Қазақстанда нотариустедің санына шектеу алынып тасталынды
16 қаңтардан бастап нотариустердің санын квоталау жүйесін жою көзделген, «Нотариат туралы» Заңға түзету күшіне енеді.
Нотариаттық қызметке кірісу үшін мемлекеттік лицензиясының болуы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуі жеткілікті. Тиісті мемлекеттік лицензиясы бар тұлғаларға бірінші нотариаттық палатаның мүшелігіне ену қажет, содан соң аумақтық әділет органынан есептік тіркеуден өту қажет.
Үміткерлер енгізілген өзгеріске сәйкес, нотариус 25-жасқа толған және кем дегенде 2-жыл заңгерлік мамандығы бойынша қызмет өтілі бар азамат бола алатынына назар аудару қажет.
Нотариаттық палатаның мүшелігіне қабылдаудан бас тарту тек заңда көзделген жағдайларда ғана болуы мүмкін. Лицензияттан енгізілген өзгеріске сәйкес нотариаттық палатамен кіру жарнасын алуға тиым салынған.
Қазақстан Республикасының
Әділет Министрлігі

.jpg)




