47778

 

Сұрақ: Еліміздің құжаттар тіркеу жұмысы Халыққа қызмет ету орталықтары (ЦОН) арқылы үлгілі түрде жүзеге асырылады. Өкінішке орай, жерді сатып алынуына байланыста мемлекеттік актілерге өзгерістерді тіркеу РМК "МемЖер ҒӨО" (РГП "ГосПНЦзем") арқылы ғана жүзеге асырарлады. Соның салдарынан, мен өткізген 2 көршілес жер учаскесі сатып алу құжаттымның біреуі 2009 жылдың 4 қыркүйегінен бастап сол мекемеден шықпай жатыр. Бір учаскенің актісі тек қана бір апта бұрын ғана шықты. Сол мекеменің қызметкерлерінің айтуынша: "2-ші учаскенің құжаттары Астана қалсының жер Басқармасында (УЗО г.Астаны) қозғалмай жатыр". Сол басқарманың Татиев деген орынбасарының айтуынша: "учаскенің актісін тіркеу басқарманың қызметіне кірмейді". Менің түсінбейтінім, өткен аптада көршілес учаскенің құжаты тіркелгенде, неге сол учаскеге көршілес басқа учаскенің тіркеуі,1 апта аралығында, осы Басқарманың қызметіне кірмей қалды?
Атап өткен 2 учаскені еріккеннен сатып алған жоқпыз. 2006 жылы тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін менің 4 баласы бар ұлым, үлескер болып, ақша салған үйі бұгінгі күнге дейін салынбай тұр. Құдайға шүкір, сол құрылыстан қайтарып алған ақшаға жер сатып алып едік. Енді актілердің шықпауының кесірінен, сатып алған жерімізге үй салуға рұксат ала алмай жүрміз.
Жауап: Сіздің өтінішіңізде «МемЖер ҒӨӨ» РМК және Астана қаласының жер қатынастары жөніндегі басқармасының іс-әрекеттері заңсыз деп көрсетілген.  
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының                 14) тармақшасына сәйкес жер қатынастары жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау орталық уәкілетті органның құзыретіне жатады. Осыған байланысты Сізге Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агентігіне жазбаша түрде өтініш білдірулеріңіз қажет (Агентіктің мекен-жайы: Астана қаласы, Сол жағалау, «Министірліктер үйі», Орынбор к., 8, кіреберіс 12).