32144

 

Зәира Абылайханова .
Құрметті ел басы ата бабамыздың аманат етіп кеткен осынау Қазақ деген жеріне үлес қосып алыс-жақыннан қандас бауыларыңызды өз ата мекенне қоныс аударуына зор үлес қосқаныңызға алғыстан басқа айтарым жоқ.алланың нұры жаусын сізге!!! "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген ата сөзін ескере отырып Елім деп еңіреп келіп жатқан қандас бауырларыңыз Қазақ елінің азаматтығын алу барысында таяу арада шыққан "Қытай Халық Республикасының құзырлы органдарына өтініш" туралы заңы бойынша быраз ауре сарсаңға түсіргеннін көріп отырып айтпасқа болмады.бұл заң шыққалы бір айдың жүзі болды (әр адам басына нотариус 1000т яғыни мың теңге алады) бір семьяда 5-10 жан сан болса бұндай көп қаржыны қалай өтемек? Қазақстанға көшіп келу құжаттарын жасату барысында оралмандар Қытай Халық Республикасына өтініш жазады, енды бұл өтінішті қайта жолаудың керегі шамалы, өз еріктерімен көшіп келіп ерікті түрде азаматтық алып жатқан қандастарымыздың жолына бөгет, аяқтарына тұсау болып отыр.Ел басы болған сізге құағдар етпесем қазағым қалай көктемек. Сізден сұрайтыным: Өз елім, ата-мекен жерім деп келген Қазақтардың азаматтық алу барысындағы құжаттарды азайтуға болама? қандай жеңілдіктер бересіз??? ҚХР құзырлы органдарына өтініш жазудың қаншалықты маңызы бар? Ерекше сол өтінішті қысқартуыңызды сұраймын. Бұл мемілекетке де келіп жатқан оралмандарғада тиімды болар еді.
Жауап: Құрметті Зәира Абылайханова!
Салық Кодексінің 542 бабының 5 тармағына сәйкес (мемлекеттік және жекеше нотариустер) нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде репатрианттар (оралмандар) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық iс-әрекеттерi бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
Сонымен қатар 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық аумақтарында жекеше нотариустермен қатар мемлекеттік нотариустерде халыққа нотариаттық қызмет көрсетуін бастап қазіргі таңда, 1 мемлекеттік нотариустен Астана, Алматы қ., және барлық облыс орталықтарында нотариаттық қызмет көрсетуде. Мемлекеттік нотариусқа төленетін сома жекеше нотариусқа төленетін сомадан анағұрлым төмен .
Мемлекеттік нотариустер туралы ақпарат Әділет министрлігінің www.minjust.kz. ресми сайтында орналастырылған.
Анықтамалар 8 (71-72) 74-07-86 тел. бойынша беріледі.