Сұрақ 51468

 

Сұрақ:
ЦОН кызметкерлерiнiн айлыгын котермейсiзба. Сонда жемкорлыкта азайды 20000 тенге мен кун кору мумкiн емес. Казiргi танда ен корупционыи орган болып тур. Соны азайту керек. Соганда назар аударыныз?
Жауабы:
«Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен ұсталатын мекемелердің, қазынашылық мекемелердің жұмыскерлерінің еңбек ақысын төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен азаматтық қызметшілердің жалақыларын төлеу жүйесі бекітілген.
Азаматтық қызметшілері жалақыларының деңгейі бекітілген азаматтық қызметшілерге жалақы төлеу жүйесімен келісілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 7 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен ұсталатын мекемелердің қызметкерлерінің жалақысы 2010 жылы 25% және 2011 жылы 30% көтерілетін болады.