтердiң тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша:
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзiндегi және iс жүзiндегi мекенжайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
жеке тұлға үшiн - оның жеке басын
куәландыратын құжат деректерi, азаматтығы туралы мәлiметтер, сондай-ақ
тұрғылықты мекенжайы;
өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1)
тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген iс-әрекеттер жасалатын
нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара
алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң,
олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемi
көрсетiледi;
3) басқа да нарық субъектiлерiнiң атқарушы
органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) мүшелерi болып
табылатын, атқарушы органның, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң)
лауазымы көрсетiлген мүшелерiнiң тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1)
тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген iс-әрекеттер жасалатын
нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың
Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1)
тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген iс-әрекеттер жасалатын
нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық
субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн белгiлi бiр немесе өзара
алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың Қазақстан
Республикасына экспорты мен импортының көлемi;
6) мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты
осы Заңның 50-бабы 1) тармағының 2), 4) тармақшаларында көзделген
iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне қатысты сатып алушы алатын
құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде:
сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн билiк
ететiн нарық субъектiсi акцияларының (қатысу үлестерiнiң, пайларының)
саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң
жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларының (қатысу
үлестерiнiң, пайларының) жалпы санынан проценттiк үлесi және олардың
нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы проценттiк үлесi;
сатып алушының нарық субъектiсiне және оның тұлғалар тобына қатысты алатын құқықтарының тiзбесi;
7) белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасау нәтижесiндегi өндiрiлу және өткiзiлу болжамы.
3. Монополияға қарсы органға осы Заңның
50-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген экономикалық
шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшхат беру үшiн қажеттi құжаттар
тiзбесi:
1) шарт немесе шарттың жобасы;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша:
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзiндегi және iс жүзiндегi мекенжайы, қатысу нысаны;
жарғылық капиталының шамасы және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжат деректерi, азаматтығы туралы мәлiметтер, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы;
сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы
өндiрiлетiн белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру
мен өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының
көлемi көрсетiледi;
3) мәмiле нысанасы болып табылатын мүлiктiң баланстық құны көрсетiлген тiзбесi;
4) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып,
алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және
пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;
5) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарлар өндiру мен өткiзудiң болжамы;
6) белгiлi бiр немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасау нәтижесiндегi өндiрiлу және өткiзiлу болжамы.
4. Монополияға қарсы органға осы Заңның
50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген экономикалық
шоғырлануға рұқсат беру туралы өтiнiшхат беру үшiн қажеттi құжаттар
тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық
субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңесiне, байқаушы
кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке
тұлға туралы мәлiмет:
жеке басын куәландыратын құжат деректерi,
азаматтығы туралы мәлiметтер, жұмыс орны, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк
қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн
өкiлеттiктерiн көрсете отырып, атқаратын лауазымы;
өкiлеттiктерiн көрсете отырып, оларда
өтiнiшхат берушi тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын
айқындайтын заңды тұлғалардың тiзбесi;
2) өтiнiшхат берушi тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) атқарушы органдарына, директорлар
кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына
өтiнiшхат берушi тұлғаның кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi
лауазымның атауы;
4) атқарушы органдарына, директорлар
кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына
өтiнiшхат берушi тұлғаның кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi
осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк
беретiн құқықтардың тiзбесi;
5) өтiнiшхат берушi тұлға кәсiпкерлiк
қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын әрбiр нарық субъектiсi бойынша
және тұлғалар тобында:
нарық субъектiсiнiң атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзiндегi және iс жүзiндегi мекенжайлары;
тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың Қазақстан Республикасына экспорты мен импортының көлемi көрсетiледi;
6) өтiнiшхат берушi тұлғаның қатысуы
жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн
тұлғалар тобы бойынша:
нарық субъектiсiнiң атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, заң жүзiндегi және iс жүзiндегi мекенжайлары;
өздерiнде өтiнiшхат берушi тұлға
кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен
тұлғалар тобы өндiретiн немесе өткiзетiн белгiлi бiр немесе өзара
алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың Қазақстан
Республикасына экспорты мен импортының көлемi.
5. Шетелдiк заңды тұлғалар осы бапқа сәйкес берiлетiн ақпараттан басқа қосымша:
1) өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес
шыққан елдiң сауда тiзiлiмiнен немесе оның заңды мәртебесiн растайтын
балама құжаттан нотариаттық расталған үзiндi көшiрменi;
2) егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан
Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды
немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтер және филиал немесе
өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн табыс етедi;
3) егер сатып алушының - шетелдiк заңды
тұлғаның немесе шетел қатысатын нарық субъектiсiнiң Қазақстан
Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе
өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн немесе өткiзетiн
тауарларының түрлерi тiзiп көрсетiледi.
