17375

 

Самалхан Касивхан .
Ассалаумағалейкум,Елбасы! Сіздің жүйелі саясатыңыз бен көрегенділігіңіздің нәтижесінде мен өз отбасыммен тарихи отаным Қазақстанға 2009-жылдың 8-айында Монғолия мемлекетінен көшіп келдім. Шеткеріде қалған қазақ азаматтарын ұмытпай, өз Отанына жинап жатқан сізге алғысым шексіз. Қазіргі таңда елге ептеп орналасып, етек-жеңімізді жинап жатырмыз. Бірақ көш оңайлықпен іске асып жатқан жоқ. Осында келгелі тап болған қиыншылықтарымның бірі құжатбастылық. Атап айтсам, әрбір құжатты аудартуға кетететін соманың көптілігі. Бір құжатты аудартып, нотариаландыруға шамамен кем дегенде 1000-1500 теңге көлемінде ақша кетеді. Өз басым 6-адамның құжатын кемінде 4-5 реттен аударттым. Оның сыртында жинайтын т.б. құжаттар қаншама. Сонымен, осында орналасып, тіркеуден өтіп құжаттарымды реттегенше қаражатым жетпей қарызданып отырмын. Сонымен бірге, осында 2004 оқуға жіберген екі балам Қазақстан Республикасының азаматтығын алып қоюы себепті квотаға кіргізілмей отыр. Бұған байланысты қандай амалдар қолдануға болады және жоғарыда аталған елге көшіп келуші көпшілікке қол-байлау болып отырған құжатбастылық мәселесіне байланысты не айта аласыз? e-mail: altinbekpin@gmail.com
Жауап: Құрметті Самалхан Касивхан!
Салық Кодексінің 542 бабының 5 тармағына сәйкес (мемлекеттік және жекеше нотариустер) нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде репатрианттар (оралмандар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Сонымен қатар 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық аумақтарында жекеше нотариустермен қатар мемлекеттік нотариустерде халыққа нотариаттық қызмет көрсетуін бастап қазіргі таңда, 1 мемлекеттік нотариустен Астана, Алматы қ., және барлық облыс орталықтарында нотариаттық қызмет көрсетуде. Мемлекеттік нотариусқа төленетін сома жекеше нотариусқа төленетін сомадан анағұрлым төмен .
Мемлекеттік нотариустер туралы ақпарат Әділет министрлігінің www.minjust.kz. ресми сайтында орналастырылған.
Аудармашылар қызметін реттеу және оларға төленетін ақының мөлшері Әділет министрлігінің құзіретіне кірмейтіндігін қосымша хабарлаймыз.
Анықтамалар 8 (71-72) 74-07-86 тел. бойынша беріледі.