62778
СҰРАҚ № 62778.
16 желтоксанға қарсы рахымшылық болама?
ЖАУАП: Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі -Конституция) 61-бабына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде рақымшылық жасау мјәселелерін шешеді.
Қылмыстық кодекстің 76-бабымен ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайтындығы белгіленген
Сонымен бірге, 2009 жылы рақымшылық актісін қабылдау жоспарланбағандығын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Қылмыстық атқару кодекстің 68-бабына сәйкес жазаны өтеуден босатудың негiздерi мыналар болып табылады: жазаны өтеуден шартты-мерзiмiнен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру, кешiрiм жасау, сотталған адамның мүгедектiгi немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы бекiтетiн тiзбеде көзделген сырқаты және заңда көзделген өзге де негiздер екендігін түсіндіреміз.




