20180

 

Алмас Қайратұлы .
Құрметті Елбасы! Соңғы кездерде әділет министрлігі нотариат саласында көптеген өзгерістер енгізуде, ақпарат құралдардарының айтуынша жақында нотариат саласын реттейтін жаңа заң шығады дейді.Еліміздегі нотариат болашағының бастапқы бағыттарын айтып өтсеңіз?
Жауап: Құрметті Алмас Қайратұлы!
Қазіргі уақытта нотариустердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткiзу және олардың орындарын белгілеу тәртібін алып тастауға және мемлекеттік нотариатты одан әрі жандандыруға қатысты «Нотариат туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Әділет министрлігінің ұсынысы қолдау тапты.
Әзірлеген заң жобасының Тұжырымдамасы 2009 жылғы 26 қазанда Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиямен мақұлданды. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарының жобасына енгізілді.