Азаптауға қарсы БҰҰ-ң комитетінің Арнайы баяндамашысы Манфред Новактың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдеріне арналған дебрифингі

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылы 13 мамырда Азаптауға қарсы БҰҰ-ң комитетінің Арнайы баяндамашысы Манфред Новактың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдеріне арналған дебрифингі өтті.
Дебрифингке Президент Әкімшілігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы), Әділет, ішкі істер, сыртқы істер, денсаулық сақтау, қорғаныс министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.
Дебрифингте Новак мырза Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның шеңберінде қабылданған міндеттерді орындау бойынша Қазақстандағы ахуалды оң бағалады және Үкіметпен қабылданып жатқан шараларға қолдау білдірді.
Сонымен қатар, айыпталушылардың, сотталушылардың және сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстауларына байланысты заңнаманы жетілдіру ахуалын жақсарту жөнінде бірқатар тілектерін айтты.
Дебрифингтің қортындысы бойынша Арнайы баяндамашы Қазақстан Үкіметіне Қазақстандағы ахуалды зерделеуде және қабылданған халықаралық міндеттемелердің орындалуын бағалауда көрсеткен жәрдемі үшін алғысын білдірді. Ол мұның Қазақстан Республикасының ашықтығын және оның диологқа ұмытылысын тағы да дәлелдейтіндігін атап өтті.

 

 

БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
 
АЗАПТАУ ЖӨНІНДЕГІ БҰҰ САРАПШЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА САПАРЫ АЯҚТАЛДЫ
 
Астана, мамыр айының 13-ші жұлдызы – Қазақстан Үкіметі шақыруымен келген БҰҰ Адам құқығы жөніндегі Кеңесінің азаптау және жазаның басқа да қатал, адамгершілікке жатпайтын, адамды мұқатып намысына тиетін түрлерін қолдану туралы мәселелер жөніндегі арнаулы баяндамашы өзінің Қазақстанға сапарының соңында төмендегідей мәлімдеме жасады:
 
"Мені шақырып сапарымды даярлауға және сәтті өтуіне жан-жақты көмек көрсеткені үшін Қазақстан өкіметіне алғыс айтамын. Менімен кездесіп сұхбаттасқан адамдардың бәріне алғыс айтамын, олардың арасында: жоғары лауазымды мемлекеттік ресми адамдар, азаматтық қоғамының өкілдері, абақтыда жатқандар және азап-қорлыққа салынған адамдар. Сондай-ақ, Тұрақты Координаторға және Біріккен Ұлттар Ұйымының жергілікті ұжымына алғысымды білдіремін. Барған жерлеріміздің және болып өткен кездесулеріміздің тізімі осы мәлімдемеге қосылып отыр.
 
1991 жылы тәуелсіз ел болғаннан бері Қазақстан Республикасы бірнеше халықаралық адам құқығы жөніндегі құралдарға қосылды, бұл оның заң базасын және саясатын реформалауға бел байлағанын көрсетеді. Қазақстан Үкіметі мені жай шақырғанның өзі оның бүгінгі жағдайды шындықпен бағалап, қандай екенін анықтауға зор ынтасы бар екенін дәлелдейді және осы жағдайды жақсартатын жолындағы ұсыныстарға құлақ түретінін көрсетеді. Қазақстан басшылығы менің сапарыма зор зейін қойып және барған мекемелерге бөгетсіз кіруімізге септігін тигізген үшін өте ризамын. Алайда, бір қатар қамау мекемелері біздің инспекциямен келуімізге жатпай-тұрмай дайындалғаны анық болды. Осы дайындық жалпы ізгі ниетпен жасалғанын түсіне отырып, оның жарияланбаған сапар және тәуелсіз фактілер табу принципіне қайшы келетінін айту керек.  Мен қамау орындарының күнделікті жұмысын өзінің кәдімгі түрінде көрсем, сонда ғана жоғарыда айтып кеткен кенеттілік-тәуелсіздік принципі жүзеге асады. Өкінішке орай, осындай мүмкіншілік сапарымыз барысында сирек болды.
 
Азаптауға қарсы Конвенцияның Факультативты Протоколын жақында ратификациялан-ғанына байланысты, осындай фактілер табу тәсілдерге назар бөлу өте маңызды боп табылады. Бұл Протокол арқылы ұлттық превентивті механизм енгізіледі – Үкіметтен тәуелсіз, жарияламай қандай болсын қамау орындарына кез келген уақытта барып, бостандығынан айырылған адамдармен оңаша әңгімелесуге мандаты бар орган боп табылады. Іске толық асырылса, шынайы тәуелсіз болуына кепіл берілсе, бұл бір елеулі ілгері басқан қадам болмақ.
 
