Сұрақ 48829

 

Сұрақтары:
Нурсултан Абишулы! ХҚКО –н болашағы бар ма?
Жауабы:
Қазіргі уақытта, елімізде 316 Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) жұмыс атқаруда, және олар арқылы 55 мемлекеттік қызметтердің түрі көрсетіледі.
ХҚКО-ды қалыптастыру мен олардың қызметінде тиімділікті қамтамасыз етудің бастапқы кезеңдегі міндеттері Әділет министрлігі толық көлемде орындағандықтан, халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және ХҚКО-дың қызметін үйлестіру мақсатында ХҚКО-ды жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру туралы шешім қабылданды.
Болашақта әкімдіктер қосымша ХҚКО-ларды ашу қажеттілігі туралы мәселені тиімді де ұтымды түрде қарастыратын болады, ХҚКО-ды орналастыруға жағдай жасау, оларды жайғастыру мәселелерін шеше алады және ХҚКО-дың күнделікті қызметіндегі мәселелерді шешуге мүмкіндіктері бар.