6. Егер қосымша мәлiметтердiң немесе
құжаттардың болмауы өтiнiшхатты қарауға кедергi келтiретiн болса,
монополияға қарсы орган өтiнiш берушiден немесе басқа тұлғалардан,
сондай-ақ мемлекеттiк органдардан оларды сұратуға құқылы.
Монополияға қарсы орган ақпаратты немесе құжаттарды беру үшiн белгiлейтiн мерзiм күнтiзбелiк он күннен кем болмауға тиiс.
54-бап. Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы
өтiнiшхаттарды қарау мерзiмдерi
1. Монополияға қарсы орган өтiнiшхатты
алған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде табыс етiлген
материалдардың толықтығын тексеруге және өтiнiшхат берушi тұлғаны
өтiнiшхатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас
тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
2. Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру
туралы өтiнiшхатты қарау мерзiмi өтiнiшхат қарауға қабылданған кезден
бастап күнтiзбелiк елу күннен аспауға тиiс.
3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi:
1) монополияға қарсы орган немесе сот
аталған өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша
шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған;
2) монополияға қарсы орган қаралатын
өтiнiшхат бойынша нарық субъектiсiнен немесе мемлекеттiк органнан
қосымша ақпарат сұратқан жағдайларда тоқтатыла тұрады.
4. Монополияға қарсы орган экономикалық
шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты қарауды тоқтата тұруға
себеп болған мән-жайлар жойылғаннан кейiн қарауды қайта бастайды.
Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты қарау
мерзiмiнiң өтуi қарау қайта басталған күннен бастап жалғасады.
5. Монополияға қарсы орган өтiнiшхатты
қарауды тоқтата тұру және қайта бастау туралы шешiм қабылданған кезден
бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiшхат берушiнi осындай шешiм туралы
жазбаша түрде хабардар етуге тиiс.
55-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
1. Егер экономикалық шоғырлану нарық
субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық
жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестiктi
шектеуге алып келетiн болса, оған тыйым салынады.
2. Монополияға қарсы орган, егер тиiстi
мәмiлеге қатысушылар өздерiнiң iс-әрекеттерiнен болатын оң әсердiң
экономикалық шоғырлану жүзеге асырылатын тауар нарығындағы терiс
салдардан артық болатынын дәлелдесе, нарық субъектiсiнiң немесе
тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыру немесе
күшейту және (немесе) бәсекелестiктi шектеу мүмкiн болатын жағдайда
экономикалық шоғырлануға келiсiм беруге құқылы.
56-бап. Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы
өтiнiшхат бойынша шешiм
1. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты қарау нәтижелерi бойынша:
1) экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы;
2) дәлелдi қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
2. Монополияға қарсы органның экономикалық
шоғырлануға келiсiм беру немесе экономикалық шоғырлануға тыйым салу
туралы шешiмi монополияға қарсы органның актiсiмен ресiмделедi және
осындай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiшхат
берушi тұлғаға, ал қаржылық ұйымдарға қатысты қаржы нарығы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға да
жiберiледi.
3. Монополияға қарсы органның экономикалық
шоғырлануға келiсiм беру туралы шешiмi экономикалық шоғырлануға
қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекелестiкке терiс ықпалын
жоятын немесе бәсеңдететiн белгiлi бiр талаптар мен мiндеттемелердi
орындауымен байланыстырылуы мүмкiн. Мұндай шарттар мен мiндеттемелер,
оның iшiнде мүлiктi басқару, пайдалану немесе оған билiк ету жөнiндегi
шектеулерге қатысты болуы мүмкiн.
4. Экономикалық шоғырлану монополияға қарсы
органның экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы шешiмi
қабылданған күннен бастап бiр жыл iшiнде жүзеге асырылуға тиiс. Егер
экономикалық шоғырлану белгiленген мерзiмде жүзеге асырылмаса,
экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға келiсiм
беру туралы жаңа өтiнiшхат бередi.
5. Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша:
1) егер шешiм қабылданғаннан кейiн үш жыл
iшiнде осы шешiмдi қабылдаудан бас тартылуға тиiс екендiгiне негiз
болатын мән-жайлар белгiлi болған;
2) егер шешiм экономикалық шоғырлануды
жүзеге асыру туралы өтiнiшхат берген тұлға ұсынған дәйексiз ақпарат
негiзiнде қабылданса, мұның өзi заңсыз шешiм қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары
монополияға қарсы органның шешiмiне орай туындаған талаптар мен
мiндеттемелердi орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға
келiсiм беру немесе оған тыйым салу туралы шешiмiн қайта қарауы мүмкiн.
6. Шешiмдi қайта қарау нәтижелерi бойынша монополияға қарсы орган:
1) шешiмдi өзгерiссiз қалдырады;
2) шешiмдi өзгертедi;
3) шешiмнiң күшiн жояды;
4) жаңа шешiм қабылдайды.
