40359
1)Мен бұл сұрақты Әділет министрлігінің ресми сайтына жолдаған болатынмын (23.10.2009 ж. /09:08:09/ Код - 3497). Алайда, сұрақ қабылданған күннен бастап 12 күн ішінде жауап беріледі дегенмен, санаулы күн өткенде әлгі сайттан тіпті, жолдаған сауалымыздың өзін таппай қалдық.
2)Жолдасымның жасы 25-ке толуына байланысты жеке басын куәландыратын жаңадан шығарылған электронды төлқұжатқа ауыстырды. Алайда, онда «ұлты» деген қазақша сұраққа «КАЗАШКА» деп орысша жауап берілген. Алақандай төлқұжатта одан өзге де қисынсыз жазылған орысшалар да кездеседі (мұның алдындағы «жәй» куәліктер (электронды емес) толық қазақша толтырылған болатын). Бұл «келеңсіздік» біздің көңілімізге өте ауыр тиді. Ұлттық құндылығымыз ұсақталып, адами құқымыз тапталып жатқанына қатты қынжыламыз. Тіпті, мазаққа ұшарып отырғандаймыз. Осыған орай Сізден сұрайтынымыз, Тәуелсіз ел, тұтас мемлекет ретінде осы электронды төлқұжатты нағыз ұлттық нақышпен безендіріп, мақтанышымызға айналатындай куәлік етіп жасай аламыз ба?!. (Бір өтініш, «бұған заманауи техникалық мүмкіндігіміз жетпейді» деген секілді «сырғытпа» жауап берілмесе деймін).
3)Бес жыл бұрын отбасын құрғанымызда әйелім менің тегімді қабылдауға қарсы болмады. Ал біз осы жылы «2008-2010 жылдарға арналған мемлкеттік тұрғын үй бағдарламасы» бойынша құжат тапсырдық. Астанадағы балабақшада тәрбиеші болып қызмет істейтін жолдасым «Жас отбасы» категориясына ілінді. Осы жылдың наурыз айында бағдарлама бойынша құжат тапсырғанда әйелім бұрынғы тегінде болатын. Ал қыркүйекте құжатымен бірге тегі де өзгерді. Сонда, ертең бағдарлама нәтижесі жарияланып, оған менің жолдасым ілінген жағдайда оның тегінің өзгергендігінің кері әсері бола ма екен?!. Оның өзгергендігін бізқалай дәлелдейміз?Алдын-аларахмет! Н.ДОСЫБАЙ
Астана қаласының тұрғыны




