38014

 

Құрметті Президент мырза!
Қазақстан ғалымдарының ойлап – тауып жатқан дүниелері көп – ақ, соларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік патент ала алмай жүрген ғалымдар көп. Осындайларды қаржыландырып, қадағалайтын нақты бір орган құру қажет емес пе?
 
Жауап
 
         Қазақстан ғылымының өркендеуіне алаңдаушылық білдіргеніңізді құптай отырып, Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» заңының (бұдан әрі – Заң) 1 бабына сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде инновациялық қызмет саласындағы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, табылатынын және инновациялық қызметті қолдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғам түріндегі ұйымдастырушылық - құқықтық нысанда құрылған заңды тұлғалар – иннновациялық даму институттары бар екенін есіңізге саламыз.
Сонымен қатар аталған Заңның 5 бабына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі нысандарда:
 1) инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар беру;
 2) инновациялық даму институттары арқылы инновациялық дамыту шаралары кешенін қаржыландыру;
 3) қаржыландыру сомаларын қайтару не бастапқы құны бойынша сатып алу мүмкіндігі болатын қайтарым негізінде инновациялық жобаларды қаржыландыру;
 4) инновациялық жобалардың мемлекеттік ғылыми-техникалық, экономикалық және қажет болған жағдайда, экологиялық сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асырылады.
Көрсетілген (инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі) іс - әрекеттерді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі мен оның иннновациялық даму институттарының құзіретіне жатады.
         Ал, Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» заңының 3 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi Ережесінің 3 бабының 13) тармақшасына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінің және оның құрамына енетін Зияткерлік меншік құқығы комитетінің міндеті болып табылады.