Бостандықтан айырған орындардағы жағдай
 
Әрине, Қазақстан сияқты елдің бүкіл аймағын шолып бақылау оңай емес; Қазақстанда бұрыннан қалған лагерь жүйесінің бастапқы мақсаты – заңға бағынбайтын адамды "ұстап-күту" және арзан жұмыскерлерді қамтамасыз ету болды. Соңғы жылдары абақты колонияларындағы жағдайды жақсартуға көп жұмыс жасалды. Бір қуанышты айтарлық жағдай – өзім де көрдім және бізбен сөйлескен адамның көбісі де айтып отыр – жалпы жағдайлары, тамақтандыруы халықаралық минимум стандарттарына келтірілген. Жоғарыда айтып кеткенді ескере отырып, барған жерлердің көбісінде танғажайып тазалық және өте жоғары тұрмыстық жағдайды көрдім. Туберкулез ауруын азайту жолындағы жетістіктер де анық – кәсіби және жауапты емдеу ұйымдастыру арқасында. Сонымен қатар, халықаралық адам құқық заңының бір өзекті талабы пенитенциарлық жүйесінің мәйегі адамды жазалаудан гөрі оны жаңғыртып қоғамға қайтару болмақ.  Бұл мақсатқа жетпегендігі айқын: қазіргі заң әр түрлі абақты режимін қамтиды, адамның бостандықпен хабарласуын қатаң шектейді; айтарлықтай, абақтылардың тұрған жерінің өзі адамның отбасы-туыстарының келуін қиынға түсіреді. Тағы бір айтатын жағдай – мағыналы жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар адамдардың саны өте аз. Солардың арасында: Көксу әйелдер колониясы және Аршалыдағы ерекше режим колониясы. Тағы бір үлкен мәселе – абақтыда жатқандар арасындағы иерархия дискриминациялық жағдайларға, ал кезде озбырлыққа әкеп соғады.
 
Алдын-ала қамау және абақты орындарында да осындай жағдайды көрдік – Ішкі Істер Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті және Әділеттік Министрілігінің мекемелері (ИВС, СИЗО) тұрмыстық және тамақ қамтамасыз ету жағынан едәуір жақсарды, алайда бостандықта жүрген адамдармен араласуға тыйым салынғаны (кейде ұзақ уақытқа созылған) – адамның айыпсыздық презумпция принципіне қайшы келетіні айқын, және күдікпен ұсталынған адамдарды керемет зорлыққа шалдырады. Осы мәтінде, Алматыдағы қабылдау таратушы орынын ерекше айтып өткім келеді – бұнда адамды сот үкімісіз, өте шағын, қапырық, ауа айналымы жоқ, күн сәулесі шамалы камераларда 30 күнге дейін қамап ұстайды. Адамды осындай жағдайда ұстау әрине халықаралық минималды стандарттарға сәйкес емес.
 
Азаптау саласындағы жағдай және қорғау механизмдер
 
Жоғарыда айтып кеткендей, адамды қамайтын жерлерді менің келуіме дайындап отырғандарын ескере отырып және ресми лауазымды адамдармен, қазылармен, адвокаттармен және азаматтық қоғамының өкілдерімен талқылай отырып және зорлық озбырлық шеккен адамдармен және бостандықтан айырылған адамдармен сөйлесе отырып мен адамды азаптау және қорлау мысалдары ерекше жәйт емес деген қорытындыға келдім. Адамды қолымен, жұдырықпен, құм толы шишамен, полициялық шоқпармен ұрған жөнінде сенерліктей көп шағымдар маған келіп түсті; сондай-ақ, аяқпен теуіп, полиэтилен қапшық және газ маскасын күдікпен ұсталынған адамдардың басына кигізіп тұншықтырып қылмысты істегенін мойындауға зорлағаны да бар. Кейбір жағдайда осындай шағымдардың соттық-медициналық дәлелдемелермен расталды.
 
Әрине, адамның бір тобы басқа топтарға қарағанда қатал, адамгершілікке жатпайтын, адамды мұқатып намысына тиетін зорлыққа ықтималдығы баршылық.  Құқық қорғау орындары абақтыдағы бастапқы кезеңде, және Ішкі Істер және Әділеттік Министрлік мекемелерінде ұрып-соғып басқадай қорлады деген шағымды жасы жетпеген көп жасөспірімдерден естідім. Шетел азаматтарын да осылай қорлап-зорлап, намысына тиіп мұқататын амалдардың ықтималдығы орташа деңгейден жоғары.
 
