Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

          2009 жылдың қыркүйек айының 10 жұлдызында Атырау облысы Құрманғазы аудандық Әділет басқармасында Заңды түсіндіру мақсатында «Сыбайлас   жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 02 шілдедегі №267 «Сыбайлас   жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңына сәйкес, Әділет басқармасының мамандары және Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы қызметкерлерінің арасында түсінік беру.
Дөңгелек үстелдің ашылуында басқарманың бас маманы Р. Жанкулов сөз алып, қатысушыларды жиналыстың мақсатымен таныстырып, белсенді қатысып отыруларын сұрады.
Сыбайлас жемқорлық сөзі латынның «сorruptio» деген сөзінен шыққан. «Параға сатып алу, пара» деген мағынаны білдіреді Аталған Заңның 2 бабында мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіліктерін өзгеше пайдалануы, жеке артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады делінген.
 Сыбайлас жемқорлықтың ерекешелігі оның тым жасырындылығында жатыр. Өйткені ол екі жақты «құпия мәміле» ретінде жүргізіліп, оның ашылуына   екі тарап та мүдделі болмайды.
Өкінішке орай, жемқорлық індетінің елімізде асқынып бара жатқаны алаңдатады. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамның барлық бастауларына, мемлекеттің барлық конституциялық негіздеріне қауіп төндіретін, сондықтан оған қарсы күресті жалпыұлттық деңгейде жүргізу елбасы жолдауында да атап көрсетілген. Қоғамның қалыптасуы үшін өзге шаралармен қатар, өкімет пен басқарудың барлық деңгейінде жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік акциялар өткізу қажет.
Қорытынды сөзде – сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді алдын-алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзіреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден департаменттері мен қаржы полициясы мен органдардың қатысуымен жүзеге асырылатыны айтылды.
Жиналысқа қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар тиісті жауаптармен қанағаттандырылды.
 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық Әділет басқармасы