Елбасы Жолдауы – ел қамы

               Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 11-ші жұлдызында Атырау облысы Махамбет аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Елбасы Жолдауы – ел қамы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің  Қазақстан  халқына Жолдауын  насихаттау мақсатында селолық округтың бас мамандарымен, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, аудандық басқарманың мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Төрағалық етуші Махамбет аудандық Әділет басқармасының бастығы С.Б.Тұрғарин.

         Күн тәртібінде Жолдауды насихаттаудағы атқарылып жатырған мәселелер  қаралды.
         «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында еліміздің 2008 жылы қол жеткізген табыстары мен атқарылған жұмыстары, алда 2009 жылғы міндеттер белгіленген. Оны бүкіл ел газет-журналдан, теледидардан, көріп-біліп отыр. Бастысы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығудың жолын іздестіру. Елбасы Жолдауында көрсетілген халықтың әл-аухатын арттыру, тұрмыс-жағдайын жақсарту мақсатында біздің ауданымызда атқарылып жатырған істер аз еместігін айта кетті. Қазіргі дамуымыз – 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасын толықтырып, сол мақсатты айқындай түсетіндігіне еш күмән жоқ. Әсіресе, Жолдауда ынтымақ, бірлік, татулық жайлы айтқан жүйелі сөзі көпшілік көкейіне қонады. Мемлекет басшысы тек қана экономиканың , бизнестің дамуына ғана емес, барлық саланың да осындай дағдарыстан шығудың жолдары айқындалып, үлкен қаржы бөлінгенін атап көрсетті. Енді соны ысырап қылмай, орнымен пайдаланар болсақ, ол да бір дағдарыстан шығудың жолы болары сөзсіз.
         Жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу – төл міндетіміз. Ендеше, бүкіл ұжым болып бұл дағдарыстан өз біліктілігімізбен, игілікті істерімізбен шығатынымызға сенім мол. Ел үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді. Бұл Жолдау біздің бағыт-бағдарымызды айқындап, ертеңге деген сенімімізді нығайта түсті.   
         Дөңгелек үстелдің соңында төрағалық етуші С.Тұрғарин: Халқымызда «Туы бірдің – түбі бір» дегендей, барша Қазақстандықтардың алдағы күндерге деген наным-сенімін нығайтатын  Махамбет  ауданының  тұрғындары да дағдарысты бірлесе еңсеруге   жұдырықтай жұмылуда. Елбасымыздың саяси көрегендігі мен сарабдал саясаты дағдарысты жеңудің негізі болатынына  сенімдіміз! деп дөңгелек үстелді жабық деп жариялады.
         Дөңгелек үстел барысында қойылған сұрақтарға тиісті нақтылай жауаптар қайтарылып, өз дәрежесінде өтті.
                  

         Атырау облысы Махамбет аудандық Әділет басқармасы