Енді бостандықтан айырылған адамды қорғау құралдарына келсек, заң базасы өзгертіліп, жалпы халықаралық стандарттарға сәйкес болғанына көзім жетті. Таға да бір қуанышты жәйт – барлық барған жерлерде мұқият толтырылған журналдар бар, қамалуда отырғанның көбісі абақтыда және сот рәсімінің кездейсоқ кезеңдерінде қазы, прокурор, адвокатты көруге мүмкіншілігі болғандығын айтты. Алайда, аталмыш қорғау құралдарының көбісі тәжірибеде әлсіз боп шықты: адамды ұстап алған және полиция учәскеге әкелген уақыты тіркелмейді, сондықтан барынша үш сағаттық бостандықтан айыру мерзімі сақтала ма жоқ па, белгісіз; шын айтқанда, біз былай деп естідік: осы үш сағат ішінде құқық қорғау орындары адамды азаптап қылмысты мойындауға зорлайды екен; прокурордың көбісі мемлекет тағайындаған прокурорлар, сондықтан оларды күдікпен ұсталынған және айып таққан адамдар мүддесін қорғайтын тұлға деп санамайды; сондай-ақ, қазылар да қылмысты сот процедураларының кейбір кезеңдерінде немқұрайды отырады да, прокурордын шешімін қолдайды, керісінше, расты айқындап азаптау шағымын зерттеудің орынына. Прокурорлық қадағалау, немқұрайды түрде заң талаптарының сақталуын бақылай отырып, әлде де айқын-ашық емес. Әділеттікті атқаруға бөгет болатын тағы бір жәйт – коррупция; оның таралуы эндемия деңгейінде боп табылады.
 
Шағым жолдау арналары да осындай жағдайда – мен полиция, СИЗО, және абақты бастықтарымен сөйлескенде, соңғы бес жылдың ішінде қорлап-зорлады деген шағым алдыңдар ма деп сұрағанымда, олардың көбісі жоқ, біз ондайды мүлде естігеніміз жоқ деп жауап қайтарды. Алайда, тіпті бір де бір ресми шағымның жоғы шынында ешқандай маңызды шағым салатын құралдық баршылығына күдік туғызады. Керісінше, ұсталған адамдардың көбісі жүйеге сенбей не қудалаудан сескеніп шағым жазудан бас тартады. СИЗО-ның көбісі Әділеттік Министрлігіне қарамағына аударылғанына қарамастан, СИЗО-ның жұмыскерлері, оның ішінде дәрігерлер мен медицина бикелері, азаптау ізін көргенде қызметтік тергеу бастауды өзінің міндеті деп есептемейді.
 
Халықаралық стандарттарға қайшы, дереу тергеу жүргізетін мандаты бар бір де бір тәуелсіз орган жоқ – заң да қай орган осындай тергеуді жүргізетінін реттемейді – сондықтан көбінесе полиция өзінің қылмыс жасаған әріптестеріне қарсы тергеу жүргізеді; Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен Қаржылық Полициясында да жағдай осындай. Осы үш  құқық қорғау орындарының қызметкерлер жасаған коррупция істерін басқа органдар тергегенімен, азаптау жөніндегі шағымдарды осылай тергемейді. Талай үкімет орындары маған берген цифрлар бұған дәлел болады – адамды азаптау және қорлау жөніндегі қозғалған істердің саны аз болғаны анық, алайда осындай істерлер қаралып сот үкімін шығарған жағдайлар тіпті аз.
 
Әйелді қорлау, әсіресе отбасы ішінде, кеңінен тараған құбылыс деселік. Көбінесе бұл ешкім көрмейтін естімейтін жағдайда болады, зор зақым келтірген жағдайда ғана шаралар қолданылады. "Отбасы ішіндегі озбырлық" заң жобасы талай жылға созылып әлі қабылданбағаны Үкіметтің отбасы ішіндегі озбырлыққа шалынған адамдарды қорғайтын инфраструктураны құруға бел байламағанын көрсетеді. 
 
Алдын ала ұсыныстар
 
Қазақстанның соңғы жылдар ішіндегі жетістіктерін көре отырып, ол өзінің тиісті халықаралық міндеттемелерін толық орындау үшін, төмендегідей шараларды қолдануын ұсынамын. 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының төрағалық қарсаңында, халықаралық нормаларды енгізіп халықтың (арасында торда отырғандардың) күнделікті өміріне елеулі өзгерістер келтіретіндей әрекет аса маңызды іс боп көрінеді.
 
