37571

 

Өзбекстаннан келген оралманмын, Тараз қаласының Құмшағал ауылына қарасты саяжайлардан дача алғанбыз, сол жерде тұрып жатырмыз, бірақ тіркеу пропискамыз туыcқандарда, біз саяжайларда прописка ала аламыз ба, заңды түрде қарастырылмай ма? Қаладан үй алуға жағдаймыз жоқ?
Ответ:
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесін әділет органдарымен қолдану бойынша Нұсқаулыққа сәйкес Сіз бау-бақшада тіркеуге тұра аласыз. Тіркеуге тұру үшін Сіз Тараз қаласының Әділет басқармасына саяжай учаскесіне меншік құқығын растайтын құжаттарыңызбен жүгінуіңіз қажет.