7. Егер монополияға қарсы орган шешiмдi
қайта қарау нәтижелерi бойынша экономикалық шоғырлануға берiлген
келiсiмнiң күшiн жою туралы шешiм қабылдаса, нарық субъектiсiн,
жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалған мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы
бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылады және күшi жойылады.
8. Өтiнiш берушi монополияға қарсы органның
бұрын қабылдаған шешiмiн өзгерте алатын қосымша ақпарат пен құжаттарды
қарау үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өтiнiшхат бередi.
9. Монополияға қарсы органның экономикалық
шоғырлануға бұрын қабылданған шешiмiн қайта қарау жөнiндегi шешiмi
монополияға қарсы органның актiсiмен ресiмделедi және мұндай шешiм
қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде мүдделi тұлғаға
жiберiледi.
57-бап. Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы
өтiнiшхатты қарауды тоқтату негiздерi
1. Экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхатты қарау:
1) өтiнiш берушiлерден өтiнiшхатты керi қайтарып алу туралы хабарлама түскен;
2) өтiнiш берушi ақпаратты монополияға
қарсы орган белгiлеген мерзiмде бермеген, егер мұндай ақпараттың
болмауы өтiнiшхатты қарауға кедергi келтiретiн болған;
3) өтiнiш берушi өтiнiшхатты объективтi түрде қарауға ықпал ететiн дәйексiз ақпарат берген жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Монополияға қарсы органның өтiнiшхатты
қарауды тоқтату туралы шешiмi монополияға қарсы органның актiсiмен
ресiмделедi және мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi
iшiнде өтiнiшхат берушi тұлғаға жiберiледi.
3. Өтiнiш берушi өтiнiшхатты қарау
тоқтатылғаннан кейiн монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға
келiсiм беру туралы жаңа өтiнiшпен жүгiнуге құқылы.
9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
58-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеудi бастау үшiн
негiздер
1. Монополияға қарсы орган өз өкiлеттiгi
шегiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының
бұзылуын тергейдi және тергеу нәтижелерi бойынша шешiм қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәлiметтердiң монополияға қарсы
органға келiп түсуi тергеудi бастау үшiн негiз болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуы көрсетiле отырып, мемлекеттiк органдардан
келiп түскен материалдар;
2) жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшi;
3) монополияға қарсы органның өз қызметiн
жүзеге асыруы кезiнде нарық субъектiлерiнiң iс-әрекеттерiнен Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгiлерiн
анықтауы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының монополияға қарсы органға өтiнiшi болып табылады.
3. Тергеудiң басталуы Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы
мәлiметтердi алдын ала қарау туралы бұйрықпен ресiмделедi.
4. Тергеудiң басталуы туралы бұйрықтың
көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей
өтiнiш берушiге жiберiледi.
59-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуы туралы мәлiметтердi алдын
ала қарау
1. Монополияға қарсы орган Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы
мәлiметтердi келiп түскен күнiнен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде
алдын ала қарауды жүргiзедi. Монополияға қарсы органға Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгiлерiнiң
болуы туралы немесе болмауы туралы шешiм шығаруға мүмкiндiк беретiн
нақты деректер жеткiзiлiксiз болған жағдайда, монополияға қарсы орган
қосымша нақты деректердi жинау және талдау үшiн алдын ала қарау
мерзiмiн бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Монополияға қарсы
орган өтiнiш берушiнi өтiнiштi немесе материалдарды алдын ала қарау
мерзiмiн ұзарту туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
2. Монополияға қарсы орган бұзушылықтар
туралы мәлiметтердi алдын ала қарау барысында жеке немесе заңды
тұлғалардан, мемлекеттiк органдардан ақпарат пен құжаттарды жазбаша
немесе ауызша нысанда сұратуға құқылы.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар сұратылған ақпарат пен құжаттарды беруге мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәлiметтердi қарау тапсырылған
монополияға қарсы органның лауазымды адамы алдын ала қарау нәтижелерi
негiзiнде қарау қорытындылары бойынша:
1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргiзу туралы;
2) Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргiзуден бас тарту туралы
шешiмдердiң бiрiн қабылдау туралы қорытынды дайындайды.
4. Бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын
ала қарау нәтижелерi туралы қорытындыны монополияға қарсы органның
басшылығы бекiтедi. Қорытындының көшiрмесi бекiтiлген күннен бастап үш
күн iшiнде өтiнiш берушiге жiберiледi, ал тергеу жүргiзу туралы шешiм
қабылданған жағдайда тергеу объектiсiне де жiберiледi.