-         заңнаманы өзгертіп, азаптау қылмысы маңызды қылмыс боп танылсын әрі тиісті жазалансын, және сипаттамасы БҰҰ-ның Азаптауға қарсы Конвенциясына сәйкес келтірілсін;
-         әркімнің қолы жететін құпиялы түрде шағым жолдайтын арналар енгізілсін; азаптаудың қандай болсын белгілері қызмет бабында зерттелсін; және тиімді әрі тәуелсіз азаптау қылмыс жасағандар ісін тергеу және сотта қаралу механизмі орнатылсын; 
-         бостандықтан айырылған адамдар ұстаған сәттен бастап тіркелсін; полицияда ұстауға рұксат берілген уақыты шектелсін; адамды бостандықтан нақты айырған сәттен бастап адвокатты көруге және отбасы мүшелеріне хабарлауға мүмкіншілігі болсын;
-         уақытша қамау изоляторлар (ИВС) Ішкі Істер Министрлігінен Әділеттік Министрілігінің қарауына ауыстырылсын;
-         қазы мен адвокаттардың тәуелсіздігі нығайтылсын; күнделікті сот тәжірибесінде зорлықпен мойындатқызған дәлел-деректер қабылданбасын; осындай азаптап алынған дәлелдің негізінде сотталған адамдардың айыбын түсіріп босатылсын;
-         жазалау атқару жүйесі шынай қылмыскерлерді жаңғыртып қоғамға қайтаратын құрал ретінде түсінілсін – бұған жету үшін абақтыда отырған адамдардың (олардың арасында ұзақ мерзім отыратындары да бар) бостандығын шектейтін ережелер мен режимдарды жою керек және бостандықта жүрген адамдармен араласуын үдей түсіру керек;
-         қылмыс ісінің әр бір кезеңінде тәуелсіз медициналық зерттеуге, полиция не прокурордың көзінен тыс, мүмкіншілігі болсын; бостандықтан айырылған адамдар тәуелсіз медициналық зерттеуден өтсін, әсіресе әртүрлі қамау орындарына келген не ауысқан сәтте; қамау орындарында істеп жатқан медицина қызметкерлері әділеттік әкімшілігінен шын мағынада тәуелсіз болсын – ол үшін оларды Әділеттік Министрлігінен Денсаулық сақтау Министрлігінің қарауына беру керек;
-         азапталған адамдар толық өтемақысын алуын қамтамасыз ету керек;
-         "Отбасы ішіндегі озбырлық" заңы дереу қабылдансын, әйелдер, балалар және қарт адамдарға зорлыққа қарсы тиімді күресу үшін осындай жәйттар жөніндегі деректер базасы құралсын;
-         қамау орындарына жарияламау баруын рұқсат ететін ұлттық превентивті механизм енгізілсін, оған қажетті қаржы және адам ресурстар бөлінсін;
-         бостандықтан айырылған адамдардың денсаулығына зақым келтірілген салдарын азайтатын бағдарламаларды бастау керек, әсіресе есірткі тұтынушыларға арналған есірткі орнын толыстыратын дәрілер беру керек.
 
 
 

 

Новак мырзаны БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комиссияся 2004 жылғы 1 желтоқсанда Арнаулы баяндамашы етіп тағайындады. Арнаулы баяндамашы қандай да бір үкіметтен тәуелсіз және өзінің мандатына сәйкес іс-әрекет жасайды. Комиссия алғашқы рет зорлық-зомбылық қолданылатын жерлердегі жағдайды қарау үшін арнаулы баяндамашы тағайындауды 1985 жылы шешті. БҰҰ Адам құқығы жөніндегі кеңесі қабылдаған мандат, зорлық-зомбылқ пен дөрекілікке қарсы Конвенцияны бекітпеген елдерді қоса алғанда, барлық елдерде күшінде болады. Новак мырза Мәжбүрлі және қасақана жоғалту жөніндегі жұмыс тобына қатысқан, бұрынғы Югославияда жоғалған адмдарды іздеп-табу бойынша БҰҰ сарапшысы, мәжбүрлі жоғалу жөніндегі заңдық мәселелер бойынша БҰҰ сарапшысы болған, сондай-ақ Боснии мен Герцеговинадағы жоғалған адамдарды іздеп табу жөіндегі палата жанында судья ретінде жұмыс істеген. Ол Венадағы конституциялық құқық және адам құқығы университетінің профессоры және оқытушысы, адамқұқығын қорғау жөніндегі Людвиг Болтцман институтының директоры. Новак мырзаның бұл 15-ші сапары болады. Арнаулы баяндамашының мандаты туралы анағұрлым толығырақ ақпарат алу үшін мына сайты қараңыз: