Сұрақ 18272
Сұрақ:
Облысымызда халыққа қызмет көрсетілетін мекемелерде, қызмет көрсетілу сапасы төмен және дерекі. Барған әрбір адаммен жұмыс жасау қабілеті төмен және қиын.
Жауабы:
Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО) кеңесшілері лауазымына жоғарғы білімімен еңбек өтілі жоқ тұлғалар, ал ХҚО инспекторы лауазымына бітпеген жоғарғы, орта арнайы білімдерімен еңбек өтілі жоқ, әдетте, колледжер мен Жоғарғы оқу орындарын бітірген студенттер қабылданады.
Бүгінгі күні, соған қоса жұмыс өтілі жоқ кадрларды жұмыспен қамту мәселесі де шешілуде, ал басқа ұйымдарда біліктілікке, қызметкерлердің жеке қасиетіне, сондай-ақ осы салада 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуына жоғары талаптар қойылады.
Қазіргі уақытта ХҚО қызметкерлерінің кәсіптік дәрежесін жоғарлатуға үлкен көңіл бөлінуде, атап айтқанда, кәсіптік дайындықтың, құқықтық мәдениеттің және қолданыстағы заңнама нормаларын білу дәрежесін анықтау үшін ХҚО қызметкерлерін тестілеу жүргізіледі.
Осы шаралар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіптік және этикалық дәрежесін айтарлықтай жақсартады.

.jpg)