5. Мүдделi тарап бұзушылықтар туралы
мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы қорытындыға бiр ай
мерзiмде монополияға қарсы органның бiрiншi басшысына шағым жасай
алады, оның шешiмiне Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу
заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
60-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалар
1. Мыналар:
1) өтiнiш берушi - Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы
мәлiметтердi монополияға қарсы органға жiберген жеке немесе заңды тұлға;
2) тергеу объектiсi - өзiнiң iс-әрекетiне
қатысты тергеу жүргiзiлетiн жеке немесе заңды тұлға. Аталған тұлғалар
тергеу жүргiзу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеу объектiсi
болып танылады;
3) мүдделi тұлғалар - Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы iстi
қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалатын жеке немесе
заңды тұлғалар;
4) монополияға қарсы органның лауазымды адамы - монополияға қарсы органның тергеу жүргiзуге уәкiлеттi қызметкерi;
5) куә - тергеу үшiн маңызы бар қандай да бiр мән-жайлар өзiне белгiлi болуы мүмкiн кез келген жеке тұлға;
6) сарапшы - арнайы ғылыми немесе
практикалық бiлiмi бар, iске қатысуға мүдделi емес жеке тұлға Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге
қатысушы тұлғалар болып табылады.
2. Тергеу жүргiзу кезiнде iске қатысушы
тұлғалар өз құқықтары мен мiндеттерiн өзi немесе өкiлi арқылы жүзеге
асыруға құқылы.
3. Егер тергеу барысында тергеу
объектiсiнiң емес, өзге тұлғаның iс-әрекетiнде (әрекетсiздiгiнде)
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгiлерi
бар екендiгi анықталса, монополияға қарсы орган мұндай тұлғаны осы
Заңның 58-бабында көзделген тәртiппен тергеу объектiсi ретiнде тартады.
61-бап. Тергеу жүргiзу
1. Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргiзу туралы бекiтiлген
қорытындының негiзiнде монополияға қарсы орган тергеу жүргiзу туралы
бұйрық шығарады.
2. Тергеу жүргiзу туралы бұйрықта:
1) тергеу объектiсiнiң атауы;
2) тергеу барысында анықталуға жататын мәселелер тiзбесi және мән-жайлар тобы;
3) тергеудiң басталу және аяқталу мерзiмi;
4) монополияға қарсы органның тергеу жүргiзуге уәкiлеттi лауазымды адамдарының тегi, аты және әкесiнiң аты қамтылуға тиiс.
3. Тергеудiң басталуы туралы ақпарат монополияға қарсы органның веб-сайтында орналастырылады.
4. Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу Қазақстан Республикасының
монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргiзу туралы бұйрық
шығарылған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
Монополияға қарсы орган iстi тергеудi екi айдан аспайтын мерзiмге
ұзартуы мүмкiн. Мерзiмдi ұзарту туралы қаулы шығарылады, қаулының
көшiрмелерi қаулы қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде өтiнiш
берушiге және тергеу объектiсiне жiберiледi.
5. Монополияға қарсы орган тергеу барысында
бiрнеше тергеудi бiреуiне бiрiктiру туралы немесе бөлiп алу және жеке
тергеу жүргiзу туралы шешiм қабылдай алады.
62-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеу кезiндегi
дәлелдемелер
1. Тергеудi дұрыс жүргiзу үшiн маңызы бар кез келген нақты деректер, оның iшiнде:
1) өтiнiш берушiнiң, тергеу объектiсiнiң, мүдделi тұлғалардың және куәлердiң түсiнiктемелерi;
2) сарапшылардың қорытындылары;
3) заттай дәлелдемелер;
4) өзге де құжаттар (оның iшiнде
компьютерлiк ақпаратты, фото және кино түсiрiлiмдерiн, дыбыс және бейне
жазбаларды қамтитын материалдар) Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылу фактiлерiнiң дәлелдемелерi бола алады.
2. Дәлелдемелердi жинауды монополияға қарсы органның лауазымды адамы жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы адамдар нақты деректер
ұсынуға және олардың дәйектiлiгiн дәлелдеуге құқылы.
63-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы
тұлғалардың құқықтары
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалардың:
1) iс материалдарымен танысуға, олардан үзiндi-көшiрмелер жазып алуға және көшiрмелерiн түсiруге;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) iске қатысушы басқа тұлғаларға сұрақтар қоюға;
4) сарапшылар тарту туралы өтiнiшхатпен шығуға;
5) жазбаша немесе ауызша нысанда
түсiнiктемелер беруге, тергеу барысында туындайтын барлық мәселелер
бойынша өз дәлелдерiн келтiруге;
6) iске қатысушы басқа тұлғалардың
өтiнiшхаттарымен танысуға, iске қатысушы басқа тұлғалардың
өтiнiшхаттарына, дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге құқығы бар.
64-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының
тергеу жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеу жүргiзу кезiнде:
1) тергеу объектiсiнiң аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
2) тергеу нысанасына сәйкес тергеу
объектiсiнiң автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық
жүйелерiне) қол жеткiзуге;
3) тергеу объектiсiнiң басшыларынан,
лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерiнен тергеу нысанасына
қатысты қажеттi ақпарат, құжаттар немесе олардың көшiрмелерiн, тексеру
барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде
түсiнiктемелер сұратуға және алуға;
4) тергеу жүргiзу кезiнде Қазақстан
Республикасының басқа мемлекеттiк органдарының мамандарын сарапшылар
ретiнде тартуға құқығы бар.
