34964

 

Мен жеке куәлік істей алмай жүрмін! Менің пропискам жоқ сондыктан істей алмай жүрмін! Мен комек сұраймын!
Ответ:
Жеке куәлікке құжаттандыру үшін тұрақты тіркелу қажет. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесін әділет органдарымен қолдану бойынша Нұсқаулыққа сәйкес азаматтарды тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
Осыған орай, Сіз жоғарыда аталған ғимараттардың бірінде меншік иесінің (жалға алушының) жазбаша келісімі бойынша тіркеле аласыз.