ҚР Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 Қаулысы
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 385-құжат
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 қаулысына қосымша
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева Зағипа - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Яхияқызы министрi, төрайым
Қосдәулетов Дулат - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Рашитұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары
Жұмағұлов - Әдiлет министрлiгi Заңнама
Ерлан Әскерұлы Департаментiнiң директоры, хатшы
Комиссия мүшелерi
Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Iлияс Жақыпбекұлы Прокурорының бiрiншi орынбасары
(келiсiм бойынша)
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)
Райымбеков - Қазақстан Республикасының Жер
Қаналбек Өтжанұлы ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары
Мәуленов - Мемлекет және құқық институтының бас
Қасым Сарыбайұлы ғылыми қызметкерi, профессор, заң
ғылымдарының докторы (келiсiм бойынша)
Сүлейменов - Қазақ гуманитарлық заң университетi жеке
Майдан Күнтуарұлы құқық ғылыми-зерттеу институтының
директоры (келiсiм бойынша)
Қаудыров - "Әдiлет" Жоғары құқық мектебiнiң
Төлеш Ерденұлы азаматтық құқық және iс жүргiзу
кафедрасының меңгерушiсi, кафедра
профессоры, заң ғылымдарының докторы
(келiсiм бойынша)
Стамқұлов - Қазақстан Республикасының
Үбайдолла Мырзағалиұлы Конституциялық Кеңесiнiң мүшесi, заң
ғылымдарының кандидаты (келiсiм бойынша)
Уақпаев - Қазақстан Республикасының Парламентi
Марат Сұлтанұлы Сенатының Аппараты Сараптама бөлiмiнiң
меңгерушiсi, заң ғылымдарының кандидаты
(келiсiм бойынша)
Ихсанов - заң ғылымдарының кандидаты, профессор
Ордағали Қажығалиұлы (келiсiм бойынша)
Ихсанов - заң ғылымдарының кандидаты
Ерлан Ордағалиұлы (келiсiм бойынша)
Башымов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Марат Советұлы жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi
комиссияның Сараптамалық-консультативтiк
кеңесiнiң мүшесi (келiсiм бойынша)
Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия
және сауда вице-министрi
Әлiмбеков - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Мұсабек Тұрғынбекұлы азаматтық iстер алқасының төрағасы
Бiрәлиев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әлжан Хамидолаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Скрябин - "Қазақстан Республикасының Заңнама
Сергей Васильевич институты" жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгiнiң директоры
Супрун - Қазақстан Республикасының
Виктор Васильевич Парламентi Мәжiлiсiнiң
Аппараты Басшысының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Тәжияқов Бисенғали - Ұлттық Банк төрағасының орынбасары
Шамғалиұлы
Әлiмжанов Сұлтан - Қазақ гуманитарлық-заң университетi
Дастанбекұлы Құқықтық қамтамасыз ету және сараптама
орталығының директоры
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының
Нұрлығайым Шалданқызы Парламентi Сенатының депутаты
(келiсiм бойынша)
Уақпаев - Қазақстан Республикасының
Марат Сұлтанұлы Парламентi Сенатының Аппараты
сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi
(келiсiм бойынша)
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрi
Құрманов - Қазақстан Республикасының
Алмас Мұхаметкәрiмұлы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi
Мусин - Қазақстан Республикасының
Қобыланды Нұрғалиұлы Туризм және спорт вице-министрi
Саудабаев - Қазақстан Республикасының
Дәулет Советұлы Қаржы вице-министрi
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының
Дүйсембай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар вице-министрi
Үкiбаев - Қазақстан Республикасы
Ермек Елеуханұлы Республикалық ұланы
Қолбасшысының бiрiншi
орынбасары (келiсiм бойынша)
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкi Төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Ескерту. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2005.02.02. N 89, 2005.05.23. N 493, 2005.11.25. N 1165, 2006.03.15. N 172, 2006.09.07. N 846, 2007.03.20. N 217, 2007.10.05. N 905 қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 3 тамыздағы
N 828 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық
комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметi
жанындағы консультативтiк-кеңес органы болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының
Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық
кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) қолданыстағы азаматтық заңнаманы талдау;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтiк
кесiмдерiне азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша қажеттi
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi мемлекеттiк органдардың
ұсыныстарын қарау;
3) азаматтық заңнаманы жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсыныстар енгiзу;
4) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
4. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен iс-әрекет жасауға;
2) азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен
ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзуге;
3) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн
(келiсiм бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды
мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртiппен
сұратуға және алуға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
6) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына
төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске
асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның
функциясын орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды даярлауды
және Комиссия отырысынан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссия хатшысы
жүзеге асырады.
Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы
жүзеге асырады, оларды отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия
мүшелерiне жiбередi.
8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың төртiншi
дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де
күндерде де өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы
санының кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2006.03.15. N 172 қаулысымен.
9. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен
уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша
белгiлейдi және нақтылайды.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер,
олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген
болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен
ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда
төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда
жазбаша түрде жазылуы және Комиссия хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
11. Комиссия ұсыныстарын Комиссия атынан Комиссия құрамының кемiнде
жартысының ауызша немесе жазбаша келiсiмi бойынша Комиссия төрағасы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзедi.
12. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшiн
ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары бiлiктi
мамандар тартылуы мүмкiн.
13. Комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде өз жұмысын тоқтатады.

.jpg)




