5611

 

Айдаров       
Ақсу қаласынан. Мен әйелім және қызым инвалидтер, 400 мың теңгелі үйді сатып жібергем, әйелімді алдап, ол үй 50 мың теңгеге келеді деп, нотариус біліп тұрып заңсыз рәсімдеу жіберді, ол нотариус прокурордың әйелі. Сатушы тығылып жүр бізден, ал полиция прокурор, сол әйел жағында деп өзім ойлайм. Сол әйелді табу керек! Сотқа беріп едім іздейміз деп жатыр, шешімін шығарды, бірак ешқандай нәтижесі жоқ. Осындай өтініш.
Жауап: Құрметті Айдаров!
Өкінішке орай, қойылған сұрақта нотариаттық қызмет көрсеткен нотариустің аты-жөні және бастысы кімдердің арасында болғаны яғни, сатушы мен сатып-алушының аты-жөні көрсетілмегендіктен, қандайда бір тексеру жүргізуге тапсырма беру мүмкін болмай отыр. Әдетте, қандайда бір мүлікті сату барысында оның құнын, бағасын нотариустің айтуымен емес, сатушы мен сатып алушының өзара келісуімен белгіленеді. Нотариустің, сатушы мен сатып алушының аты-жөні және өзге де мән-жайларды көрсете отырып Сіз тұратын аумақтағы облыстық Әділет департаментіне немесе тікелей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне (010000, Астана қ., Есілдің сол жағалауы,  «Министрліктер үйі», Орынбор көш., 8)  арыз жолдай аласыз.
Анықтамалар 8 (71-72) 74-07-86 тел. бойынша беріледі.