42518

 

Абдулрауф Бүктел .
Құрметті Президент мырза. Мен Германияның Кельн қаласының тұрғыны Түркия азаматы - этникалық қазақпын. Жасым - 63 те. Мен 1992 жылы онсыз да бұғанасы қатпаған Ел үкіметіне салмақ артпайын деп, кейін зейнеткерлікке шыққанда Ата жұртқа оралам деген ниетпен Талғар ауданы, Белбұлақ ауылынан үй сатып алдым. Алайда 2007 ж. осы үйді Талғар ауданының соты менің сыртымнан жасалған жалған сенімхат негізінде басқа адамдардың аттарына аударып берген: № -2-290\07 іс.13.02.2007. Сот төрағасы Ж.М.Қадырханов. Ал менің қолымда 2006 жылы жаңа талаптар бойынша рәсімделген үйдің толық құжаты, Жерді пайдаланудың мемлекеттік актісі толығымен бар. Мені сотқа шақыртпастан әрі сенімхатты тексерместен сот заңсыз шешім шығарған. Мен бұны 2009 жылы естіп, адвокат арқылы сотқа шағымданғанымда Алматы қаласы №0000013 25.04.1998 жылдан лицензиялы нотариус М.А.Абина кеңсесінде жасалған жалған сенімхат екендігі анықталды. Себебі сенімхат береліген уақытта менің ҚР аумағында болмағанымды Германиядағы жұмыс орнымнан берілген анықтама қағаз бен төлқұжатымдағы кедендік мөр және қойылған қолдың менікі еместігін сот-сараптамасы да дәлелдейді. Міне, осыған қарамастан 2009 жылы істі қараған Т.В.Окунева алдыңғы сот шешімін бұзуға дәлелдер жеткіліксіз дейді. № 2-290 2009.28.07 іс. Құрметті Президент, Сіздің араласуыңызбен соттың әділетсіздігі және қандастарымыздың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылады деп сенім білдіремін. Құрметпен, Абдулрауф Бүктел. Германия
Жауап:Құрметті Абдулрауф Бүктел!
Сіздің жекеше нотариус М. Абинаның нотариаттық іс-әрекетіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентімен болған тікелей эфирге жолдаған арызыңызды қарау шеңберінде Алматы қаласының Әділет департаменті мен Нотариаттық палатасына арызда келтірлген деректерді аталған нотариуске қатысты бөлігінде қысқа уақытта тексеру тапсырылды.
Сот шешіміне жоғары тұрған сот инстанциясына немесе Бас Прокуратураға шағым келтіруге болады.
Арызды қарау нәтижесі бойынша Сізге қосымша хабарланатын болады.
Анықтамалар 8 (71-72) 74-07-86 тел. бойынша беріледі.