7721
автор – Жанна Бектай
2009 жылдан бастап елімізде Республика күні енді тойланбайды. Неге? Еліміздің егемендігін жария еткен күні жалпы Қазақстан Республикасы азаматтарының патриоттық сезімін одан ары арттыруы үшін бұл мерекенің үлесі зор еді. Жастар арасында бұл өте маңызды мереке болған. Жарайды, Науырызды енді үш күн қатарынан тойлайтын боламыз, шілдеде Астана күнін мерекелейміз, дегенмен Республика күнді алып тастағаны өте өкінішті. Патриоттық рухын көтеретін мерекелер сәл-ақ, – Конституция күні мен Тәуелсіздік күні. Тағы бір патриоттық маңызы бар мереке артық болмайды деп ойлаймын. Республика Күнін мемлекеттің ресми мерекелер қатарына қайта еңгізуіңізді өтінемін.
Рахмет.Ізгі ниетппен, Жанна Бектай
Жауап
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңымен мемлекеттік мерекелер тізбесінен 25 қазандағы атап өтілетін Республика Күні алып тасталды. Себебі осы мереке Қазақ ССР Жоғарғы Советі 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларацияны қабылдауына байланысты болған. Осы құжаттың тарихи маңыздылығы болса да, ол Қазақстанның ССР Одағының шеңберінде егемендік құқықтарының көлемін кеңейтетін тек аралық акт болып табылады, өз кезегінде бұны жаңа мемлекет құрылуы деп толық атауға болмайды.
Жазылғанды ескере отырып, бұл күн біздің мемлекетіміздің тарихи ескерткіш күні ретінде қалуы тиіс.

.jpg)




