ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ.

           Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Себебі, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

      Елбасы мемлекеттік құрылымдардың сәйкесінше тиімді және бағытталған жүмысты күтеді. 2005 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы күрестің негізі болып табылады. Оның жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының өзекті мәселесі. Бұл бағдарламаның басты мақсаты–мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институтары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
  Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық әр түрлі сипатта болады. Соның ішіндегі ең қауіптісі – парақорлық. Әрине сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу ымырасыз, тоқтаусыз және барынша қатал түрде жүргізілуі тиіс.
 
 
Атырау облысының
Исатай аудандық ХҚКО-ның
қызмет көрсету залы
бастығының орынбасары:
Ержанова Қарлыға Муратқызы