39599
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Әйелім Дүйсенбиева Дина, 1956 жылы Оң түстік Қазақстан облысында туылған. СССР Төлқұжаты болған. Бірақ оны жоғалтып алды. Қолында тек қана Туу туралы күәлігі бар. Жаңа удостоверение шыққанда біз оны түрлі себептермен ала алмадық. 2007 жылы Шымкент қаласындағы Паспортный столға (төлқұжат беретін жер) бардық. Олар Президенттің жардлығымен Төлқұжат беру тоқтатылды деп жауап берді бізге. Бүгінгі күні бұрын алмаған Қазақстан азаматтарына төлқұжатын алуға бола ма? Және оның жолдарын айтыңызшы?

Ответ:
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқын құжаттандыру және тіркеу Ережесін әділет органдарымен қолдану бойынша Нұсқаулыққа сәйкес 1974 жылғы үлгідегі паспорт негізінде құжаттандырылу үшін Сізге жеке басты куәландыратын құжаттарды уақтылы алмау себептерін, жоғалтқан паспортыңызды алған жерін көрсете отырып жазбаша арыз, түсініктеме, тұрғылықты жеріңізде тіркелгеніңізді растайтын азаматтарды тіркеу кітабы; жеке куәлікке немесе төлқұжатқа төленген баж салығының түбіртегі; әскери міндеттілерге әскери билетін ұсына отырып, тұрғылықты жеріңіздегі Әділет басқармасына жүгінуіңіз қажет