2. Тергеу объектiсiнiң басшысы және
(немесе) лауазымды адамы монополияға қарсы органның тергеу жүргiзуге
жауапты лауазымды адамының ауызша сауал салуы бойынша ақпаратты,
құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша
түсiнiктемелердi беруден бас тартқан жағдайда, оларға тиiсiнше жазбаша
сауал салу тапсырылады. Жазбаша сауал салуды тергеу объектiсiнiң
басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда сауал салу тергеу объектiсi
басшысының атына хабарламалы тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы
жiберiледi.
3. Сұратылатын ақпаратты тергеу
объектiсiнiң коммерциялық құпиясына жатқызу тергеудi жүзеге асыратын
монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына ақпарат беруден бас
тарту үшiн негiз бола алмайды.
Монополияға қарсы органның лауазымды
адамдарының аталған ақпаратты пайдалануы Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық және өзге де заңмен
қорғалатын ақпаратты жария етуге қойылатын талаптар сақтала отырып
жүзеге асырылуға тиiс.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға беру жағдайларын қоспағанда,
тергеу барысында тергеу объектiсi туралы монополияға қарсы орган алған
кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.
5. Монополияға қарсы органның тергеудi
жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тергеу нысанасына қатысы жоқ
талаптар қоюына және өтiнiшпен жүгiнуiне тыйым салынады.
6. Бұзушылықтар және тергеу жүргiзу туралы мәлiметтердi қараған кезде монополияға қарсы органның лауазымды адамдары:
1) дәлелдемелердiң жан-жақты, толық және объективтi жиналуы және зерттелуi үшiн барлық шараларды қабылдауға;
2) бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы қорытындыны уақтылы әзiрлеуге;
3) тергеудi тоқтата тұру, қайта бастау
туралы және тергеу нәтижелерi бойынша, сондай-ақ сараптама тағайындау
туралы қорытындыны уақтылы әзiрлеуге;
4) аумақтық органдар қорытындыларды
бекiткен не бұзушылықтар туралы мәлiметтердi қарау және бұзушылықтарды
тергеу туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнiнен
аспайтын мерзiмде осы құжаттардың көшiрмелерiн орталық мемлекеттiк
органға жiберуге мiндеттi.
65-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуы туралы iстi тергеудi тоқтата
тұру
1. Монополияға қарсы орган:
1) монополияға қарсы орган, сот, алдын ала
тергеу органдары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеу үшiн маңызы бар басқа iстi қараған;
2) Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуына сол тергеу объектiсiне қатысты басқа
тергеу жүргiзiлген;
3) сараптама жүргiзiлген жағдайларда,
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын
тергеудi тоқтата тұруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу мерзiмi тергеудi тоқтата тұру
кезiнде үзiледi және тергеу қайта басталған күннен бастап жалғасады.
3. Монополияға қарсы органның лауазымды
адамы тергеудi тоқтата тұру және қайта бастау туралы, сондай-ақ
сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, басшылық ұйғарымды
бекiткен күннен бастап үш күн мерзiмде оның көшiрмесi тергеуге қатысушы
тұлғаларға жiберiледi. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi
осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде сарапшыға да
жiберiледi.
66-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеудi тоқтату
Монополияға қарсы орган:
1) тергеу объектiсiнiң iс-әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық болмаған;
2) жалғыз тергеу объектiсi - заңды тұлға таратылған;
3) жалғыз тергеу объектiсi - жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгiленген талап қою мерзiмi өтiп кеткен;
5) монополияға қарсы орган қарайтын
iс-әрекеттерде (әрекетсiздiкте) Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасын бұзушылықтың болуы туралы немесе болмауы туралы
қорытынды қамтылған заңды күшiне енген сот актiсi болған жағдайда,
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын
тергеудi тоқтатады.
67-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелерi бойынша
монополияға қарсы органның шешiмдерi
1. Монополияға қарсы органның лауазымды
адамы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын
тергеу нәтижелерi бойынша қорытынды әзiрлейдi, оның негiзiнде
монополияға қарсы орган:
1) осы Заңның 66-бабында көзделген негiздер
бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының
бұзылуын тергеудi тоқтату туралы;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы;
3) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы;
4) қылмыстық iс қозғау үшiн материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелерi бойынша, монополияға
қарсы органның лауазымды адамы қол қойған қорытындыны Басқарма бекiткен
күн тергеудiң аяқталуы болып есептеледi.
3. Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелерi туралы қорытындыны бекiту
тергеу аяқталған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде
бұйрықпен ресiмделедi.
4. Тергеу нәтижелерi бойынша қорытындыны
бекiту туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен
кешiктiрiлмей, оның көшiрмесi тергеу нәтижелерi бойынша қорытынды қоса
тiркеле отырып, тергеу объектiсiне тапсырылады немесе хабарламалы
тапсырыс хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушi нақ осы мерзiмде қабылданған
шешiм туралы хабардар етiледi.
