32528
Отырған бұрынығы тамы 2002 өртеніп кетті. Мен жаңғыз басты анамын. Балық комбинатта ұзақ жылдар бойы жұмыс істедім, қазір зейнеткермін. Әкімшілікке үй сұрадым, Мақатев көшесі № 6 квартираны берген болды. Соны мен зандастырылмай жүрмін. Көмек көрсетуді өтінемін. Арал қ.
Жауап: Қойған сұрағыңызда пәтердің меншік құқығын ресімдеуге кедергі болып жүрген себептер көрсетілмеуіне байланысты, толық көлемде нақты жауап қайтаруға қиыншылық туып отыр. Соған қарамастан, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушының кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен заңда белгіленген шарт бойынша және тәртіпте тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар. Аталған тұрғын үйді жекешелендіру мәселесі бойынша әкімшілік пен жергілікті жердегі тұрғын үй қатынастары басқармасына бауды ұсынамыз. Қолыңызда тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттар болған жағдайда, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғын үйді мемлекеттік тіркеуден өткізе аласыз.




