64924
Сұрақ № 64924
Құрметті Нұрсүлтан Әбішұлы !
Астана қаласының кұрылыс жобасына қатысып «Ақорда»,Үкмет үйі, Жоғарғы сот ғимараты, М-1 көпір жәнеде көптеген ғимараттарға еңбегі сіңген сәулетші Тортаев Арапбай Сейтжанұлы мансарды қабатын салып, арзан пәремен халқықты қамтамасыз етуде сатсіздікке ұшырап, 10 жылға бас бостандығынан айырылып жазасын өтеуде, сәулетшінің еңбегін ескере отырып сіздің тарабыңыздан жеңілдік боладыма. Асақұрметпен Тортай Байғұтты Сейтжанұлы.
ЖАУАП:Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі -Конституция) 61-бабына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде рақымшылық жасау мәселелерін шешеді.
Қылмыстық кодекстің 76-бабымен ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайтындығы белгіленген.
Сонымен бірге, 2009 жылы рақымшылық актісін қабылдау жоспарланбағандығын хабарлаймыз.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 70-бабы 1-бөлімінің талаптарына сәйкес (бұдан әрі – ҚР ҚК), бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, дербес ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын сотпен босатылуы мүмкін.
ҚР ҚК 70-бабы 3-бөлімінің талаптарына сәйкес жазадан шартты түрде-мерзiмiнен бұрын босату сотталған адам:
а) кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;
б) ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
в) аса ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.
Белгіленген мерзімдер келгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабының 9-тармағына сәйкес түзеу мекемесінің әкімшілігі жазаны өтеуден шартты-түрде мерзiмiнен бұрын босату, не одан бас тарту туралы мәселені бiр ай мерзімде қарауға және қолдау хат шығаруға мiндеттi, ол кейіннен сотқа енгізу үшін прокурорға жiберiледi.
Сонымен қатар, Қылмыстық атқару кодекстің 68-бабына сәйкес жазаны өтеуден босатудың негiздерi мыналар болып табылады: жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру, кешiрiм жасау, сотталған адамның мүгедектiгi немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органы бекiтетiн тiзбеде көзделген сырқаты және заңда көзделген өзге де негiздер бар екендігін түсіндіреміз.