5. Тергеу нәтижелерi бойынша қорытындыны
бекiту туралы бұйрыққа қол қойылған (шешiм қабылданған) күн әкiмшiлiк
құқық бұзушылықты жасау фактiлерi анықталған кез болып есептеледi.
10-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ
ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
68-бап. Монополиялық табысты айқындаудың негiздерi және
тәртiбi
1. Нарық субъектiсi монополиялық табысты:
1) нарық субъектiлерiнiң бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер жасауы;
2) нарық субъектiсiнiң өзiнiң үстем немесе монополиялық жағдайын терiс пайдалануы нәтижесiнде алуы мүмкiн.
2. Монополиялық табыс нарық субъектiсiнiң
осы баптың 1-тармағында аталған iс-әрекеттердi жүзеге асырған кезiнен
бастап нарық субъектiсi осы iс-әрекеттердi тоқтатқан кезге дейiн
айқындалады.
3. Монополиялық табыс:
1) үстем немесе монополиялық жағдайға ие
нарық субъектiсi монополиялық жоғары бағаны қолдану кезiнде алынған
табыс пен осы Заңның 14-бабының ережелерiне сәйкес айқындалған бағалар негiзiнде есептелген табыс
арасындағы айырма ретiнде монополиялық жоғары бағалар белгiлеген кезде;
2) үстем немесе монополиялық жағдайға ие
нарық субъектiсi үстем жағдайға ие нарық субъектiсiнiң бәсекелестердi
тауар нарығынан ығыстырып шығару есебiнен өткiзу көлемiн ұлғайту
нәтижесiнде алған қосымша табысы ретiнде монополиялық төмен баға
белгiлеген кезде;
3) монопсониялық жағдайға ие нарық
субъектiсi тауар өткiзушi нарық субъектiсiнiң осындай тауарды өндiру
мен өткiзуге қажеттi шығыстар мен пайдасы негiзiнде айқындаған бағасы
бойынша осы нарық субъектiсiнiң тауарды сатып алу шығындары мен
тауарларды монопсониялық төмен бағалар бойынша сатып алу кезiнде
қалыптасқан шығындары арасындағы айырма ретiнде монопсониялық төмен
баға белгiлеген кезде;
4) нарық субъектiсi, осы iс-әрекеттерден
алынған, тауарларды өндiруге және (немесе) өткiзуге қажеттi негiзделген
шығыстар мен iс жүзiнде төленген салық шегерiлген бүкiл табыс ретiнде
бәсекелестiкке қарсы келiсiмдердi немесе келiсiлген iс-әрекеттердi
жасаған кезде айқындалады.
4. Монополиялық табысты алып қою Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
69-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары
1. Монополияға қарсы орган белгiленген өкiлеттiктерiне сәйкес:
1) нарық субъектiлерiне:
осы Заңды бұзуды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтiру;
осы Заңға қайшы келетiн шарттарды бұзу немесе өзгерту;
егер белгiлi бiр сатушылармен (өнiм
берушiлермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негiзсiз бас тарту не
жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың басқа субъектiсiмен шарт
жасасу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
2) мемлекеттiк органдарға өздерi қабылдаған
актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды
тоқтату, сондай-ақ өздерi жасаған, осы Заңға қайшы келетiн келiсiмдердi
бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
3) бәсекелестiктi қорғау және монополистiк
қызметтi шектеу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарауға және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
4) сотқа талап қойып және өтiнiшпен
жүгiнуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты iстердi қараған кезде
процестерге қатысуға құқылы.
2. Осы Заң бұзылған жағдайда нарық субъектiлерi, мемлекеттiк органдар:
1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына
сәйкес бұзушылықтарды тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы
жағдайды қалпына келтiруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектiсiмен
шарт жасасуға немесе оған өзгерiстер енгiзуге, монополияға қарсы орган
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес келмейдi
деп таныған актiнiң күшiн жоюға, нұсқамада көзделген өзге де
iс-әрекеттердi орындауға;
2) келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге;
3) монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысын орындауға мiндеттi.
3. Нұсқама монополияға қарсы орган
белгiлеген ақылға қонымды мерзiмде орындалуға жатады. Монополияға қарсы
орган берiлген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға
қарсы орган нарық субъектiсiн, мемлекеттiк органды монополияға қарсы
органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қойып сотқа
жүгiнуге құқылы.
70-бап. Нұсқаманы ресiмдеуге қойылатын талаптар
Нұсқама монополияға қарсы органның қатаң есептiлiк бланкiсiнде ресiмделедi және ол:
1) өзiне (өздерiне) қатысты нұсқама жасалған нарық субъектiсiнiң немесе мемлекеттiк органның атауын;
2) Қазақстан Республикасының монополияға
қарсы заңнамасын бұзудың белгiленген фактiсiнiң (фактiлерiнiң),
сондай-ақ нарық субъектiсi немесе мемлекеттiк орган бұзған құқық
нормаларының сипаттамасын;
3) нарық субъектiсi немесе мемлекеттiк
орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын
бұзушылықты жою үшiн жасауға тиiс (немесе оны (оларды) жасаудан
тартынуға тиiс) iс-әрекеттердi;
4) нұсқаманың орындалу мерзiмiн;
5) нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру мерзiмiн;
6) нұсқамаға қол қоюға уәкiлеттi адамның қолын;
7) монополияға қарсы органның елтаңбалық мөрiн қамтуға тиiс.
71-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта
қарау
1. Монополияға қарсы орган нұсқаманы
(өзiнiң немесе аумақтық органының нұсқамасын) өз бастамасы бойынша не
мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша:
1) елеулi мән-жайлар монополияға қарсы
органға белгiлi болмаған және белгiлi болуы мүмкiн болмаған, мұның өзi
заңсыз немесе негiзсiз нұсқама шығаруға әкеп соққан;
2) нұсқама дәйексiз ақпараттың негiзiнде шығарылып, мұның өзi заңсыз немесе негiзсiз нұсқама шығаруға әкеп соққан;
3) нұсқама Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып шығарылған;
4) нұсқамада жiберiлген жаңылыс тұстар мен анық арифметикалық қателер түзетiлген жағдайларда қайта қарай алады.
Монополияға қарсы орган өз нұсқамасының
орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға дейiн тоқтата тұра алады, бұл
туралы iске қатысушы тұлғаларға жазбаша хабарланады.
2. Қайта қарау нәтижелерi бойынша монополияға қарсы орган:
1) нұсқаманы өзгерiссiз қалдыруы;
2) нұсқаманы өзгертуi;
3) нұсқаманың күшiн жоюы;
4) жаңа нұсқама шығаруы мүмкiн.
3. Монополияға қарсы орган мүдделi тұлғаның
өтiнiшi бойынша нұсқаманы қайта қараған кезде өтiнiш (шағым) берген
тұлғаның немесе мүддесiне орай өтiнiш (шағым) берiлген тұлғаның
жағдайын нашарлатуға құқылы емес.
72-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық органдарының
нұсқамаларын тексеру
Монополияға қарсы органның аумақтық
органдары қабылдаған нұсқамалар нарық субъектiлерiнiң өтiнiштерi
бойынша немесе жоғары тұрған монополияға қарсы органның бастамасы
бойынша тексерiлуi мүмкiн.
73-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамаларына шағым
жасау
1. Монополияға қарсы органның нұсқамаларына
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа
шағым жасалуы мүмкiн.
2. Аумақтық органдардың нұсқамаларына монополияға қарсы органға шағым жасау үшiн:
1) iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың толық анықталмауы;
2) iс үшiн маңызы бар және анықталған деп танылған мән-жайлардың дәлелденбеуi;
3) шешiмде жазылған тұжырымдардың iстiң мән-жайларына сәйкес келмеуi;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау негiз болып табылады.
3. Нарық субъектiсi монополияға қарсы
органның аумақтық органының нұсқамасы өзiне тапсырылған күннен бастап
үш ай iшiнде оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен монополияға қарсы органға не сотқа шағым жасай алады.
74-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайды терiс
пайдаланған жағдайларда мәжбүрлеп бөлу немесе
бөлiп шығару
1. Егер үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi осы Заңның 10, 11 және 13-баптарында көзделген бұзушылықтар үшiн күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде екi рет
әкiмшiлiк жауапқа тартылса және бәсекелестiктi шектейтiн iс-әрекеттер
жасауды жалғастырса, монополияға қарсы орган бәсекелестiктi дамыту
мақсатында осы нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан
құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды
бөлiп шығару туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Сот, егер жиынтығында:
1) құрылымдық бөлiмшелердiң технологиялық негiзделген өзара байланысы болмаса;
2) тиiстi тауар нарығында қайта ұйымдастыру
нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың дербес қызметi мүмкiндiгiнiң
болу талаптары орындалса, бәсекелестiктi дамыту мақсатында мәжбүрлеп
бөлу немесе бөлiп шығару туралы шешiм қабылдайды.
3. Соттың мәжбүрлеп бөлу немесе бөлiп
шығару туралы шешiмi меншiк иесiнiң немесе оның уәкiлеттi органының
аталған шешiмде көзделген талаптарды ескере отырып және аталған шешiмде
айқындалған, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде орындауына жатады.
11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ
75-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген
жауаптылыққа әкеп соғады.
