SMS 143700|63383

 

SMS  
код: 143700/ 63383
 
Сұрақ: Мемлекеттік адвокаттарға қандай өзгеріс, жоспар бар?
 
Жауап: қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік адвокат деген ұғым жоқ.
Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
Адвокатураға қатысты өзгерістер мен жоспарларға келсек Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына негізделген адвокаттық қызметті дамытудың салалық бағдарламасын дайындау жоспарлануда.
Бұл бағдарламада:
- адвокаттар жауапкершіліктерін сақтандырудың міндеттілігі;
- адвокаттар алқаларының мәртебесін айқындау және ұйымдастыру қызметін жетілдіру;
- адвокаттар алқаларының азаматтарға құқықтық көмек көрсетудегі қызметін  заңнамалық регламенттеу және мемлекеттік бақылаудың түрлерін реттеу;
- құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес адвокаттардың қылмыстық және азаматтық процестердегі беделін нығайту мен жетілдіру;
- адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерлерге талапты күшейту;
- тағылымдамадан өту жүйесін және тағылымдамадан өтуші беделін жетілдіру қарастырылады.
Сонымен қатар, адвокаттық қызметті жетілдіруге бағытталған салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша Заң жоба дайындау жоспарлануда.