40137
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, қазіргі кезде елімізде жаңа биометриялық куәліктер берілуде. Ол құжаттар әрине жақсы. Бірақ біз үшін Қырғызстан сияқты мемлекеттерге шыққан кезде көптеген қиыншылықтар туғызуда. Себебі ол елде биометриялық куәліктерді тексеретін құрылғылар жоқ. Ондай жағдайда не істеу керек?
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл ауылы; С.Сейфуллин 14
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл ауылы; С.Сейфуллин 14
жауап:
Қазақстан Республикасы азаматының электрондық тасымалдағыштары бар жеке куәлігінің үлгілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен бекітілген. Жеке куәліктердің электронды ақпарат тасымалдағыштарына жеке куәліктің көрнекті (визуалды) бөлігіндегі ақпараттар (сандық фотосурет, тегі, аты, әкесінің аты, туған кезі, куәліктің жарамдылық мерзімі және т.б.) енгізіледі. Сол себептен, электронды тексеру құралдары болмаған жағдайда, жеке куәліктің көрнекті бөлігіндегі ақпараттар азаматтың жеке басын анықтауға толық мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен Қырғызстан және Ресей Федерациясының Елшіліктері Қазақстанда жаңа үлгідегі электронды жеке куәліктер енгізілгені туралы хабардар етіліп, шекарадан аталған құжаттар негізінде өту мәселелері бойынша қосымша кездесулер өткізілді.
Осыған орай, бүгінгі таңда электронды жеке куәлікпен мемлекеттік шекарадан өту бойынша проблемалық мәселелер шешімін тапқанын хабарлаймыз.