76-бап. Монополиялық табысты аударудан босату
1. Монополияға қарсы орган, нарық субъектiлерiн, жиынтығында мынадай талаптар сақталған:
1) нарық субъектiсi монополияға қарсы
органға бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер
туралы мәлiмдеген кезде, монополиялық орган басқа көздерден
бәсекелестiкке қарсы осы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер
туралы ақпарат алмаған;
2) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы
келiсiмдерге немесе келiсiлген iс-әрекеттерге өзiнiң қатысуын тоқтату
жөнiнде шұғыл шаралар қабылдаған;
3) нарық субъектiсi мәлiмдеген кезден
бастап бүкiл тергеу барысында бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе
келiсiлген iс-әрекеттер фактiлерi туралы бар ақпаратты хабарлаған;
4) нарық субъектiсi бәсекелестiкке қарсы
келiсiмдердi немесе келiсiлген iс-әрекеттердi жасау салдарынан
тұтынушыларға келтiрiлген нұқсанды ерiктi түрде өтеген жағдайда,
бәсекелестiкке қарсы келiсiмдер немесе келiсiлген iс-әрекеттер жасау
салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы
өтiнiшхатпен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде
белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.
2. Нарық субъектiсiнiң шын өкiнуiне
байланысты монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы шешiмдi сот
Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкiмшiлiк заңнамаларының
нормаларына сәйкес қабылдайды.
5-БӨЛIМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
12-тарау. ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
77-бап. Жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк кәсiпорындардың
қызметi
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн
құрылған мемлекеттiк кәсiпорындар ол қолданысқа енгiзiлген күннен
бастап екi жыл iшiнде өзiнiң тиiстi тауар нарығында одан әрi жүргiзетiн
қызметiне монополияға қарсы органның оң қорытындысын алуға мiндеттi.
2. Монополияға қарсы орган осы мерзiмде
мемлекеттiк кәсiпорындар жұмыс iстейтiн тауар нарықтарын
зерттеп-тексеруге және осы тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң даму
деңгейi туралы, оның iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындардың осы тауар
нарығындағы одан әрi жүргiзетiн қызметiнiң орындылығы туралы
қорытындылар дайындауға мiндеттi.
3. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн
құрылған және өзiнiң одан әрi жүргiзетiн қызметiне осы баптың
1-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде монополияға қарсы органның оң
қорытындысын алмаған мемлекеттiк кәсiпорындар осы мерзiм өткеннен кейiн
үш ай iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жекешелендiрiлуге немесе мемлекеттiк мекеме болып қайта құрылуға тиiс.
78-бап. Акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы
мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен
аффилиирленген тұлғалардың қызметi
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн
құрылған, акцияларының (үлестерiнiң) елу проценттен астамы мемлекетке
тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген тұлғалар, мұндай
құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды
қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл iшiнде
өзiнiң тиiстi тауар нарығында одан әрi жүргiзетiн қызметiне монополияға
қарсы органның оң қорытындысын алуға мiндеттi.
2. Монополияға қарсы орган осы мерзiмде осы
нарық субъектiлерi жұмыс iстейтiн тауар нарықтарын зерттеп-тексеруге
және осы нарықтардағы бәсекелестiктiң даму деңгейi туралы, оның iшiнде
осы нарықта мемлекеттiң шаруашылық жүргiзушi серiктестiк немесе
акционерлiк қоғам арқылы одан әрi қатысуының орындылығы туралы
қорытынды дайындауға мiндеттi.
3. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн
құрылған және тиiстi саладағы одан әрi жүргiзетiн қызметiне монополияға
қарсы органның оң қорытындысын алмаған, акцияларының (үлестерiнiң) елу
проценттен астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен
аффилиирленген тұлғалардың акциялары (үлестерi) осы баптың 1-тармағында
белгiленген мерзiм өткеннен кейiн үш ай iшiнде сауда-саттыққа
шығарылуға тиiс. Осы нарық субъектiлерiнiң акциялары (үлестерi),
акцияларының (үлестерiнiң) жиырма бес проценттен астамы мемлекетке
тиесiлi заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға сатылады.
79-бап. Монополияға қарсы органның басқармасы
1. Монополияға қарсы орган басқармасының
бiрiншi құрамы және ол туралы ереже осы Заң қолданысқа енгiзiлгеннен
кейiн үш айдан кешiктiрiлмей бекiтiледi.
2. Басқарманың құрамы және ол туралы ереже
бекiтiлгенге дейiн Басқарманың өкiлеттiктерiн монополияға қарсы
органның басшысы жүзеге асырады.
13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
80-бап. Осы Заңды қолдану тәртiбi
Осы Заң, осы Заңның 77 және 78-баптарында
көзделген жағдайларды қоспағанда, ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн
туындаған қоғамдық қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа
енгiзiлгенге дейiн туындаған басқа құқықтық қатынастар бойынша ол
қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн туындайтын құқықтар мен мiндеттерге
қолданылады.
81-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 9-10,
84-құжат; 2000 ж., N 21, 397-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж.,
N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат);
2) "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 15, 94-құжат; 2007 ж., N 19, 148-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев