Сұрақ 66708

 

Сұрақтары:
ҚР президенті Н.А.Назарбаевқа Сұрақ: Халыққа қызмет корсету орталықтары 2009 жылы жергілікті әкім аппаратының басқаруына өтуі жоспарланған, сол жоспар іске асуы мүмкін бе? өткен жағдайда кандай өзгерістер болады? Кімнен: ОҚО Сайрам ауданының ХҚКО қызметкерлері.
Жауабы:
Қазіргі уақытта, елімізде 316 Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) жұмыс атқаруда, және олар арқылы 55 мемлекеттік қызметтердің түрі көрсетіледі.
ХҚКО-ды қалыптастыру мен олардың қызметінде тиімділікті қамтамасыз етудің бастапқы кезеңдегі міндеттері Әділет министрлігі толық көлемде орындағандықтан, халыққа қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру және ХҚКО-дың қызметін үйлестіру мақсатында расында, ХҚКО-ды жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру туралы шешім қабылданды.
Болашақта әкімдіктер қосымша ХҚКО-ларды ашу қажеттілігі туралы мәселені тиімді де ұтымды түрде қарастыратын болады, ХҚКО-ды орналастыруға   жағдай жасау, оларды жайғастыру мәселелерін шеше алады және ХҚКО-дың күнделікті қызметіндегі мәселелерді шешуге мүмкіндіктері бар.